Осы айдың басында Германияның сыртқы істер министрі Франк Уольтер Штайнмайердің Ашхабадқа жасаған сапары барысында, Түркіменстан президенті Сапармұрад Ниязов Германия мен Ресейді Еуропаға дейін салынатын жаңа табиғи газ құбырының құрылысына қатысуға шақырған.
Ниязов өзінің германиялық қонағына Түркіменстан өзінің оңтүстігіндегі Иолотан аймағынан Ресейдің Штокман газ кенішін екі орап кететіндей, 7 триллион текше метр болатын жаңа табиғи газ қорын ашқанын айтты.
Штайнмайер Ниязовтың бұл ұсынысына айтқан жауабында ақырын ғана, Германия әрдайымда қауіпсіз газ жеткізілгеніне мүдделі деген. Егер Ниязов бұл орайдағы діттегеніне жете алса, Түркіменстан елі газының экспортқа шығу мүмкіндігін жылына 40 млд текше метрге жеткізе алады.
Каспий арқылы тасымалдау да осыған дейін Еуропа Одағы мен Құрама Штаттардың қолдауымен ұсынылған, ал Ресей қарсы болған Набукко құбыр жолына балама бола алады.
Түркімен президентінің бұл жобаға қатысты үлкен ынтасына қарамастан, Ресейлік Газпром компаниясының басшылары оған абайлап қарап отыр. Қарашаның 7-сі күні Ресейдің “Коммерсант” басылымы жазғандай, Газпром басшысының орынбасары Александр Рязанов Ресейдің мұнай алпауыт жетекшілері ол ұсыныстан құлағдар, бірақ біз оны жылдың соңына дейін әлі талқылаймыз деген.
Рязановтың Коммерсант тілшілеріне айтқанындай, Иолотан газ кеніші өз газының жоғарғы құрамына байланысты қосымша инвестиция қажет етеді. Және Газпром ол газ кенішіндегі қордың көлеміне күмән келтіріп, оған сенімсіз қарап отыр. Газпром жетекшілерінің ол күдікшіл ұстанымы Түркіменстан президентінің газ қорының көлемі туралы асыра сілтеп айтуынан туындаған болуы мүмкін.
Көптеген батыстық энергетикалық бақылау ұйымдары 2006 жылдың маусымындағы Бритиш Петролеумнің Әлемдік Энергия көзі жөніндегі статистикалық шолумен келіседі.
Ондағы есептер бойынша, Түркіменстанның газ қоры 2,9 триллион текше метр деп бағаланған. Егер Иолотан кеніші ашылып, оның көлемі 7 триллион текше метр табиғи газды құрап отырса, онда ол Орта Азия, Еуропа және Ресейдің энергетикалық картасына өзінің айтарлықтай салдарын тигізеді. Еуропа Одағы өз кезегінде бұл Ресей территориясынан жол берілмей отырған Түркіменстанның газ құбырынан айтарлықтай газ алуға қарсы емес.
Газпромның Газ өнеркәсібіндегі экономикалық зерттеулер институты жасап отырған сценариіне қарағанда, Ресей Газпромға уақыт ұтып, жаңа аймақтарды дамыту үшін мұндай келісімге жауапты болуы мүмкін.
Тағы басқа фактор, оған қарама-қайшы Норд Стрим яғни Солтүстік астау газ құбыры Балтық теңізінің астымен Германияға дейін газ тасымалдайды. Бұл құбыр жолының бастапқы тасымалдау көлемі жылына 27,5 млд текше метр болып жасалған болатын. Оның екінші белесінде паралельді құбыр жолы тасымалдау көлемін 55 млд текше метрге ұлғайтпақшы.
Ал, Ниязовтың өз еліндегі газ қоры туралы өсіріп айтуы мүмкін екені, осы тұрғыда Ресей мен Еуро Одақтың діттеген ойынан шығу жолында газ қуаты мол өз елінің оларға газ жеткізу мүмкіндігін алға тартып билікте неғұрлым қала тұру мақсаты болғаны айтылуда.
Бірақ, егер Иолотан газ кен-орнның шынымен 7 триллион текше метр газы болған болса, Газпром өз қорын азайтып, Түркімен президентінің газқұбыры жөніндегі арманын жүзеге асыруға көмектесуі мүмкін. Мұндағы Ресейдің үлкен алаңдаушылығы жаңа жоба оның Еуропалық келісім-шарттарының орнын басуы мүмкін.