2006 жылдың жазында Алматының 200 мыңнан астам тұрғындары қаладағы Фурманов және Достық көшелеріне белгілі қоғам қайраткерлері Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбайұлының аттарын беруін сұрап, Алматы әкімі И.Тасмағамбетовтың атына хат жолдаған болатын. Өтініш иелеріне жауап өткен жылғы тамыздың 18-күні Алматы әкімшілігінің Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығы Матыжанов мырзаның атынан келген еді. Онда көше аттары адам қайтыс болғаннан бес жыл өткеннен кейін ғана берілетіндігі айтылған. Сотқа шағымданушылардың бірі Маржан Аспандиярова әлгіндей жауапқа қанағаттанбайтындарын айтады.
- Алматы әкімшілігінің Тіл басқармасы бастығы атынан келген хатта қайраткер қайтыс болған уақыттан бес жылдан кейін ғана көше атын беру мәселесі қарастырылатындығы айтылған. Қазақстандардағы заңдарда мұндай шектеу жоқ. Осыған байланысты бізге сотқа жүгінуге тура келді. Соттан біз Алматы қаласы әкімі нақты жауап беруін талап еттік, - дейді Маржан Аспандиярова.
Алайда, Алматы қалалық ономастикалық комиссиясының хатшысы Оразов мырза болса көше аттарын беру мәселесі заң аясында жүріп жатыр деген пікірінен таймай отыр.
- Қалада ескерткіш тақталарының көбейіп кетуі мен көше аттарын беру туралы өтініштердің көптігіне байланысты, Алматы қаласы әкімінің ұсынысын ескере отырып, Үкімет жанындағы ономастика жөніндегі комиссиясының кез-келген тұлғаның қайтыс болған күннен бастап бес жылдан кейін ғана көше аттарын беру туралы тұжырымдамасына сүйендік. Өйткені, бір жылдың ішінде бізге жүзге жуық осындай өтініштер түсіп жатады, - дейді Алматы әкімшілігінің өкілі Оразов мырза.
Алайда, сотқа шағымданушылар Республикалық ономастикалық комиссиясының осындай мазмұндағы тұжырымдамасының заңдық күші жоқ екендігін алға тартып отыр. Заңгер Нияз Болсанбековтың пікірінше, бұл жағдайда 200 мыңнан астам адамның құқығы бұзылып отыр.
- Заң бойынша Қазақстанның әрбір азаматы өзінің пікірін білдіруге құқылы. Осы тұрғыдан алғанда қаншама адамның талап-тілегі орындалмай, олардың құқығы аяққа тапталып отыр. Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбайұлының кім болғанын біз барлығымыз жақсы білеміз. Олардың есімі Алматы қаласының орталығынан көше аттарын беруге лайықты. Ал біз өзіміздің заңды талаптарымызды орындатуға күш саламыз, - дейді заңгер Нияз Болсанбеков.
Екі жақтың пікір таласын тыңдап шыққан сот төрағасы Сейдахметов мырза қаралып отырған азаматтық іс бойынша сот шешімі қаңтардың 22-күні шығарылатындығын жеткізді.