АҚШ-тың Конституциясы президенттік құзырды иеленуді екі рет төрт жылдық мерзіммен шектейді. Бірақ, онда сайлауға қатысқысы келген кандидаттардың сайлау алды науқанын қашан бастайтыны туралы ештеңе айтылмаған. Сондықтан, Құрама Штаттарда президенттік сайлау науқандары екі жыл бұрын басталып жатады. Бұл тұрғыда:
“Әлбетте, ол дәл қазір бола қоймас немесе алдағы жақын уақытта, десе де ол келесі жылы болады”, - дейді 2001 жылғы 11-ші қыркүйектегі террорлық шабуылдардан кейін қаланы қалпына келтіру ісімен халыққа танымал болған Нью-Йорк қаласының мэрі Рудольф Жоолиани.
Жоолиани 2008 жылғы президенттік сайлауда Республикандық партия атынан түседі деп отырған жетекші кандидаттардың бірі. Егер ол жарысқа түссе, АҚШ сенаторы Джон МакКейнмен бәсекелесетін болады. Вьетнам соғысының тұтқыны болған МакКейн 2000 жылы Республикандық партиядан Бушпен жарысқа түсіп, жолы болмады. Оның қазірдің өзінде 2008 жылда болатын сайлаудағы мүмкіндіктерін анықтайтын зерттеу комиссиясы құрылған. Бірақ, Маккейн өзінің әлі сайлауға түсу жөнінде шешім қабылдамағанын айтады:
“Мен ылғи да айтып жүргендей, мен оны келесі жылдың басында шешетін болам, мен осы жылдың соңындағы демалысымда отбасыммен отырып, сонда шешетін болам”.
Сонымен қатар, Масачусетс штатының солтүстік шығысындағы Республикандықтар жетекшісі Митт Ромней, өзінің сайлауға түсу мүмкіндігін танытқан, бірақ оның аты әзірге халық ішінде аз ғана танылған. Әрине, осындай жағдай Билл Клинтонда да болған-тұғын, 1990 жылдың басында оның халық ішіндегі танымалдылығы шамалы болған еді.
Олардың қатарында оппозициялық демократтардан президенттік сайлауға түсуі мүмкін Бурок Обама Илинойс штатының орталық батысынан АҚШ сенатында отыр. Оның айтуынша:
“Егер мен президенттікке түсетін болсам, мен мәлімдеме жасаймын, әрбір адам шақырылатын болады. Және ол бұл тұрғыдағы болжамдарға тоқтау болады”.
45 жасар демократ Обама, АҚШ сенатында қызмет етіп отырған жалғыз африкан-американдық. Және оның ұлттық деңгейдегі танымалдылығы шамалы ғана. Дегенмен, ол өзіне назар аударатындай тартымды тұлға. Оның анасы Канзастың ақ нәсілдісі болса, әкесі Кенияның қарасы. Обаманың өзі Гарвардтағы заң оқуын бітірген. Егер ол сайлауға түсетін болса, оның ірі бәсекелесі бұрынғы президент Билл Клинтонның әйелі, АҚШ сенаторы Хиллари Клинтон болуы мүмкін. Әзірге Хиллари өзінің президенттікке түсетіні туралы ресми мәлімдемесе де, ол демократтардың атынан сайлауға түсетін жетекші кандидат ретінде танылып отыр. Және тағы бір демократ Том Вилсак орталық Айова штатының мэрі. Ол өзінің президенттік сайлауға түсетіні туралы мәлімдегендердің бірі. Бірақ, оның да аты халық ішінде аз танылған.
Десе де АҚШ-тың президенттік сайлауы 2008 жылдың 7-ші қарашасына дейін өтпейді. Ендеше осының бәрі тым ерте емес пе дегенге, Уашингтондағы саяси зерттеу орталығы, Демократиялық институтының директоры Патрик Башам, әлемдегі ең ықпалды елдің басшысы болу үшін президенттік науқанның қазірден басталғаны ерте болмайды деді. Десе де, қазір мен сайлауға дейінгі уақыт арасында көп нәрсе өзгеруі де әбден мүмкін.