АҚШ президенті Дж.Буш Ханойда Азия-Тынық мұхит елдері аймағының экономикалық ынтымақтастығы форумының жоғары дәрежелі кездесуі сыртында Қытай президенті Ху Жиңтаомен екеуара кездесу өткізіп, Қытайдың халқын американдық өнімдерді көптеп сатып алатын ел болғандығын қалайтындығын баса айтты.
- Президент мырза Ху Жиңтао, сіздің көзқарасыңызға мен қатты қолдау білдіремін. Мен сіздің еліңізді американдық, Америкада жасалған заттардың тұтынушысы ретінде көргім келеді.
Оның алдында Америка халқына арнаған апталық үндеуінде президент Буш американдықтарға қаратып айтқан сөзінде Құрама штаттары үшін Азия рыногының қаншалықты маңызды екендігіне назар аударған болатын.
- Азия - Америка үшін тым маңызды, өйткені, біздің елдің өнімдерін экономикасы өсіп келе жатқан Азияға шығарып, сатумен тығыз байланысты. Бүгінде Американың Атлантика арқылы жүргізетін саудасынан гөрі Тынық мұхит арқылы жүргізетін саудасы қомақты, сондықтан да біз әлемнің осы аймағында Американың тауарлары мен қызметі үшін жаңа рыноктарды ашуды қажет етеміз.
Американың өнім өндірушілері Бушқа Қытайға бағытталған экспорт көлемін ұлғайту қажет деп қысым жасап келеді. АҚШ-тың Қытаймен арадағы сауда айналымы дефициті өткен қыркүйек айында 166,3 миллиард доллар болған еді, енді ол өткен жылғы рекордты көрсеткіш 202 миллиард долларға оңай-ақ жетуі мүмкін.
Бушпен әңгімелесулері барысында Қытай президенті Ху Жиңтао өзінің екі елдің арасындағы қарым-қатынасқа қанағаттанатындығын білдірді.
- Мен осы жылдың шілде айында Санкт-Петербургта кездескеннен бері Қытай-АҚШ байланыстары жақсара түскеніне ризамын. Біздің екі елдің арасында жоғары лауазымды жетекшілердің кездесулері жиіледі және басқа да қарым-қатынастар кеңейе түсті.
Саясат саласында АҚШ Қытайдың әлемдегі басты деген күрделі мәселелердің шешім табуына белсене араласқанын қалайды. Буш Ху Жиңтаоға АҚШ пен Қытай бірлесе жұмыс істеу арқылы Солтүстік Корея мен Иранның ядролық бағдарламасы сияқты мәселелердің шешілуіне көмектесе алар еді деп атап көрсетті.
- Қытай - өте маңызды ел, біз сіздермен ынтымақтасып жұмыс істеу арқылы Иран, Солтүстік Корея сияқты елдердің проблемаларын шешкен болар едік.
Буш сондай-ақ өткен қазан айында өткізген ядролық сынағы Азияға әсер еткен Пхеньянмен қарым-қатынаста төзімдірек болуға шақырды.
Бұл аралықта Азия-Тынық мұхит елдері жетекшілері Солтүстік Кореяның ядролық қару-жарақ сынағына алаңдаушылық білдірді. Мәлімдемесінде әлем басшылары Пхеньянды атом бомбасын жасауға ұмтылмауға шақырған.
Азия-Тынық мұхит аймағы 21 елінің жетекшілері кезекті сегізінші саммитті қорытындылай келе, шілде айында нәтижеге жетпей қалған Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы келіссөздерін қайта жаңғыртуға ықылас білдірді.
Сондай-ақ бұл саммиттің сыртында АҚШ пен Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымына Ресейдің қосылуына жол ашатын екіжақты келісімге қол қойды.