Вашингтондағы саясаткерлердің бұл айтысы Ираққа қатысты қандай негізгі мәселелерді қамтып отырғанын Американ Сенаты Сыртқы Байланыстар Комитетінің төрағасы Джозеф Байденнің мына сөздерінен байқауға болады.
"Мәселе нәтиже бермей отырған Буш саясатын одан әрмен қолау-қолдамауымызда. Бағдаттағы әскер санын көбейту деген бұл саясатты біз соңғы 12 айда екі рет іске асырып бақтық. Өкінішке қарай, Буш әкімшілігіндегі достарымыз қайта бұрынғысына бастап отыр. Мәселені әскери тұрғыдан шешпестен бұрын оның саяси шешімін табуымыз керек", - дейді сенатор Байден.
Конгрестің басқа мүшелері де Бушты осы іспеттес сын астына алып отыр. Сенат пен Өкілдер Палатасындағы көпшілік боп табылатын Демократтардың жетекшілері жұмы күні Перзидент Бушқа хат жолдап, оны Ирақтағы әскерлерді бірте-бірте шығару үрдісін бастауға шақырды. Сенаттағы көпшіліктің жетекшісі Харри Рэйд пен Өкілдер Палатасындағы көпшілік жетекшісі Нэнси Пелоси әскерлерді бұлайша бірте-бірте әкету үрдісі алдағы 4-6 айдың ішінде басталуы қажет деген.
Бұл Президент Буш ұсынғалы отырған Ираққа қатысты жаңа саясатқа қарама-қарсы ұсыныс десе де болғандай. Хабарларға қарағанда, Президент Буш Ирақтағы Американ әскерлерінің санын уақытша болса да көбейтуге және Ирақты қайта құруға қосалқы қаражат бөлуге шақырғалы отыр. Президенттің жоспары бойынша, Ирақтағы Американ әскерлерінің саны 20 мыңға дейін арттырылып, Ирақ экономикасын қалпына келтіруге қосымша бір миллиард доллар жұмсалу қажет.
Президент Буштың Ираққа қатысты жаңа саясатына қарсы шыққанымен Демократтар өздерінің балама жоспарына қатысты нақты бір шешімге әлі келмеген тәрізді.
Пелоси мен Рэйд бірыңғай оппозициялық стратегияны құруға тырысып отыр. Бұл мәселеде олар тек өздерінің Демократтық партиясы ғана емес, Буштың Республикашылдар партиясындағы кей конгресмендердің қолдауына сүйену қажет деуде. Алайда олар Ирақ соғысын қаржыландыруды мүлде тоқтату қажет дегенді айта жаздады.
Жексенбі күні Пелоси қосымша қаржы жөніндегі кез келген өтініш "қатаң түрде тексерілетін болады" деді. Ол сондай-ақ, бюджеттік өтініште Буш Американың Ирақтағы қазіргі міндеттемелеріне қатысты қаржы мен алдағы әскер санын көбейтуге қажет қаржыны бөліп көрсеткені жөн болар еді деп атап өткен.
Алайда Буштың Ирақ саясатын қадағалап отыратын Конгрестегі ең негізгі комитеттің жетекшісі сенатор Байден Конгрестің соғысты қалай жүргізу барысына қол сұға алмайтынын еске салып отыр. Өйткені Американ Конституциясы бойынша, бұған шектеу қойылған.