Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткіздік дегені АҚШ тарапынан 80 пайыз дәйектеліп отыр. Солтүстік Корея атом бомбамыз бар деп бұрын бірнеше рет айтқан, сондықтан Пхеньян 9 қазанда алғаш ядролық сынағымызды өткіздік дегенге халықаралық қауымдастық толық сенген жоқ. Пхеньянның мәлімдемесі басқа бұлақтардан расталған жоқ. Солтүстік Корея сынақты жер астында өткіздік деген.
АҚШ мамандары ядролық сынақ жасалды деп мәлімденген аймақтың маңында әуе сынамаларын алған. Аты жөнін жариялағысы келмеген АҚШ ресми өкілі әуе сынамаларында радиоактивті заттардың қалдықтары табылды, және олар расында да ядролық сынақтан пайда болса керек дейді. Бұл Солтүстік Кореяның ядролық сынақ жасағанын дәйектейтін алғашқы үлкен дәлел. Дәлел сынақ өткізілді деген күннен кейін бес күннен кейін табылды.
Басқа батыс елдері тарапынан Солтүстік Кореяның сынақ жасадық дегені дәйектелген жоқ, олар біржақты қорытындыға әлі келген жоқ. Франция қорғаныс министрі Солтүстік Корея жасаған дүмпудің қуаты өте аз болды, бұл ядролық сынақ болса да сәтсіз өткен деген. Алғашқы зерттеулерде радиоактивті қалдықтар табылмаған. АҚШ ресми өкілі Ассошейтед пресс агенттігіне табылған айғақтар толыққанды сынақтың салдары емес, сәтсіз ядролық ұмтылыстың да салдары болуы мүмкін деді.
АҚШ БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне Солтүстік Кореяны жазалауды көздеген қарардың жұмсартылған жобасын кіргізген болатын. АҚШ әкімшілігі қарар жобасы бүгін дауысқа салынады деп үміт білдіріп отыр. АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұймының елшісі Джон Болтон өткен түні осындай үмітін айтқан.
АҚШ әкімшілігі ресми кіргізіп отырған қаулы жобасы Қытай мен Ресейдің талаптарын ескерген. Олардың айтатындары – Солтүстік Корея қарусыздансын, бірақ дағдарыс келіссөз арқылы шешілсін, әйтпеген жағдайда Солтүстік Корея аймақтағы жағдайды бұзып жібереді-мыс. Резолюция жобасында Солтүстік Кореяға әскери күш қолданылу мүмкіншілігі айтылмайды. Дегенмен Солтүстік Кореяны жойқын қару жасау мүмкіншілігінен айыруға кең көлемді шаралар қарастырылып жатыр.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қаулы жобасын әлі талқылай түсу керек, біраз жайттың басын ашып алу керек деді. Ал АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс келесі аптада Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяға барады, Солтүстік Кореяға ядролық ұмтылысы үшін қысым жасауды қарастырады деп жарияланды.