“Ханымдар мен мырзалар, бұл аймақта, мен байқап отырғандай, Ресей мен Қытай шекарасымен тікелей көрші орналасқанына қарамастан, екі бірдей үлкен көршінің монополиялау тілегі орындалмай отыр. Ол аймақтағы көбісі Еуропаға қарайлап, бұл Орта Азия аймағына Еуропа қызығушылық танытады деп күтеді” - деді Германия сыртқы істер министрі Штайнмайер.
Сөйтіп, ол Еуропа Одағының не себепті Орталық Азияға стратегиялық қызығушылық танытады дегенге үш себеп келтірді. Біріншісі, бұл өңір тұрақсыздық болып отырған Ауғаныстан, Пәкістан және Иран елдерімен тікелей көршілес аймақ. Екіншіден, Орталық Азия ислам фундаментализмі күшейген аймақ, үшіншіден - Еуропаның бұл аймақтағы мүддесі энергия көзінде жатыр деген Еуро одақтың алдағы төрағалығын алушы ел -Германияның сыртқы істер министрі.
Франк Уолтер Штайнмайер бұл аймақтағы көптеген елде заң мен демократияның енді ғана жолға қойыла бастағанын мойындағанымен, Одақтың Орта Азиямен байланысындағы негізгі мәселелерді жоғарыдағыдай ғана атап өтті. Ол сонымен қатар, Болгария мен Румынияның жаңа жылдан бастап Одаққа ену жағдайында Қара теңіз аймағының да маңыздылығы арта түскеніне тоқталды. Бұл жерде Румыния Еуропа Одағының мүшесі ретінде, Одақтың бағдарламасы бойынша Молдоваға үлкен ерекшелік беруге тырысады делініп отыр. Украина да, Грузия мен басқа Кавказ елдері де Еуропа Одағының назарын қажет етеді. Брюссельдегі ресмилер бұл аймақпен көбірек байланыс құруды жоспарлайды деген.
Германияның шығыстағы үшініші басым бағыты- Ресей болып отыр. Қараша айында Хельсинкиде өткен саммитте жаңа әріптестік келісімін құру жолындағы келіссөздер жүргізу үміті болған еді, ол сауда дауына байланысты Польшаның вето қоюымен жүзеге аспады.
Германия сыртқы істер министрі кеше Еуро Одақтың әлі де Польшамен бірауыздылықта қала бергенімен, Берлин бұл тұрғыда бар назарын үлкенірек мәселеге аударады деді.
“Ресейдің заңдары мен демократиясын жолға қойып, Еуропалық маңызды жүйемен жақынырақ болуды қарастырғаны Еуропаның мүддесіндегі мәселе. Сондықтан менің пікірімше, Ресеймен келіссөздер шеңберін кеңейту қажет және біздің байланыстарымызды жаңадан аяғынан тұрғызу керек” деген Германия сыртқы істер министрі өзінің бүгін яғни желтоқсанның 20-сында Мәскеуге баратынын айтқан еді.
Сыртқы саясаттағы тағы бір маңызды мәселелерінің бірі ретінде, Штайнмайер Германия алдағы уақытта жақында жартылай тоқтап қалған Түркияның одаққа қабылдану жөніндегі келіссөздерін кемінде жаңа екі келіссөз бөлімімен ашуға үміт артып отырғанын айтты.
Германия сонымен қатар 2007 жылдың 21-ші қаңтарындағы Сербияның сайлауларынан кейін, Косованың мәртебесін анықтау жөніндегі келіссөздерге төрағалық етеді.