Осыдан бір ай бұрын Түріксіб аудандық соты өз баспаналарының шатырының үстіне шығып алып, сот орындаушыларының әрекетіне қарсылық көрсеткен бақайлық екі азаматқа үкім шығарылған күні-ақ Ілияс Томпақов пен Нұрқат Мұқажановтың жақтаушылары қалалық сотқа шағымданатындығын айтқан еді. Осы іс бойынша аппеляциялық шағым қазанның 23-күні Алматы сотында қаралған отырыста адвокат Кәрім Жұмағалиев бақайлықтарды түрмеден босатуын сұрады.
- Түрксіб аудандық соты шығарылған үкімді өзгертіп, тағайындалған жазаны шартты жазаға айналдыру арқылы екі азаматты түрмеден босатуын сұраймын.
Сонымен бірге адвокат Кәрім Жұмағалиев бұған дейінгі сот барысында жәбір көруші ретінде қатысқан полицейлер сотталушыларды кешіргендігін және полицейлер бақайлық екі азамат тарапынан ешқандай зардап шекпегендігін, шатыр үстіндегі бұл азаматтардың қолдарында болған құтының ішінде жанармай болған деген сөздің расталмағандығын айтып өтті. Осы тұрғыдан алғанда жақтаушы Кәрім Жұмағалиев Қылмыстық Кодексінтегі 321-баптың 1-бөлімі бойынша шығарылған жазамен келіспейді. Оның пікірінше, жиырмаға жаңа толған азаматтар саясаттың құрбаны болуға тиісті емес.
- Қазіргі уақытта республика бойынша заңсыз салынған үйлерді заңдастыру процесі жүріп жатыр. Демек, менің қорғауымдағы Мұқажанов пен Томпақов ҚР Қылмыстық Кодексінің 68-бабының негізінде жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы керек еді. Осыларды қамауға алудың өзі ерекше жағдайдан туындап отырған сияқты. Заңгер ретінде мен бұл істі саясатқа айналдыруға қарсымын, - деді адвокат Кәрім Жұмағалиев.
Алайда аппеляциялық шағым қанағаттандырылмай, Алматы қалалық соты бұған дейінгі Түрксіб аудандық соты шығарған үкімді күшінде қалдырды. Томпақов пен Мұқажановтың жақтаушылары болса енді қадағалау сатысына жүгінбек ниетте.
- Егер туған-туысқандары қаласа аппеляциялық шағым қадағалау сатысына тапсырылады, - деді адвокат Кәрім Жұмағалиев.
Ал бақайлық екі азаматтың жақындары әрі қарай соттасуға дайын. Нұрқат Мұқажановтың анасы Асылхан Қонашева баласын түрмеден босатып алуда үміті үзілмегендігін айтады:
- Алматы қалалық соттың мұндай шешіміне қанағаттанбай тұрмыз. Қанша сотты өткерсек те балалар бостандыққа шығар деген үмітіміз үзілген жоқ.
Осы процесті бақылап отырған қоғамдық ұйымдардың өкілдері жазаның қатаң екендігін айтып отыр. «Социалистік қарсылық» қозғалысының белсендісі Айнұр Құрманов сот шығарған үкімнің саяси астары бар деген пікірде. Ал «Шаңыраққа тірек» қоғамдық комитетінің төрағасы Дос Көшім бақайлықтарға қатысты шығарылған жазаның қаталдығын биыл жазда болған «Шаңырақ» оқиғасымен байланыстырады.
- Жас азаматтарды екі жылға бас бостандығынан айырады деп күтпеген едік. Бірақ бұл істің негізінде Шаңырақтағы және одан кейінгі болған оқиғалардан сақтанып, халыққа сабақ болуды көздейтін қорқыту бар, - дейді Дос Көшім.
Ілияс Томпақов пен Нұрқат Мұқажанов осы жылғы мамырдың 12-күні сот шешімімен бұзылуға тиіс деп танылған үйлердің шатырына шығып алып, қарсылығын танытқан соң, олардың бұл әрекетін заңға қайшы деп тапқан полиция бақайлық екі азаматты шілденің 6-күні, яғни Бақай ауылы түгелімен қиратылардан бір күн бұрын қамауға алған болатын.