Accessibility links

Саддам Хұсейн өліммен жазаланды


Саддам Бағдадта сенбі күні таң атып келе жатқанда дарға асылды. Өлім жазасының іске асырылуы видеоға түсірілді. Ирақтағы АҚШ әскері Саддамды қолдайтын сүннит көтерілісшілері толқу қоздыруы мүмкін деп сақтық қамына кірісті.

Саддам өлім жазасына 5 қарашада кесілді. Ол 1982 жылы 148 шиит азаматын өлімге қиды деп табылды, адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп табылды. Ирақ аппелиция соты 26 желтоқсанда өлім жазасы үкімін күшінде қалтырды. Саддам Хұсейннің соты бір жыл жалғасты. Бұл кезеңде үш адвокат өлтірілді, алғашқы сот төрешісі іске саяси қысым жасалып жатыр деп қызметінен кетіп қалған болатын. Адам құқықтарын қорғайтын халықаралық ұйымдар сот барысына сын айтады.

Саддам Хұсейн Ирақты жиырма жылдан астам биледі. Ол 2003 жылы АҚШ әскері бастаған коалиция елге кіргенде орнынан кеткен. Саддам елде диктаторлық тәртіп орнатқан. Саддам туған қаласы Тикритте бір үй ауласында жерге қазылған шұңқырда табылып, 2004 жылы 13 желтоқсанда тұтқындалды.

АҚШ президенті Джордж Буш Саддам "әділ сот бойынша жазаланды, ол өз зұлым билігінде құрбандарына әділдік бұйырмаған еді" деп сипаттады. Британия сыртқы істер министрі Маргарет Беккет Саддам "жөнімен жауап берді" деді, дегенмен Британия үкіметі өлім жазасына жалпы қарсы деді. Иран мемлекеттік баспасөзі Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Хамид Реза Асефидің Саддамның өлімін құптаған сөзін келтіреді. Иран өкілі Саддамның дарға асылғаны барлық Ирақ азаматтарының жеңісі деді. "Хьюман райтс уотч" адам құқықтарын қорғау ұйымы Саддамның соты мен өлім жазасына тарих бағасын береді, бұл істерде әділеттік болмады дейді. "Амнести интернешнл" ұйымы Саддамның өлім жазасы үкімін іске асыруды барып тұрған қате деді.
XS
SM
MD
LG