АҚШ-та 7 қарашада өткен жалпы сайлаудың нәтижесінде оппозиция Конгресте басымдылыққа қол жеткізді. Демократиялық партия Конгрестің екі палатасында да көпшілік мандатты алды. Президент Буш 8 қарашадағы сөзінде Республикалық партиясының ұтылғанын мойындады, бәсекелестерімен жұмыс істеймін деп уәде айтты. Сонымен қоса Буш Демократиялық партия сәл ғана басымдылықпен ұтты деп көрсетті, халық екі партия түсінісіп жұмыс істейді деп күтіп отыр деді.
Кортландта орналасқан Нью-Йорк мемлекеттік университетінің саяси ғылым профессоры Роберт Шпитцер бәсекелестердің қоян қолтық жұмыс істей алулары президент Буш пен Демократиялық партияның Конгрестегі басшылырының алғашқы қадамдарына тәуелді дейді. Олар текетіреске шапшаң жығылса мұның арты немен аяқталатынын болжау қиынырақ болады, дейді профессор Роберт Шпитцер:
- Буштың Ирақ соғысын жүргізіп жатқанына сын барған сайын өсіп келеді, Буштың алға басуға ынтасы бар дегенді көрсетуге оның ішкі саяси бастамалары аз. Буш екі саяси партия жолымен Конгрестегі жаңа демократиялық басшылармен жұмыс істеу туралы айтады. Бірақ бұл қалай бет алатынына сенімді емеспін.
Роберт Шпитцер президент Буштың Демократиялық партия жеңіске азғантай ғана басымдылықпен жетті деген сөзіне ден қойып отыр. Бұл президент Буш халық арасында Республикалық партияны да қолдайтындар жетерлік деп арқа сүйейтінін көрсетуі мүмкін. Президент Буш Демократиялық партия басшыларына құлақ аспауыма болады, мені де қолдайтындар жетерлік деп есеп құруы мүмкін делінеді.
Сайлау кезінде жүргізілген қоғамдық пікір зерттеулері жұрттың негізінен Ирақ соғысына қатысты сыни пікірі қатты екенін көрсетті. Конгресс бұл мәселені қалай бұруы мүмкін? АҚШ заңы бойынша, сыртқы саясат пен әскерге қолбасшылық жасау – президенттің құзырында. Бірақ министрлерді тағайындау Конгрестің қолында. Және Конгресс президенттің бюджет бойынша сұрауларын қарауға құқылы, федералды бюджет шығындарын тексеруге құқылы.
Дегенмен, саяси ғылым профессоры Роберт Шпитцер Конгресс әскерді Ирақтан қайтару керек деп белден баса қоймас, Демократиялық партия басшылары АҚШ-тың шетелдердегі әскерлеріне нұқсан келтіруді ниет қылмайды дейді. Вашингтонда орналасқан "Демократиялық институт" деп аталатын зерттеу орталығының директоры Петрик Башам Буш биліктегі соңғы екі жылында енді сыртқы саясатқа көбірек назар аударады дейді:
- Кез-келген президент президентігінің соңғы жылында не соңғы екі жылында түптің түбінде іс бір жаққа шығаралмаса да артымда не қалады деп бір шаруаға күш салады. Буш өзінің саяси қолтаңбасы ретінде Ирақ мәселесі қалатынын әр дайым беледі. Бұл істі істегінін және қалай істегінін тарихта қалдыру үшін Буштың қолынын келгенін атқаруға әлі екі жыл уақыты бар.
Петрик Башам бұл жерде Буштың алдында президент болған Билл Клинтонды мысалға келтіреді. Билл Клинтон президенттігің соңғы екі жылында Израиль мен Палестинаны бітімге келтіруге күш салды. Алайда Клинтон еш табысқа қол жеткізе алмай кетті.