Қарашаның 27-сі күні Ауғанстаннан іс сапардан оралған «Боевое братство» одағының президенті Сергей Пашевич ол жақта жүріп, жақын арада Ауғанстанға Қазақстанның бітімгершілік тобы баратындығы жайында ақпарат естігенін айтты «Азаттық» радиосына.
- Басында біздің сондай болжамымыз болған. Ал Ауғанстанда бұл ақпарат шынымен расталды. Біз ол жақта дала командирлерімен, Ахмад Шах Масудтың ізбасарларымен кездестік. Біздің ақпарат көздеріміз өте сенімді. Олардың айтуынша, бұл мәселе қазір қаралу үстінде ғана емес, бірқатар құжаттарға қол қойылған. Ол жаққа аттанатын әрбір қазақстандық команданың құрамында штаттағы 200 адам болады. Мұндай бір провинциалдық-қалпына келтіру командасын жасақтау үшін Қазақстаннан 5 миллион доллар талап етіледі. Ал одан кейінгі салымдар екі есеге көбейіп, яғни, 10 миллион доллар болмақ, - дейді совет-ауған соғысының ардегері Сергей Пашевич.
Оның айтуынша, Ауғанстанға Қазақстаннан бітімгершілік тобы жақын уақытта аттануы тиіс. Ол үшін бұл бастама алдымен Парламентке түсуі керек дейді «Боевое братство» одағының басшысы. Ал парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Серік Әбдірахманов мұндай ақпаратты алғаш естіп тұрғанын айтты:
- Мұндай хабарды естіген емеспін. Ондай шешім қабылданған жоқ, ондай ақша бөлінген жоқ, ондай құжаттарды көрген жоқпын. Бұл – Парламенттің құзырында. Президент шешім қабылдауы керек.
Дегенмен, қазақстандық әскерилердің Ауғанстанға аттануы әбден мүмкін деп есептейді Қазақстан запастағы офицерлер одағының төрағасы Айтқали Есенқұлов. Ол бұл ақпаратты қазіргі қызметтегі офицерлерден естігенін айтты:
- Әрине, мүмкін нәрсе. Бүгін осы туралы қазір әскерде жүрген басқа генералдармен ақылдасқанмын. Олар да: «Баратын мүмкіншілігі бар. Айтса, жібереміз, бірақ оның халыққа пайдасы жоқ», дейді.
Қазақстанның запастағы офицерлер одағының төрағасы Қазақстандық бітімгершіл топты Ауғанстанға аттандыру – тек бітімгершілік топтағы әскерилердің ғана емес, басқа қазақстандықтардың да тыныштығына қауіпті деп есептейді.
- Бұл деген - өлімге жіберу ғой. Оларды апара қалса, Ауғанстанның нағыз соғыс жүріп жатқан оңтүстігіне жібереді. Біз бұдан ештеңе үйренбейміз, тек АҚШ пен НАТО-ны қолдау үшін жасалып жатыр. Басқа да келісімдерге қосылып, АҚШ-ты қолдай берсе, біз өзіміз ана лаңкестерді шақырып аламыз. Қазір олар бізге тисіп жатқан жоқ. Егер бұл бастамаға қосылсақ, олар бізді өздерінің дұшпандары қатарына қосады, - дейді А.Есенқұлов.
Мұндай пікірді Ауған соғысы ардагерлері одағының Алматы қаласы бөлімшесі бастығының орынбасары Дүйсен Тойбаев та қостайды.
- Шынымды айтсам, мен үшін бұл үлкен трагедия болмақ. Өйткені, менің өзім содан өттім. Сондықтан, оның не екенін білемін. Бітімгершілік топ дейді. Бірақ, соғыстың аты – соғыс. Ол сенің бөтен елге қандай мақсатпен келгеніңе қарамайды. Сондықтан, үкімет бұл мәселені әлі мұқият қарайды, өз ұлдарын ажал аузына айдап апармайды деп ойлаймын, - дейді ауған соғысының ардегері Д.Тойбаев.
Ауғаныстанға Кеңес әскері кірген 1979-1989 жылдары аралағында сол елде болған шайқастарда қазақтың 22 мыңға жуық жауынгері қатысты. Олардың 900-ге жуығы соғыста қаза болса, 1 мыңнан астамы Отанға мүгедек болып оралды. Ал 2003-ші жылы Ираққа аттанған Қазақстан бітімгершілік тобының бір мүшесі қызметін орындау барысында қаза тапқан.