Ресейлік белгілі журналист әрі адам құқын қорғаушы белсенді Анна Политковскаяны құрмет тұтушылар оның өз ісіне берілгендігін, шындықты дәйекті дәлелдермен ашық жазған батылдығын еске алып, оның рухына тағзым етті.
Бұл шара журналистің қастандық құрбаны болғанына 9 күн толған күні өтіп отыр. Өздеріңізге белгілі бұл күнде орыстардың сенім-дәстүрі бойынша, 9-шы күні қаза болған адамның жаны денесінен шығады деп айтылады. Марқұмның рухына тағзым ету шарасы журналистің негізінен Шешенстандағы жағдайлар туралы хабар беретін сурет көрмесі өтіп жатқан Нью-Йорк қаласындағы “Ұстамдылық Білімі үшін” халықаралық орталығында болды.
Адам құқықтарын қорғаушы ұйым “Human Rights Watch”-тың атқарушы директоры Рашель Денбер, журналист Политковскаямен Ингушетияда бірге жұмыс істеген әріптесінің естелігімен бөлісті.
“Бірдеңе болып жатты, ол не болғанын түсінбей тұрғанда, лагердегілер арасында “О, ол осында” деген толқынысты сөздер айтыла бастады. Сөйтсе, бұл келген адам Анна Политковская болып шықты. Ол бір даңқты, рок жұлдызы сияқты болған. Оның бәрі Политковскаяның керемет сүйкімді, даңқты болғанынан емес, себебі Политковская олардың білетін адамы, олар оған жағдайларын айта алады, бәрі оның жанына үймелеп қалған, өйткені оларға ақырында өздерін тыңдайтын адам келді. Политковская оларды мазақ қылмайтын, елеп-ескеретін, оларға сенетін адам. Олардың айтқанын түгелдей тыңдайтын адам. Сондықтан, ол жарқын рок жұлдызы сияқты болды”.
АҚШ-тағы үкіметтік емес Шешенстанды қорғау ұйымының өкілі Алмут Рочованскийдің айтуынша, Политковскаяның хабары Батыста жақсы қабылданды әрі Құрама Штаттардағы студенттер Политковскаяның жазғандарынан өздеріне пайдалы ақпараттар ала алды:
“Оның Ресей журнализмінен ерекшелігі айтарлықтай болды, бүгін ғана емес, жалпы оның жазғандары ашық әрі әділ және фактілер негізінде болды. Батыс оқырмандарына оның жазғандары жақсы жетті. Оның ағылшын тіліндегі еңбектерінің ерекшелігі Ресей журналистикасындағы бір нәрсенің дәлелсіз екінші мәселеге ауысып кететініндей емес, негізгі мақалаларының аудармасы ғана болды. Ол тек дәйекті дәлелдер негізінде оқиғаларды ашық та өткір тәсілмен жазып, оны әрбір адам бағалап жататын. Және менің білетінімдей, АҚШ-тағы көптеген жастар Шешенстан туралы ең бірінші Политковскаяның еңбектерінен қызығушылық тауып оқи бастаған”.
Рочаванскидің сөзіне қарағанда, Шешенстанды қорғау ұйымы Политковская атындағы стипендия немесе қор құру мүмкіндігін қарастырып жатыр.