Өңделген бағалы бриллиант тасы, су шаяны және бренди деген атаулар табыс әкелетін экспорттық бұйымдардың құрамдас бөлігі бола алмауы мүмкін. Дегенмен бұндай ұғым да кейде алдамшы сипатқа ие, әсіресе бұл Армения жағдайында жиі болып тұрады.
Әлемдік банктің есебіне сәйкес, бұл елдегі өнім өндіруші экономикалық үш кәсіпорын өткен жылы 14 процентке дамыған, бұл ТМД елдеріндегі мұнайсыз сектордың дамуынан жоғары болған. Арменияның индустрия технологиясы да қарқынды дамып, батыстық инвесторларды қызықтыра түсуде.
Саясат саласында Армения Ресей мен Батыс арасында өзара тепе-теңдікті ұстануға тырысады. Армения сыртқы істер министрінің орынбасары Армен Бабуртиян мұны өзара түсіністік саясаты деп сипаттайды.
- Ресейдің мүддесі қандай, олар өз қарым-қатынасына қаншалықты алаңдайды, олар сондай-ақ Арменияның Европамен ықпалдасуына ұстанатын бағыты қандай міне осының бәрі Армения жүргізген өзара түсіністік саясаты деп айта аламын. Егер қаласаңыз, бұл саясаттың маңызы Армения аймақтағы ойыншылардың мүддесін ескере отырып, басты саясатта кейбір үшкір бұрыштарын жұмсартуға тырысады.
Мәселен дейді Бабуртиян Арменияның Ресеймен жақсы қарым-қатынасы АҚШ-пен берік бағыттарымен толыға түседі деп атап көрсетеді. Екі елдің де бұл аймақтағы қызығушылығының бір бөлігі - олардың екеуінде де мекендейтін армян диаспорасының көптігінде.
Және бұл сан болашақта да өсе түсетін сыңайлы. Жақында жүргізілген сауалнамаға қатысқандардың 65 проценті Арменияда балаларының болашағы жоқ деп білетіндіктерін айтқан.
Соңғы жылдары Арменияда сайлаулардың еркіндігі мен әділеттілігі төмендеп барады. "Шекарасыз репортерлер" ұйымының бағалауынша Армения баспасөз еркіндігі бойынша 102 орынға жылжыған. Жемқорлық деңгейінің көрсеткіші де осымен шамалас.
Армения мұнайға бай көршісі Әзірбайжанмен өте жақсы көршілік қарым-қатынаста болуға ұмтылыс танытады. Дегенмен де екі елдің арасында Таулы-Қарабаққа қатысты жанжал әлі басыла қойған жоқ.
Арменияны алаңдататын ең бір үлкен мәселе ол - энергия қауіпсіздігі. Арменияның Медзамор ядролық қондырғысы мен жылу электр станциялары, электр тарататын барлық жүйесі енді Ресейдің меншігінде. Бұл өзара түсіністік саясатының шиеленісті бір көрінісі.
Бабуртиян осы жылдың аяғына қарай іске қосылатын Ираннан тартылған газ құбырын меңзей келе, Армения қуат көздерін жан-жақтан іздестіріп, түрлендіруге тырысуда дейді. Ал бірақ Батыс ресмилері қолданатын қуат көздері Ресейдің қолында қалып отырған жағдайда бұл өте аз, Ресейдің коммерциялық басымдылығы Ресей әскерлерінің Армения жерінде орналасуынан да қауіптірек болуы мүмкін деп бағалайды.
Европа комиссиясының Тбилисидегі қызметі жетекшісінің орынбасары Робин Лиддл Медзамор ядролық қондырғысының резервке өтуі, демек істен шығарылуы - Евродақтың Армениямен қол қойған іс-қимыл жоспарының өзекті бөлігі деп атап көрсетті:
- Медзамор - Армениямен жаңа іс-қимыл жоспардағы басты бағыттардың бірі. Бұл қолданыстан шығарудағы, энергия саласындағы жаңа стратегияны қамтиды. Бұл Европа комиссиясы мен Евродақтың ұзақ мерзімдік стратегиясы болған. Бұл жоспар бізге Армян үкіметінің осы іс-қимылдағы саяси міндеттемесін береді.
Армения шенеуніктері Медзамор қауіпсіз деп дауласады. Олар оны қолданыстан шығарудың датасын біртіндеп кейінге жылжытып келеді, Евродақ ресмилері енді ол 2016 жылдан ерте жүзеге аспайды дегенді айтады.
Армениямен бұл аймақта екі арадағы шекарасы жабық, ешқандай дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ бір ел бар, ол - Түркия мемлекеті.