Бақылаушылардың айтуынша, президент Назарбаевтың бұл сапары екі жаққа да, Қазақстан үшін де Ұлыбритания елі үшін де саяси- экономикалық себептері жағынан алғанда маңызды болып отыр. Британия өнеркәсібі конфедерациясының өкілі Поулин Ширманның айтуынша, бұл сапардың маңыздылығы - Лондон үшін энергетикалық қауіпсіздік пен қуат көзін алумен байланысты болып отыр.
“Біздің баяғыдан бергі мүддемізге сәйкес, бұл өз кезегінде біздің барлық назарымыз энергетика қауіпсіздігіне ауып отырған күндерде болып отыр. Және онда Ресейдің энергия саласында толыққанды әрі ұзақ мерзімді сенімді болуына қатысты Еуропа Одағында әртүрлі алаңдаушылықтар болып жатыр”.
Шиерман мұнда Қазақстанның Британия мен Еуропа Одағына баламалы түрде мұнай-газ жеткізуші бола алатынын және бұл келешек үшін стратегиялық маңызды екенін атап көрсетеді. Сонымен қатар, ол Қазақстан президентінің бұл сапарының маңыздылығы – Назарбаевтың британиялық қаржы әрі кәсіпкерлер қауымдастығымен кездесуі сынды бірқатар шараларда болып отыр дегенді айтады.
Қазақстан үшін бұл сапар саяси жағынан маңызды. Назарбаев ең дамыған батыс елдерін өзінің экономикалық және кәсіпкерлік тұрғыда ғана емес дұрыс бағытта жүріп бара жатырмын деп сендіргісі келеді.
Лондондағы Экономикалық ақпарат одағының сарапшысы Дафне Тер Сакариян да, бұл сапар Қазақстанның қалай аз уақыттың ішінде шынайы демократиялық ел болғанын көрсету үшін өте маңызды дейді.
“Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-на өтініші қабылданғанын қатты қалайды. Және сондықтан президент үшін Батыстың астаналарына барып, Қазақстан демократиялық тұрғыда лайықты алға басып келеді деп Батыс елдерін сендіруге тырысуы өте маңызды”.
Басқа сарапшылар да Сакариянның бұл пікірін қоштап отыр. Сарапшы Ральф Виегерт “Global Insight”-тың халықаралық іскерлік және инвестиция кеңесшісі. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанға Британия қамтамасыз ете алатындай Батыстың тәжірбиесі керек.
“Қазақстанның әлбетте технологиялық ептілігі аз. Мұнай өндіру жағдайында олар ұлттық қорларды нәтижелі дамыту үшін оған шетелдіктердің қатысуын қажет етеді. Осы тұрғыда оның сапарының бір мақсаты осы болмақ”.
Және бұл сарапшымыз Назарбаев үкіметі үшін саяси жағынан мойындау бұл сапардың маңыздылығын арттыра түспек дейді.
Бүгін Қазақстан президенті Ұлыбританияға сапарының екінші күнінде, Элизавета патшайыммен кездесіп, одан кейін премьер министр Тони Блэйрмен кездеседі.
Олардан соң, келесі жылы Блэйрдың орнына келеді деп айтылып жүрген қаржы министрі Гордон Браунмен келіссөздер өткізеді.
Ал, сәрсенбі күні президент Назарбаев Лондонның қаржы биржасының отырысын ашып, қала мэрімен кездеседі. Және Лондонның қаржы және бизнес саласының өкілдерімен сөйлеседі деп хабарланып отыр.
Сәрсенбінің кешінде Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Британия министрі Джефф Хунмен кездесіп, жол-көлік келісімдеріне қол қояды деп күтіліп отыр.
Британия өнеркәсібі конфедерациясының өкілі Поулин Ширманның айтуынша, экономика мен іскерлік мәселелері аса мүдделі болып отырғандықтан, Қазақстан мен Британия бұл салаларын бұрынғыдан да дамыту жағдайын қарастырады. Соңғы жылдары екі жақтың сауда байланыстары дами бастағанын да Шиерман атап өтті. Онда Британия елінің Қазақстанға 5,5 млрд доллардай инвестиция салып отырғаны айтылған.