Алматы қаласына алты жыл бұрын көшіп келіп, шағын пәтерге ие болудың ретін таппай келе жатқан Светлана Константиновна үйдің бағасы қымтаттайды екен дегенді естігенде қатты қиналғандығын жасырмайды.
- Қынжылатын жағдай. Менің пікірімше, үйдің бағасы бұдан артық өспеуі тиіс. Қазірдің өзінде Алматыда шағын пәтер алудың өзі қиындап кетті. Әсіресе, біз секілді жастарға қаладан орын табу қиын. Осы қалаға көшіп келгеніме біраз болды, әлі күнге дейін пәтер жалдап келемін. Үйдің бағасы қымбаттаған сайын пәтер жалдаушылар да бағаны көтеріп келеді, - дейді Светлана.
Алайда, жылжымайтын мүлік секторындағы бірқатар сарапшылар жаңа жылдан бастап тұрғын үйдің бағасы тағы да көтерілуі мүмкін деген болжам жасап отыр. Мәселен, Алматы коммерциялық жылжымайтын мүлік орталығы 2007 жылы үйдің бағасы 20 пайызға көтеріледі деген ақпарат таратты. Сонымен бірге, «Абсолют» риэлторлық компаниясының қоғамдық байланыс жөніндегі директоры Олег Алферов та бұл пікірді қостап отыр.
- Тұрғын үй бағасының өсу үрдісі келесі жылы да жалғасын табады деген болжам жасап отырмыз. Бірақ бағаның көтерілу жылдамдығы бұрынғыдан сәл бәсеңдей ма деп топшылаймыз. Өйткені, Үкімет бұл сектордағы бағаның өсуіне қарсы әрекет ететіндігі айтып келеді. Сонымен бірге, Қазақстанда құрылыс ауқымының өсуі, оның ішінде шағын пәтерлердің көптеп салынуы да бағаны біршама тежеуі мүмкін. Соған қарамастан, бағаның өсуі жалғаса бермек. Яғни, келер жылы бағаның өсімі біршама тұрақтануы мүмкін, бірақ арзандамайтындығы анық, - дейді Олег Алферов.
Сондай-ақ, сарапшылар тұрғын үй бағасының қымбаттауына 2007 жылдан бастап күшіне енетін «Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік туралы» Заңның да ықпалы болуы мүмкін екендігін алға тартып отыр. Аталған Заң күшіне енген соң, құрылыс компанияларының үлескерлер алдындағы жауапкершілігі артпақ. Қазіргі күні компаниялар құрылыс қажеттілігіне қажетті қаржыны үлескерлердің есебінен алып келсе, жаңа жылдан соң компанияның өзі құрылысқа кем дегенде 12 пайыз ақша құюы тиіс болады. Ал бұл тұрғындардың құрылыс компанияларына деген сенімдігін арттырып, соның нәтижесінде тұрғын үй секторына капитал салушылар артады. Бұл жағдай, өз кезегінде баспана бағасының көтерілуі ықпал етуі мүмкін, деп есептейді мамандар.
Сарапшы Олег Алферов дәл осындай жағдай көршілес Ресейде орын алғандығын еске сала отырып, бұл тәжірибенің Қазақстанда да қайталану мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
- «Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік туралы» Заңның қабылдануы, бір жағынан, компанияның үлескер алдындағы жауапкершілігін арттырса, екінші жағынан, бұл құжат компания мен үлескердің де қаржысына соққы болып тиюі мүмкін. Яғни, бұл жағдайда құрылыс компаниялары алдында тұрғын үй бағасын тағы да көтерудің жаңа мүмкіндіктері ашылмақ.
Экономист Қанат Берентаев бұл пікірмен келісетіндігін, бірақ бұл жағдай бағаның өсуіне әсер етпеуі тиіс дегенді айтып отыр.
- Бұл жерде екі нәрсені ұмытпауымыз керек. Біріншіден, қазіргі таңда Алматы қаласынындағы үйлердің бағасы Мәскеудегі тұрғын үйлердің құнына жақындап қалды. Яғни, бұл бағаның шырқау шегіне жеткен тұсын аңғартса керек. Тағы бір ескеретін жағдай, Қазақстандағы тұрғын құрылысы рыногында әсіре қызу процесі байқалып отыр, - дейді экономист Қанат Берентаев.
Алматыдағы коммерциялық жылжымайтын мүлік орталығы 2006 жылы Алматыдағы тұрғын үй бағасы шамамен 80 пайызға қымбаттағандығын хабарлады. Бағалаушы компаниялар соңғы жетінің өзінде баспана бағасы 3 пайызға өсіп, Алматы қаласында тұрғын үйдің бір шаршы метрі 2557 доллардан асқандығын есептеп отыр.