Accessibility links

Ауғанстан президенті Үндістанда келіссөздер жүргізуде


Осы аптада Үндістанда сапармен жүрген Ауғаныстан президенті Хамид Қарзай өз еліне инвестиция тартып, жаңа сауда келісімдерін жасауға тырысып жатыр. Сенбі-жексенбі күндері Хамид Қарзай Нью-Делиде өтетін Ауғаныстанды қайта құру мәселесіне арналған Аймақтық экономикалық ынтымақтастық конференциясына қатысады.

Осы аптадағы Нью-Делиде жиналатындар Ауғаныстан тақырыбында екінші аймақтық экономикалық конференциясын өткізіп, қазірде онда қақтығыстар тоқтамай отырғанына қарамастан, соғыстан кейін құлдыраған елдің экономикалық ахуалын жақсарту мәселесін талқылап, қайта қалпына келтіру жағдайларын сөз өтпек. Үндістанның сыртқы істер министрлігінің өкілі Синг Сарнаның Азаттыққа айтуынша, осы жолғы басқосу өткен жылы Қабулда өткен жиынның жалғасы болмақ.

“Аймақтық экономикалық ынтымақтастық конференциясы соғыстан кейінгі Ауғаныстанды қайта құру мәселесінде барлық маңызды роль атқаратындардың басын қосып, бірауыздылыққа әкелуге арналған. Негізгі қатысушылар Үлкен сегіздік елдері, көршілес елдер және Ауғаныстанның қайт құру бағдарламасындағы басқа да ықпалды донор елдер”.

Үндістанның сыртқы саясат мекемесі өкілінің сөзіне қарағанда, осы аптаның мақсаты- Қабулдың көршілері мен Ауғаныстанды қайта қалпына келтіру ісіндегі донор елдердің бағытын өзгерту болып отыр.

“Өткен жылғы Қабул конференциясының соңында Ауғаныстанды өркендетудегі аймақтық елдердің үлесін көбейту жөнінде декларация қабылданған. Сол декларация ынтымақтастықтың басым бағыттағы аймағы ретінде танылған оның ішінде үш техникалық жұмыс тобының ұсыныстарын қосқанда 10 проблеманы көтереді”.

Ауған ресмилері президент Хамид Қарзай көрші елдерден энергия көзін алу туралы мәселені талқылауды жоспарлап отыр дейді. Ол сонымен қатар, Ауғаныстанның ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын потенциалды сыртқы базар табуға тырысады. Осыған дейін ұсынылып жүрген Ауғаныстан мен Пәкістан арқылы Түркіменстанды Үндістанмен байланыстыратын мултимиллиардттық табиғи газ құбыры жобасы туралы бұл Нью-Дели конференциясында көтерілмейді. Бірақ, Хамид Қарзайдың әкімшілігі президенттің ол жоспарды да талқылауға дайындалғанын айтып отыр. Иран да Пәкістан мен Үндістанға дейін табиғи газ құбырын салғысы келеді. Ол ұсынысқа Құрама Штаттар қатты қарсылық танытқан.

Қарзай Үндістанға сәрсенбі күні ұшып шығып, конференция алдында Ауғаныстанға инвесторларды тартуды қарастырып, жаңа базарлар ашуды қарастырады.

Бірақ, Қарзайдың Нью-Делидегі Ауғаныстанда сауда орталықтарын құруға қатысты келіссөздері жүріп жатқан тұста, оның Үндістан үкіметінің ресмилерімен кездесулері Пәкістанның алаңдаушылығын тудырып отыр.

Азаттыққа берген сұхбатында президент Қарзайдың өкілі Карим Рахими, Ауғаныстан Пәкістаннан кетіп, Үндістанмен қарым-қатынас құруға тырысып жатыр дегенді жоққа шығарды. Ауғанстан президентінің өкілі соныменн қатар, ресми Қабул өз көршілерімен және аймақтағы басқа да елдермен байланыстарында тәуелсіз тұрғыда әрекет жасап келеді дейді:

“Үндістанға сапар немесе Үндістан жетекшілерімен келіссөздер өткізу осы процестің бір бөлігі. Президент қарзайдың Үндістанға сапары әлбетте басқа елдермен жақсы қарым-қатынас орнатуға бағытталған. Біз ешқашан бір елдің мүддесіне қарсы басқа бір елмен байланыстарымызды дамытқан емеспіз”.

Ал, Нью Йорк университетіндегі халықаралық ынтымақтастық орталығының Ауғаныстан бойынша маманы Барнет Рубиннің пікірінше, Талибанды қолдаушы кейбір күштердің Пәкістанда болуы Ауғаныстанды күдікті жағдайда қалуға итеріп отыр.
XS
SM
MD
LG