Астана әкімі А.Мәминнің айтуынша, қаланы дамыту шетелдік мамандардың көмегімен және халықаралық тәжірибеге сай жүргізіледі. Мысалы, қаланы «Филипс» фирмасының шамдары арқылы жарықпен қамтамасыз етуге Миланды жарқыратқан маман шақырылды. Көлік қозғалысы мәселесін шешуге Сингапурлық мамандар жауап береді. Бұл жоба шеңберінде Нью-Йорктағы такси іспеттес бір түсті жаңа 300 такси көлігін енгізу көзделді. Жарнама дамыған елдердің астаналарындағыдай болмақ. Енді барлық әлемге белгілі сауда брэндтерінің ірі жарнамасы қала үйлерінің шатырларына орналастырылады. Ал санитарлы талаптарды бұзып отырған барлық 12 сауда базары қаланың шетіне шығарылады деп хабарлады Астана әкімі. Премьер Ахметов тұжырымдаманы мақұлдап, кейбір нормаларды өзгертуді тапсырды. Дәлірек айтсақ, пәтерлерде адам басына шаққандағы шаршы метрлер 18 метрден 35 метрге дейін артады. Жолдар 6 жолақты емес, 8 жолақты болып салынады және автотұрақтар ескерілгенде әр отбасына бір көлік емес екі көліктік орын есептеледі. Оппозициялық саясаткер Серікбай Әлібаев Астанаға мұнша қаржы салу орынсыз деп санайды:
- Біріншіден бәрін өндіре алмайды. Екіншіден әсіресе кішкентай қалалардың жағдайын білеміз. Біздің инженерлік-коммуникациялық жағы өте қиын жағдайда. Бірақ көзбояушылық қазіргі шенеуніктерде әсіресе үкіметте көп.
Астананың бас сәулетшісі Шоқан Матайбековтың айтуынша,бұл ақшаның өтелуі міндет емес:
- Инвестиция өтелуіне инвесторлдардың өздері қызығушылық білдіреді, өтелмесе салмайды. Ал үкіметтің салып жатқан жолдары әлеуметтік нысандарға бөлінген қаржы халыққа беріліп жатқан қаржы, сол себептен ол өтеліп қайтіп келеді деп айтуға болмайды. Ол халық игілігіне жұмсалып жатқан ақша.
Астанадағы әлемдік банк өкілі Лу Брефордың айтуынша, Астанаға тартылған инвесторлардың көбі көбінесе байлар үшін петерлер салып жатыр, ал Астанада мұндай адамдар көп емес. Әлеуметтік құрылыс болса тым аз, дейді Брефор.
Қала тұрғындарының бір бөлігіде, бір шаршы метрі 3 мың доллардан асатын пәтер құны барған сайын қымбаттап бара жатқан Астанада шаңыраққа ие болу арман болып қалатын түрі бар деген пікірлерін білдірді. Астана тұрғыны Серік Исабековтың айтуынша сәнді ғимараттар жақсы бірақ, бағасы тым қымбат:
- Көп адамдар шеттен келіп жатыр, өңкей жастар, отбасымен. Ал, тұратын жерлерін қарасаңыз, өте қиын, саяжайда тұрып жатыр. Ал, Кеңес одағы кезінде коммуналды үйлер салынған еді. Коммуналды ақшасын төлейсіңде тұра бер, көшіп кетесің бе кете бер. Міне, сондай пәтерлер салынса.
Астананың бас сәулетшісі Шоқан Матайбековтың айтуынша, бұл мәселе көп ұзамай шешіледі:
- Кәдімгідей пәтерлер, бірақ ол сатылмайды жалғағана беріледі. Студент жастарға жаңа үйленген мамандарға жастардың игілігіне жасалып жатқан нәрсе. Пәтерлер 1-2-3 бөлмелі мүмкін жатақхана сияқты болуы мүмкін.
Премьер Ахметовтың айтуыншада АҚШ-тағы барлық қозғалмайтын мүліктің 30 пайызы жалға берілетін мүлік. Сондықтан мемлекетке қаржы түсіретін жаңа бизнес түрінде жалға берілетін көп қабатты үйлер салынады, дейді ол. Ресми мәлімет бойынша 1994 жылы Қазақстанның жоғарғы кеңесі астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыруға келісімін берген. Сол уақыттан бері қала аумағы екі есеге ұлғайды, тұрғындар саны 230 мыңнан 600 мыңға жетті.