Accessibility links

Конгресс сайлауының нәтижелері президент Бушты қандай қадамдарға мәжбүрлеуі ықтимал?


АҚШ-ғы сайлауда Конгрестің өкілдер палатасында Демократтар партиясы басым орын иеленіп, жеңіске жетті. Ал егер Демократтар Сенатта да басымдыққа қол жеткізсе, оның президент Дж.Буш үшін қандай салдар-әсерлері болуы мүмкін? «Азаттық» радиосының тілшісі келе жатқан президент сайлауы алдында АҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфелдтің орнынан кеткені жөніндегі таңданарлық хабармен бірге міне осы мәселелердің де тереңіне үңіліп көрген еді.

АҚШ-ың кейбір штаттарында дауыс беру қорытындылары әлі де саналып, түпкілікті нәтиже хабарланбай жатып- ақ, президент Буш жаңа саяси бағытта шегініске барғандай болды.

- Доналд Рамсфелдпен бірқатар ойласу, ақылдасу әңгімелерден кейін біз Пентагонда жаңа басшылықтың қажеттігі дұрыс деген ұйғарымға келдік, - деді ол.

Сонымен Республикандықтар Конгрестегі өткен аралық сайлауда жеңіліс тапқаннан соң бір күннен кейін ақ Доналд Рамсфелдті қызметінен алу арқылы Буш Демократтарға тағы бір жеңісті қолдан алып бергендей еді. Өйткені, демократтар Рамфелдті қатты сынап, тіпті кейбіреулері оның отставкаға кетуін талап етіп келген болатын. Дж.Буш жаңа қорғаныс министрі Орталық барлау агенттігінің бұрынғы басшысы Роберт Гейтс болады деп хабарлады.

7 қарашада өткен сайлау нәтижесінде Конгрестегі 30-ға жуық орын Респуликандықтардан Демократтарға өтті. Ал Сенатта қос партияның қайсысы басым түсіп, бақылауды олардың қайсысы алатыны әзірге белгісіз.

Виржиния штатында дауыс беру нәтижелері әлі толық саналып біткен жоқ, сайлау комиссиясының өкілдері бюллетендерді қайта санау үстінде, ал түпкілікті нәтиженің анық болуына бірер апта қажет болатын тәрізді.

Кеше Буш Демократтар үшін бұл түн өте сәтті болды деп оларды құттықтады.

- Адамдар дауыс беруге барды және олардың берген дауыстары Өкілдер палатасындағы жаңа бағытты айқындады. Ал қазір Сенатқа берілген дауыстар саналып бітпесе де, демократтар үшін бұл түннің жақсы болған анық, мен оларды жеңістерімен құттықтаймын.

Президент Буш Республикандықтар партиясының сайлауда жеңіліс тапқанына, оның жетекшісі ретінде жауапкершілікті өзіне қабылдайтындығын айта келіп, енді ел алдында тұрған үлкен мәселелерде демократтармен бірлесе жұмыс істейтін боламыз деді.

Мұның алдында Буш Өкілдер палатасының спикері болуы әбден мүмкін Демократтардың заң шығарушысы Ненси Пелоусиді телефон арқылы құттықтаған болатын. Калифорниялық Пелоуси Өкілдер палатасындағы бұл қызметке келетін бірінші әйел болмақшы.

Ол кешегі баспасөз мәслихатында үкімет үшін енді жаңа кезең басталады деп атап көрсетті:

- Демократтардың жаңа басым бөлігі америка халқының даусын ести алды, олар жаңа басшылық үшін дауыс берді, олар біртұтастықты қалайды, Вашингтонға қайта оралуды қалайды, біз мұны адалдықпен атқарамыз және Конгресті тарихқа ашамыз.

Пелоуси Өкілдер палатасы демократтардың бақылауында болатынына қарамастан, біз Буштың республикандықтарымен америка халқын алаңдататын басты проблемалар бойынша бірлесіп жұмыс істейміз деді. Ол: зейнет жүйесі, ұлттық қауіпсіздік және энергетикалық тәуелсіздік деп атап көрсеткен ол, бірақта бұл сайлау АҚШ-та бүгінгі өткір тұрған мәселе Ирақпен байланысты екендігін көрсетті деп айтты.

Гарвард университетіндегі саяси талдаушы, президент Билл Клинтонның әкімшілігінде жұмыс істеген Елайн Си-Камарк, иә мұнымен американдықтар келіседі дей келе, сейсенбі күнгі дауыс берулердің нәтижесі – сайлаушылардың Бушқа айна-қатесіз ескертуі екендігі айқын дейді.

- Буш американ қоғамынан үлкен ескерту алды. Олар ашық та айқын және естірте өздерінің Буштың сыртқы саясатымен келіспейтіндіктерін білдірді. Атап айтқанда - Ирақтағы соғыс. Бұл ескертуді Ақ үй қаншалықты қабылдайды немесе қабылдамайды, ол алда белгіл іболады.

Камарк Буш сайлау қорытындыларына бейтарап қарап, оны мүлде ескермеуі де мүмкін, сөйтіп, өз саясат бағытын жалғастыра беруі де ықтимал, бірақ ондай жағдайда Конгресс өз ықпалын танытатын жолдарды таңдауға мәжбүр болады деп атап көрсетеді.
XS
SM
MD
LG