Accessibility links

Ирақтағы христиандар шабуыл нысанасына айналған


Ирақтағы сүнниттер мен шийттер жікшілдік бағытта өзара ашық қақтығысып жатқанда, бұл елдегі аз танымал христиан діні өкілдері, оның ішінде әсіресе ассириялықтарға қарсы да тікелей зомбылықтар көбейе бастаған. Өткен айда Рим папасының Ислам туралы дәйек сөз айтқаны АҚШ бастаған одақтас күштермен бірге “крест жорығын” жасаушы болып көрінген Ирақ христиандарына қарсы ашу-ызаны ушықтырып жіберді. Ассириялық христиан әрі Ирақтың өтпелі үкіметінің бұрынғы көші-қон жөніндегі министрі болған Паскаль Варда осы аптада Уашингтонда болып, Ирақтағы христиандар мен басқа да діни азшылық топтардың қауіпсіз әрі бейбіт жағдайда өмір сүре алатындай жеке провинция құру ұсынысына қолдау танытуға шақырды.

Ирақтағы христиандарға қарсы жасалған ең ауыр соққы өткен айда орын алды. Онда шіркеулерге бомба тасталып, шіркеу мүшелерінің басын алып, 13 қыз-келіншекті қырған қанды оқиға болды.

Мосулдағы шіркеу папасы Булос Ескендір Бехнамды Рим папасы Бенедикт 16-шының Исламға қатысты айтқанын айыптаған жаза ретінде ұрлап әкеткен. Оның кесілген басы мен саусақтары матаға оралып, мәйітінің жоғары жағында қойылған күйі табылған. Бағдадтағы Вирджин Мэри христирандар шіркеуінде жақында ғана бомба жарылысы болды. Жалпы, соңғы үш жылда оларға қарсы 30 шабуыл жасалынған. Елдің оңтүстігіндегі Басра қаласында өткен айда жиылған жұрт Рим папасының суретін өртеген. Христиан әйелдері осындай шабуылдар мен зорлық-зомбылықтардан аман болу үшін бастарына паранжы киюге мәжбүр болған. Мосулдан Киркукқа дейінгі аралықтағы сүнниттер мен шийттер 2000 жылдай Ирақта өмір сүріп келген христиандарға қарсы өздерінің өшпенділігін танытуда біріге алған. Саддам Хуссейн билікте болған кезінде Ирақтағы 1 млн 200 мың христиандық шийт-сүннитермен қатар бейбіт жағдайда өмір сүрген. Бірақ, Хуссейн қолға түскен соң, ол христиандар қақтығыс пен өшпенділік нысанына айналған.

Бір жағынан олар Құрама Штаттар мен Британияның христиандары басым әскерімен біріксе, оларды мұсылмандар исламға қарсы қазіргі заманғы “крест жорығын” жасап жатыр деп біледі. Олар сонымен қатар, мұсылмандардың жек көретін әрі жиі өрттеп кетіп жүрген елдегі шарап дүкендерінің иесі болғанымен де бөлектеніп отыр. Бұл тұрғыда Ирақтағы христиандардың шабуыл нысанасына айналып отырғанын ассирияндық христиан былай жеткізеді.

“Бүгін біз нақты нысанаға алынып отырмыз, бірінші рет қана емес. Бұл күнделікті қауіп болды. Біз дауысымызды көтеріп, оның біз үшін шынымен ауыр кезең екенін айтқымыз келеді. Неге бізді нысанаға алады, біз білмейміз. Барлық ирақтықтар шабуылға тап болып отырғаны рас, бірақ бүгін Месопотамияның негізгі халқы ассириялық христиандар, ирақтың байырғы тұрғындары бүгінде азшылық ретінде қиын жағдайда тұрмыз”- деген Ирақтағы ассириялық христиан өкілі, Ирақтың ауыспалы үкіметінде болған экс-министр.

Ол осы аптада Уашингтонға барған кезінде АҚШ президенті Джордж Буш әкімшілігінің мүшелерін Ирақтағы діни азшылық топтар қорқынышсыз өмір сүре алатындай жеке автономиялық провинция құру идеясына қолдау танытуға шақыруға барған.

Варда өзінің бір апталық кездесулері барысында журналистерге берген сұхбатында, жақында Иорданияға барып, ондағы ирақтық босқын христандармен кездескенін айтып берді:

“Мен отбасыларымен кездестім, олар өте жаман жағдайда тұрып жатыр. Ешбір ел оларға көмектескісі келмейді, ешкім де олардың күнделікті қалай өмір сүріп жатқанын шынайы мойындамайды. БҰҰ айтқан сияқты, босқындардың 36 проценті христиандар, Неге? Біз өз дәстүріміз үшін шіркеулерімізде, мектептерімізде шабуыл нысанасына алынамыз. 13 христиан әйелді екі апта бұрын ұрлап әкетіп, өлтірді. Неліктен? Өйткені, олар исламның паранжысын кимегені үшін”, - дейді ол.

Варда қақтығысты әрі Ирақтан христиандардың босып кетуіне тоқтату үшін жалғыз жол -жақында ғана жасалған жаңа ұсыныс екенін айтады. Ол енді қоғамдық өкіл ретінде Ирақтағы үш жылдық науқанда Мосулдың солтүстігі мен батысындағы қараусыз қалған Ниневах Плэйн аймағын дамытып, осындай жағдайды реттеу үшін пайдаланса деп отыр.

“Ниневах Плэйн провинциясы әркім үшін осы проблеманың шешімі болуы мүмкін. Неге олай болмасқа? Осы бір аймақты белгілеп, бейбіт аймақты кеңейтіп, Ирақ халқына әкелуге тырысып жатқан АҚШ-тың, біздің демократиялық күш-жігерімізді ұлғайтуға болады”.

Варда қазір Бағдадтағы дамулар үшін Ирақ әйелдері орталығының директоры. Оның айтуынша, ұсыныс Ирақтан бөлек “христиан империясын” құру үшін емес. Христиандар, барлық ирақтықтар елдегі демократиялық дамуларға қатысқысы келеді, бірақ оған өздерінің өмірі үшін қорқып қатыса алмайды дейді.

Хабарларға қарағанда, Ирақта соғыс басталғаннан бері 300 мыңға дейінгі христиан көрші елге қашып кеткен. Бүгінгі Ирақтың 275 мүшесі бар Ұлттық Ассамблеясында бір ғана христиан өкілі қалған.
XS
SM
MD
LG