Маңғыстау облысында алғашқы болып сайланған әкімдердің есімдері жарияланды. Дауыс берген мәслихат депутаттары Жаңаөзен мен Бейнеу ауданында лайықты үміткерлерді, яғни, бұрынғы әкімдерді өз орындарына бірауыздан қайта сайланғандарын айтты қоғамдық «Сайлауды бақылау комитетінің» үйлестірушісі Төлеген Тортаев қазанның 20-сы күні:
- Шынын айтқанда, бір жерде 13, бір жерде 12-ақ адам дауыс берген. «Ұйымдасқан түрде 1 сағатқа жетпейтін уақытта бітірдік», дейді ғой. Жаңаөзен ауданынан жеңіп шыққан Ж.Бабаханов 100 пайыз дауыс алды, Бейнеу ауданынан Б.Әзірханов 100 пайыз дауыс жинады. Қалған үміткрелер 0-ден дауыс алған.
Жалпы мұндай сайлаулар Қазақстандағы 49 аудан мен облыстық деңгейдегі 10 қалада өтті. Әкімдікке үміткерлер арасында көбіне бұрынғы әкімдердің болуы қалыпты құбылыс екенін айтады Алматы облысының сайлау комиссиясының төрағасы Шырақбай Жылқыайдаров. Оның айтуынша, бұл облыс бойынша 6 сайлау объектісінің бәрінде сайлауға бұрынғы әкімдер түскен. Дегенмен, сайлау нәтижесі олардың арасынан халыққа ең жақын тұлғаларды анықтайды деп сенеді сайлау комиссиясының төрағасы:
- Біздегі 6 округтің 6-ына да бұрынғы әкімдері түскен. Ертең олар ант қабылдайды да, жұмыстарына кірісе береді. Оларды халық сайлап отыр. Мәслихат депутаттары – халық қалаулылары ғой!
Қазақстан президенті бекіткен ережеге сай, әкімдерге үміткерлерді облыс әкімдері балама негізінде ұсынады. Ал оларды мәслихат депутаттары жанама дауыс беру жолымен сайлайды. Мұндай сайлау механизмі өзін-өзі ақтамайды деп есептейді республика бойынша 49 әкімнің сайлануына бақылау жүргізген Республикалық тәуелсіз сайлаушылар жүйесінің президенті Тасқын Рахымбек:
- Өйткені, баламалы кандидаттардың толыққанды ұсынылуын қамтамасыз ете алмайды. Оған дәлел ретінде төмендегі деректерді келтіруге болады: осы сайлауда тіркелген кандидаттардың 83-і әрекеттегі әкімдер немесе олардың орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері. Бақыланған аймақтарда 88 кандидаттардың 74-і – «Отан» партиясының мүшелері.
Президентшіл «Отан» партиясының мүшелері үміткерлер арасында ғана емес, бақылаушылардың да басым бөлігін құраған. Мәселен, «Сайлауды бақылау комитетінің» үйлестірушісі Төлеген Тортаев неге екені белгісіз Маңғыстау облысындағы сайлаулардағы бақылаушылар арасында президентшіл «Отан» партиясынан өзге саяси ұйымдардан өкілдері болмағанын аңғарыпты:
- Бейнеу ауданында 4 адам, Жаңаөзенде 6 адам бақылаушы болыпты. Партиялардан «Отаннан» басқасы что-то көрінбейді?! Байқаушылардан тек біздің ұйымнан, сосын «Отаннан» болған...
Қазақстан коммунистік партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдин өздерін ешкім сайлауға шақырмағанын және сайлауға бақылаушы ретінде қатысуды жөн көрмегенін айтады. Ол бұл сайлауды көзбояушылық деп бағалап отыр.
- Екі адамды сайлауға түсіріп, біреуін әкім боласың, екіншісіне оған бәсеке боласың деп, белгілейтіндер - жоғарыдағы әкімдер. Ал облыстағы әкімдерді президент тағайындайды. Облыс әкімдері жаңағы әкімдердің жағдайын шешеді. Екі жемқордың бірін әкім етіп сайлау – халықтың сенімін аяққа таптағанмен бірдей. Сайлау деген аты болмаса, бұл - мемлекет қаржысын босқа шығындау және көзбояушылықпен айналысу, - дейді коммунистер жетекшісі.
Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлауға 32 миллион теңге бөлінген. Келесі жылы бұл қаржыны екі есеге дейін арттырып, әкімдерді сайлау ауқымын одан әрі кеңейту жоспарланған.