Жас әнші Мәриям Әбсаттар - Қазақстандағы мобильді байланысты тұрақты түрде пайдаланатын 7 миллионға жуық белсенді абоненттердің бірі. Ол тіпті өзінің орындауындағы әнді телефонына жазып алған. Ол бүгінгі таңда ұялы телефонсыз өзінің бір күнін де елестете алмайтындығын айтады:
- Мен үшін ұялы телефон өте маңызды. Телефон байланыс құралы ретінде ғана емес, ол кез келген қайталбас сәтті суретке немесе видеоға түсіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге мен үшін ұялы телефон ғашықтар арасындағы байланыс түрі ретінде де қажет.
Қазақстан Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің деректеріне қарағанда, 2008-ші жылы ұялы телефон қызметіне 7,5 миллион, яғни, Қазақстан халқынының шамамен тең жартысы жүгінбек. Егер абоненттер саны артса, онда мобильді байланыс қызмет тарифі де кемімек дейді агенттік басшылығы. Қарашаның 1-інен бастап «Қазақтелеком» компаниясы мобильді байланыс операторлармен қосу бойынша 10 секундтік тарифке көшкен. Яғни, «қалалықтан мобильді телефонға қоңырау шалу айтарлықтай арзандап, қаржы орта есеппен 23 пайызға дейін үнемделмек», - деп көрсетілген «Қазақтелеком» компаниясының таратқан ақпаратында. Сонымен бірге биылғы жылдың аяғына дейін «Қазақтелеком» құрылымында тағы бір моблильді байланыс операторы іске қосылады деп топшыланып отыр. Алайда, телекоммуникация маманы әрі ұялы байланыс тұтынушысы Арман Құлжанов Қазақстандағы мобильді байланыс қызметінің сапасына көңілі толмайтындығын жеткізді:
- KCell, K Mobile тәрізді ірі операторлар көп абоненттер тартады. Ал оларды толық сапалы қызметпен қамтамасыз етуге қуаты жетпейді. Соншама абоненттерге базалық стансасының қуаты жете ме? Шетелдегі қызмет көрсету ақысымен салыстырғанда бізде бұл қымбат әрі қызмет көрсету аясы тар. Оған қоса ұялы телефон арқылы интернет байланысына шығу да жетілмеген. Өте баяу ашылады әрі бағасы арзан емес.
Соған қарамастан, Қазақстандағы мобильді байланыс операторларының қызметі үшін қазақстандық тұтынушылар өте жоғары ақы төлейтіндігін, бұл ең алдымен ұялы байланыс рыногында ашықтың жеткіліксіз дәрежеде болуымен байланысты екендігін айтады Парламент депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов:
- Кезінде KCell, K Mobile-дарға рұқсат беру, лицензиялау кезінде және олармен келісім-шартқа отырған кезде, сірә, жабық бір баптар кетсе керек. Сол арқылы біздегі ұялы телефон арқылы байланыс өте қымбат. Біз өзімізден бай тұратын елдерден де көп қымбат төлейміз. Бұл түптеп келгенде елдің бәсекелестікке қабілеттілігін төмендетіп отыр. Жеке тұлғалардың да, бизнестің де. Өйткені, олар алатын әрбір шұғыл ақпарат қымбатқа түсіп отыр. Бұл кезінде жасалған келісім-шарттардың астарында біреулердің мүддесі тұрғанын көрсетіп отыр.
Сондықтан, ең алдымен бұл саладағы заңдарды жетілдіру керек деген пікір айтады депутат Бәйменов:
- Екіншіден, мемлекет бүкіл халықтық ресурстарды пайдалануға бергенде соларды пайдаланатын операторлардың бағасын қадағалауды қолға алып отыруы керек. Кешегі белгілі болғандай, KCell, K Mobile-дің біреуінің рентабельдігі 100%, біреуінікі 125% болыпты. Бұл тіпті ақылға сыймайтын нәрсе.
Бүгінде Қазақстан халқының шамамен 45-47 пайызы мобильді байланыспен қамтылған. Бұл былтырғы жылдармен салыстырғанда екі есе дейін артық.