Теңізге тікелей шықпайтын, соның салдарынан әлемдік нарықпен арадағы байланысы негізінен темір жол байланысы арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттер үшін жұма күні қол қойылған келісімнің маңызы аса зор. Мәлім болғанындай, әлемдегі теңізге тікелей шықпайтын 30 мемлекеттің 12-сі Азия құрылығында орналасқан. Осы 12 елдің 10-ы аталмыш Транс-Азия Темір Жол (ТАТЖ) жүйесі жобасына қатысып отыр.
Талдаушылар ТАТЖ жүйесін Қытай мен Европаны жалғаған ежелгі Жібек Жолымен салыстырып та жатады. Сондықтан оны "Темір Жібек Жолы" жобасы деп те атайтында бар. Міне осы "Темір Жібек Жолы" жобасының іргетасы сонау 1960-шы жылдары салына бастапты. Ол кезде Оңт.-Шығыс Азия, Үндістан, Пәкістан және Иран арқылы Сингапур мен Түркияны жалғайтын 14 мың шақырымдық темір жол салу жобасы күн тәртібіне шыққан еді.
Шапшаң экономикалық даму мен өзара байланыстар бүгінгі күні ТАТЖ жүйесін алғашқы жобадан әлдеқайда кеңейтіп тастады. Бүгінде бұл жүйеге 81 мың шақырым темір жол кіреді, жоба төрт негізгі географиялық аймақты қамтыған.
ТАТЖ жүйесіне қадағалау жасайтын Б.Ұ.Ұ.-ның Азия мен Тынық Мұхит Аймағындағы Экономикалық Және Әлеуметтік Даму агенттігінің мәліметтері бойынша, өткен аптаның жұма күнінде Оңт.Кореяның Пусан қаласында бұл жобаны баянды ететін келісімге 18 елдің Көлік Министрлері қол қойған. Бұлардың қатарында Қазақстан да бар. Б.Ұ.Ұ.-ның аталмыш агенттігінің атқарушы директоры Ким Хак-Су-дың айтуынша:
"Біз ТАТЖ жүйесі арқылы ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселесін қозғап отырмыз. Белгілі болғанындай, осыдан бір жыл бұрын Азиялық Тасжол жүйесін іске қосқан едік. Түйіп келгенде, бұл айтарлықтай ілгерілеу. Күндердің күнінде бұл елдердің бәрі де бір-бірімен осындай көлік байланысын орнату қаншалықты маңызды болғанын мойындап, соның қызығын көретін болады".
ТАТЖ жүйесін сәтті жүзеге асыруға бөгет боп тұрған техникалық және қаржылық жағдайлар бар екені рас. Солардың бірі – темір жолдың қос рельстерінің арасы кей елдерде әр түрлі болуына байланысты. Мәселен, бұрынғы Совет републикалары мен Қытайда қос рельстінің арасы әртүрлі. Үндістанда ол бұл екеуінен де өзгеше. Алайда ТАТЖ жүйесіне қадағалау жасайтын Б.Ұ.Ұ.-ның Азия мен Тынық Мұхит Аймағындағы Экономикалық Және Әлеуметтік Даму агенттігінің атқарушы директоры Ким Хак-Су-дың айтуынша, бұл техникалық қиындықты шешудің амалдары бүгінгі күні табылып отыр.
ТАТЖ жүйесін сәтті жүзеге асыруға бөгет боп тұрған ендігі бір жағдай ретінде, қаржыландырудың сыртында, саяси мәселелерді атауға болады. Дәл осы саяси жағдайға байланысты Солт.Корея Оңт.Кореядағы келісімге қол қою салтанатына қатыса алмады.
Алайда, Транс-Азия Темір Жол жүйесіне қатысты алғашқы келісімнің дүниеге келуінің өзі көпшілік арасында бұл жобаның түптің түбінде жүзеге асатынына сенім ұялатуда.