Қазақстанда демократиялық құндылықтарды насихаттайтын кезекті оппозициялық партия мемлекеттік тіркеуден өтті. Дегенмен, жаңадан партиялар қатарына қосылған Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның қазіргі таңда жұмыс істейтін басқа оппозициялық партиялардан өз ерекшелігі болатындығын айтқан еді «Азаттық» радиосына осы партияны ұйымдастыру комитетінің мүшесі Әміржан Қосанов:
- Социал-демократиялық идеялар әзірше өз иесін таппай келген. Сондықтан, Социал-демократиялық партия құру туралы ой қабылданғаны мәлім. Екінші жағынан, парламент сайлауы кезінде партиялардың рөлі күшейеді, басқа сайлауларда қозғалыстар өз функциясын атқарады. Сондықтан, біз дайын болуымыз керек...
Бұл уақытта елдегі келесі бір оппозициялық «Алға» партиясы осымен үшінші рет 50 мыңнан астам қол жинап Әділет министрлігіне тапсырғанымен, әлі күнге дейін мемлекеттік тіркеуден өте алмай жүр. Тіпті биылғы жылдың қаңтар айында жағдай ушығып, партияны тіркетпеу бойынша қауырт шаралар қолға алына бастады дейді «Алға» партиясының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Асылбек Қожахметов:
- Қаңтар басталғалы 3-4 аймақта аудандық газеттерде бір уақытта мақалалар шықты. «Партияға 100 шақты адамды өтірік кіргізді, олар «Отан» партиясы деп ойлап қалған» деп. Содан бір уақытта 100-дей адам біздің офистерімізге арыздарын тапсырды... Демек, билік алдымен осылай қоғамдық пікір қалыптастырып, содан кейін тіркемеу туралы қаулы шығару бойынша дайындық жүргізіп жатыр.
«Алға» партиясынан әлдеқайда кейінірек пайда болған оппозициялық ұйымның – Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның бұрынырақ тіркеуден өтуін сарапшылардың дені партия басшысы – парламент мәжіліснің бұрынғы спикері Жармахан Тұяқбайдың мүмкіндіктерімен байланыстырады. Саясаттанушы-журналист Андрей Свиридов Жармахан Тұяқбай – демократиялық оппозицияда уақытша қалып, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – президент әкімшілігінің жобасы болуы әбден мүмкін деген пікір айтты. Мәселен, Жармахан Тұяқбай түрлі қысымшылыққа ұшырап, қуғын көрген серіктестерін қолдап-қорғауда ешқандай әрекеттер жасамады дейді Андрей Свиридов.
«Президенттік сайлау науқаны кезінде «Әділетті Қазақстанның», Жармахан Тұқябайдың кампаниясына белсенді түрде қатысқаны үшін Әлібек Жұмабаев тұтқындалып, ісі қолдан жасалынып, ақыры сотталған. Бірақ Тұяқбайдың оны қорғау бойынша қандай да бір әрекетке барғанын байқамадым. Ал Тұяқбайдың сайлау штабында насихат жұмысымен айналысқан әйелдің бастапқыда жоғалып кетіп, содан кейін айуандықпен өлтірілген 14 жастағы қызы - Оксана Никитина туралы Тұяқбай басында көтергенімен, сайлау біте салысымен ол туралы ұмытып кетті. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның құрылтай съезі өткеннен кейін 2 айдан соң Тұяқбай президент Назарбаевпен кездесті. Ал ол кездесудің мән-жайы сол күйі толық жария болған жоқ. Қалай болғанда да, бір партияны билік оңай тіркеп, екіншісін тіркемеуі белгілі-бір ойларға жетелейді», - дейді Андрей Свиридов.
Дегенмен, келесі бір саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен «Алға» партия сипаты жағынан оппозициялық болғанымен, екеуі екі түрлі бағыт ұстанады деген пікір білдірді. Социал-демократиялық партияның тіркелуі партия басшылығының конструктивті, бірізді әрекеттерінің жемісі деп есептейді Сейдахмет Құттықадам:
- Жармахан Тұяқбай ешнәрсені жасырған жоқ. Осы партияны ашар алдында Назарбевпен сөйлескенін де ашықтан-ашық айтты. Бірақ ол онда: «Мен оппозициялық партия болам, ол біздің демократияға қажет» дегенді айтты.
Сонымен, қазіргі кезде Қазақстандағы ресми тіркелген саяси партиялардың қатарына өзін билікке оппозициялық ұстанымдағы партия деп жариялаған Жалпыұлттық Социал-демократиялық партиясы қосылды.