Accessibility links

Гуантанамо түрмесінен қазақстандық азаматтар бостандыққа шықты


Гуантанамо түрмесінде 2002 жылдан бері қамауда болған 3 қазақстандықтың кінәсі дәлелденбей, олар бостандыққа шығарылып, Алматыға оралды. Бұл туралы "Азаттық" радиосына Сыртқы істер министрлігі желтоқсанның 21 күні хабарлады. Ал Қазақстандағы халықаралық адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының директоры Евгений Жовтис 4 жыл қамауда отырған қазақстандықтар АҚШ өкіметінен өтемақы талап етулеріне толық құқылары бар деп есептейді.

Желтоқсанның 16-сы күні үш қазақстандық Гуантанамо түрмесінен босатылып, Алматыға келді. Оларды әуежайда туыстары қарсы алғандығын айтады Сыртқы істер министрілгінің баспасөз-хатшысы Іляс Омаров:

Олардың кінәсі дәлелденген жоқ. Сондықтан, Қазақстан тарабы жағынан оларды сот арқылы қудалау болмайды. Тағы бір азамат сол жақта қалды. Бірақ бұл мәселе де оң шешімін табады деп үміттенеміз. Оларды 2002 жылы лаңкестікке қарсы коалицияның Ауғанстанда тәліптерге қарсы операциясы кезінде тұтқындаған. Бірақ оладың кінәсі дәлелденбегендіктен, енді босатып отыр. Осы уақыт аралағында Сыртқы істер министрлігі бұл ретте үнемі келіссөздер жүргізіп келді. Босатылған адамдар Ауғанстанда заңға қайшы ештеңе жасамағандарын айтады. Жас адамдар. Бірақ нақты олар кімдер, қанша жаста, қайда тұратындықтарын айтпуға конситуциялық құқығымыз бар, дейді Сыртқы істер министрілігінің баспасөз-хатшысы Ілияс Омаров.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Гуантанамодағы АҚШ әскери-теңіз базасында 2002-жылы Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы күштеріне қарсы шабуылдар кезінде қолға түскендер қамауда отыр. Осыдан бір жарым жыл бұрын базада әлемнің 40 елінен 600-дей адам, соның ішінде Қазақстанның төрт азаматы болған. АҚШ жағынан оларға лаңкестікпен күрес аясында "қарсылас жағында әскери қақтығыстарға қатысушы" деген мәртебе берілген. Қазақстандағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау халықаралық бюросы бірқатар конференциялар аясында Гуантанамо түрмесінде жатқандардың құқықтарын қамтамасыз етуді талап еткен мәлімдемелерге қол қойғандарын айтады бюро директоры, адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис:

- Өкінішке орай, олардың құқықтары өрескел түрде бұзылып келді. Бұл тұтқындарға адвокаттар жіберілген жоқ. Тағылған айыптары айтылмастан, олар сол жерде жатты. Яғни, АҚШ өкіметі әділ сот өнідірісінің барлық принциптерін бұзды. Оларды соншама уақыт базада психологиялық қысым көрсетіп, жауап алуға тырысты. Бірақ істі сотқа жіберуге болмайтындығына көздері әбден жеткеннен кейін босатып жатыр. Егер олардың айыптары дәлелденбесе, олар кінәсіз. Егер олар кінәсіз болса, онда өтемақы алуға құқылы. Сондықтан, Сыртқы істер министрлігі оларға 4 жыл базада отырған уақыттарын өтеу үшін АҚШ үкіметіне өз талаптарын беруге көмектесулері тиіс. Ал АҚШ өкіметі жауап берулері керек! - дейді қазақстандық адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис.

Қазақстан парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитет төрағасы Серік Әбдірахманов қазақстандық азаматтар егер өз құқықтарын қалпына келтіру үшін талпынса, өздерінің жан-жақты қолдау көрсететіндіктерін айтады:

- Адам құқы еш жерде бұзылмау керек. Бұл - АҚШ та мойныдаған халықаралық ережелер, халықаралық шарттардың талабы сондай. Мысалы, АҚШ бір азаматтары «дүниенің бір бұрышында қауіп төнді бостандықтарына, ренжітіп жатыр» дегенді естіп, гуілдеп шыға келеді. Солай біз де азаматтырымызды, оларыдң құқықтарын қорғауымыз керек!

Бұл ретте АҚШ елшілігінің пресс-атташесі Жаклин Маккенен Гуантанмо базасынан босатылып шыққан қазақстандықтарға АҚШ өкіметінің өтемақы беруі мүмкін емес шығар дейді:

- Гуантанамода ұсталғандар бізге қарсы әскери шаралар жасаған кезде немесе «Талибан» яки «Әл-Каеданы» белсенді түрде қолдағанда немесе екі қозғалысты да қолдаған кезде қолға түскен. Біз АҚШ-тың жауларын қолдағандарға өтемақы төлемейміз!

Кубаның оңтүстік-шығысындағы Гуантанамо түрмесі 5 жыл бұрын пайда болған. АҚШ әскерилері Ауғанстаннан ол жаққа тұқындарды алғаш 2002 жылы қаңтардың 11-інде әкеле бастаған. Жалпы түрме істеп тұрған уақыт аралағында ол жақтан шамамен 380 адам босатылды, олардың 114-і биыл еркіндікке шыққан.
XS
SM
MD
LG