Телевизия саласында қырық жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан Тыныс Өтебаев - көрермен қауымға жүзі таныс тұлға. Жарты ғасырға жуық тарихы бар қазақ телевизиясының қалыптасу кезеңін басынан кешірген танымал тележүргізуші Қазақстанның төл телеарнасының пайда болуын ерекше тарихи оқиға ретінде еске алады.
- Қазақ теледидары бірден республикалық болып шықты. Бізден кейін іле-шала Өскемен, Семей және Солтүстік Қазақстан облыстарында студиялар ашыла бастады. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы телевизиясының өркендеу тарихы бірдей: Алматы және Пекин телестудиялары өздерінің төл хабарларын бір күнде тарата бастаған, - дейді Тыныс Өтебаев.
Қазақ телевидениесі 1958 жылы наурыздың 8-де дүниеге келді. Тарихи деректерге жүгінсек, тұңғыш қазақ телеарнасының тырнақалды хабарын республика көрермендері 4100 теледидардан тамашалаған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда Қазақстан бойынша 72 телеарна жұмыс істеп жатыр. Жыл сайын бұл арналардың хабар тарату ауқымы ұлғайып келеді, - дейді «Қазтелерадио» АҚ техникалық директоры Валентина Ключникова.
- Оған қоса хабарлардың саны да жыл сайын артып отырады. Мәселен, бұған дейін біз телеарналар республика аумағының 75 пайызын қамтығандығына қуансақ, қазір «Қазақстан» және «Хабар» арналары 90 пайыздық көрсеткішті мойындатты. Ал «КТК», «НТК», «31 телеарна» секілді коммерциялық арналар асып кетсе республиканың 10-15 қаласын ғана қамтып отыр. Соған қарағанда олардың республикалық арналарды жуық арада қуып жететін түрі көрінбейді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда «Қазақстан» және «Хабар» телеарналары республика аумағының 96 пайызына, «Ел арна» және «Еуразия» телеарналары 75 пайызына хабар таратып отыр. Бұдан бөлек ұлттық «CaspioNet» спутниктік каналын Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс және Африка құрлығының солтүстік бөлігі көре алады. Сонымен қатар Қазақстан аумағында шетелдің 80-ге жуық телеарналары көрсетіліп келеді. Ресми дерек бойынша олардың 90 пайызы орыс тілінде хабар таратады. Тәуелсіз журналист Серік Ерғалидің айтуынша, Қазақстанда қазақ тілді хабарларды дамытуға дұрыс көңіл бөлінбей келеді.
- Қазақ тілінде іліп алар хабарлар өте аз. Мысалы, қазақ тілді халықты ақпаратпен қамту мүлде жолға қойылмаған: жылтыр сөздермен шығарып салу басым. Бұл салаға мониторинг жасалмайды. Статистикалық мәліметтер жоқтың қасы: дүдәмал деректер шығады, оны айтудың өзі ыңғайсыздау, - дейді Серік Ерғали.
«Қазақстан» ұлттық арнасының аймақтық тарату бөлімінің бастығы Тыныс Өтебаевтың айтуынша, қазақша хабарлар тарату мәселесі қазіргідей Кеңес одағында да өзекті болды. Бірақ, сол кездің өзінде Айдос Абылаев, Совет Мазғұтов, Камал Смайылов секілді ұлтжанды басшылардың ерен еңбегі арқасында қазақ тілінде қайталанбас туындылар дүниеге келген. Оның пікірінше, қазір қазақша сапалы хабарлар дайындауға қаржы жетіспеушілігі кедергі келтіріп отыр.
- Қазір өзіміздің төл киноларымызды қаржы жоқтығынан тарата алмай отырмыз. Соның салдарынан шетелдің киноларын аударып беруге мәжбүрміз. Бірақ соған қарамастан біздің жергілікті жергілікті телекомпаниялар өздері қазақ тілінде фильм жасап жатқан жағдайы бар, - дейді Тыныс Өтебаев.
Ал кейбір көрермендер болса коммерциялық телеарналардан түн ауа көрсетіле бастайтын қазақ тілді шетелдік фильмдердің қайталана беруінен жалыққандықтарын айтады. Тағы бір сарапшылар қазақ телевизиясында сөз еркіндігі құрып бара жатқандығын мәселе етіп көтеруде. «Әділ сөз» қоғамдық қорының маманы Ғалия Әженованың пікірінше, сөз бостандығы қазақ телеарнасынан 90-шы жылдардың ортасында жаншылған.
- Қазақ телевизиясында сөз еркіндігінің дамуы ұзаққа созылған жоқ: 1986-1988 жылдардағы еркіндіктің лебімен, содан кейінгі 90-шы жылдары да телеарналар қоғамның өзекті мәселелерін талқылап жүрді. Ал 90-шы жылдардың ортасына таман жасанды теледидар пайда болып, айтатын нәрсені айтқызбау, әртүрлі көзқарастағы адамдарды бөлу басым болып кетті. Мұндай жағдайда сөз бостандығы туралы қандай әңгіме болуы мүмкін, - дейді «Әділ сөз» қорының өкілі Ғалия Әженова.
Халықаралық ұйымдардың есептеуі бойынша, Қазақстан сөз бостандығы жөнінен әлемде 128-ші орында. Республикадағы бұқаралық ақпарат құралдарының шамамен 10 пайызы қазақ телевизиясының үлесінде.