Accessibility links

Осы аптадағы маңызды деген үш ғылыми жаңалық


Ауғаныстан, Пәкістан, Үндістан және Нигерияда полиемиелит ауруын жою шаралары көп жылдар бойы жүргізілгеніне қарамастан, бұл елдердегі балалар арасында аталмыш дертке шалдыққандар саны жыл сайын артып барады. Халықаралық денсаулық сақтау мамандары алаңдаушылық танытып отырғандай, аталған елдердегі бұл кеселді ауыздықтау әрекетінің сәтсіз болғаны әлемнің басқа елдеріне де өз салдарын тигізуі мүмкін. Өйткені, 1996 жылы Албанияда кең етек алған полиемиелит дерті көрші елдерге де тарап кеткен болатын.

Адамдардың оның ішінде әсіресе, кішкентай балалардың нерв жүйесі зақымданғанда аяқ-қолы қозғалмай қалатын дерт - полиемиелит деп аталады. Оған шалдыққан адам паралич болып, өліп кетуі де мүмкін.

Ал, елге соғыс пен қақтығыстардан қосымша келетін зардаптардың бірі денсаулық сақтау жүйесі болып табылады. Солтүстік Пәкістан мен шығыс Ауғаныстан сияқты қақтығыс аймақтарындағы балалар қажетті вакциналарды ала- алмай ауруға шалдығып, әлсіз күйде қалып отыр.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының полиемиелитті жою жөніндегі комитетінің басшысы әрі Құрама Штаттардағы ұлттық иммунизация бағдарламасының директоры Доктор Стефен Кочидың айтуынша, Ауғаныстандағы Қандағар қаласының маңы полиемиелиттің ең күйіп тұрған жері.

“Бұл дерттің ушығып кетуі - көптеген баланың қажетті әртүрлі вакцина алуын шектеген оңтүстік Ауғаныстандағы жалғасып жатқан қақтығыстың салдары. Осыдан барып, полиемиелит вирусының Ауғаныстанда ауыздықталудың орнына таралып кетуіне жол ашылып отыр”.

Дәрігер Стефен Кочидің сөзіне қарағанда, полиемиелит дерті адамнан адамға жұғу арқылы тарайды,

Біраз жылдардан бері полиемиелиттің кең тараған аймағы солтүстік Үндістан мен солтүстік Нигерия елі. Нигериядағы фундаменталистік ислам өкілдері 2003 жылы полиемиелит вакцинасына байкотт жариялап, оны Құрама Штаттар СПИД вирусын жұқтырып, Нигерия мұсылмандарын ұрпақсыз қалдырмақшы деп айтқан. Бірақ, бір жылдан кейін ол байкот тоқтатылғанымен оның салдары әлі күнге көрініп отыр. Нигерияда өткен жылы бұл дертке 489 адам шалдықса, биыл ол 888-ге көбейген. Ал, Үндістанда полиемиелит ауруы қазірдің өзінде 360-қа жеткен, ол өткен жылғы осындай көрсеткішпен салыстырғанда, 37-ге артып отыр.

Калифорния-Лос Анджелес Университетіндегі психологтар әйел адамдардың ай сайын қаны жаңарған кезінде жақсы көрінуге тырысатынын айтады. Ғалымдар әйелдердің аналық клеткасының ұрықтануы кезінде көп әйелдер сыртқы келбетіне қатты мән беріп, әдемі көріну үшін сәнді киімдер киіп, зергерлік бұйымдар тағып, шалбардың орнына көйлек киетінін айтады.

Ғалымдар бұл ұрпақ әкелу кезеңі келген 30 әйелді сынақтан өткізіп, олардың айлық қан жаңару циклі жақындаған кездегі суреттері мен одан кейінгі суреттерін салыстырған. Сосын басқа 40 шақты басқа адамнан сол суреттерге қарап, ол әйелдердің қай суретте көбірек жақсы көрінуге тырысқанын бағамдап айтып беруге шақырған.

Ол сынақтардың қортыныдысы көрсеткендей, әйелдер ай сайын қаны жаңарған тұста өте әдемі болуға күш салады екен. Ал, оған ер адамдар қалай жауап беруі мүмкін деген сауалға, ғалымдар, ол кезде ерлер де қыз-келіншектерге көбірек назар аударып, кей кезде тым қызғаншақ болып кететінін айтқан.

Гомосексуализм “табиғи емес” дегенге қарсы бір дәйекті дәлелді осы айда Норвегия астанасы Ослодағы “Табиғат тарихы” музейіндегі ашылған көрмеден көруге болады.

Онда жануарлардың қимыл әрекетінен гомосексуалдық қылықты байқауға болады екен. Оның ішінде керік, пингвин, тотықұс, үйрек, дельфиндер және тағы біраз аңдар мен құстар арасында гомосексуалдық қатынастарды көруге болатынын айтылады. Жалпы, мұражайдың дерегіне қарағанда, жануарлардың 1500-ден аса түрінен гомосексуалдық әрекет байқалған.
XS
SM
MD
LG