Осыған байланысты Бүкіләлемдік Экология қоры, БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы секілді бірқатар халықаралық ұйымдар мен Дүниежүзілік банк, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді қаржы ұйымдары, сондай-ақ Швейцария, Канада, Германия секілді елдердің үкіметтік ұйымдары бірлесіп, бұл халықаралық бағдарламаға 1млрд 400 миллион доллардың қаржысын бөлгелі отыр.
Халықаралық бұл ұйымдар тарапынан назар аударылып отырған осы жердің қуаңшылығы және шөлейттенуі бұл Орталық Азияның бес мемлекетінде бүгінде үлкен проблемаға айналып отырғаны белгілі.
Статистикалық мәліметтер бойынша, бүгінде Түркіменстанның барлық территориясының 70 процентейі шөлге айналған болса, Өзбекстанның барлық суармалы жерінің тең жартысы тұздануға ұшырап отыр. Ал Қазақстанға келер болсақ, мамандардың айтуынша, Қазақстан территориясының 66 проценттейі шөлейттенген, яғни құнарсыз жер деп саналады.
Мамандар бұл елдердегі жер қыртысының шөлейттенуіне мал жайылымдарының шектен тыс пайдаланылатындығы сондай ақ суармалы жерлердің тұздану процеске ұшырауы және табиғы қуаңышылық салдары әсер ететіндігін айтады. Осыдан болып соңғы 15 жылда Орталық Азия аймағындағы осы елдерде ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 20-30 процентке дейін азайған.
Халықаралық бағдарламаны іске асырушы Азия даму банкінің өкілі Роберт Эверитт келер жылы шөлейттену бағдарламасынің алғашқы кезеңі бойынша Орталық Азияның бес мемлекетіне 100 миллион доллардың қаржысы бөлінетіндігін айтады. Бұл қаржы әр елге тиісті жобаларды іске асыру үшін тең бөлініп беріледі деді ол.
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық проблема және бақылау департаментінің директоры Болат Бекниязов Қазақстанда шөлеййтенген жерлер көбінесе оңтүстік аймақта, батыс және орталық аймақта екендігін сондықтан 2005-ші жылдан бастап Қазақстан үкіметі шөлейттенуге қарсы күрес бағдарламасын жасап жүрігізіп келе жатқандығын айтады. Алайда бұл мәселеде жалғыз Қазақстанның бір өзінің бөлген қаржысы аздық танытандықтан халықаралық ұйымдар тарпынан бөлінгелі отырған бұндай қомақты қаржылай көмек өте қажет ақ дейді ол.