Семей ядролық сынақ полигонының маңындағы Шаған өзені улы заттармен барынша ластанғандығына «Айқын» газеті алаңдаушылық танытыпты. «Курчатов қаласындағы радиациялық қауіпсіздік институтының директоры Сергей Лукашенконың айтуынша, Шаған өзеніне жан-жақты зерттеу жүргізу барысында Ертіске құятын осы өзен суының құрамындағы тритийдің көлемі 1 литрге 350 мың беккерелийді құрап отыр. Ал 1 литр су құрамындағы тритийдің қалыпты нормасының көлемі 7,7 мың беккерелий болуы тиіс. Демек, Шаған өзені суындағы тритийдің көлемі қалыпты мөлшерден бірнеше жүздеген есе көп. Сондықтан да Радиациялық қауіпсіздік институтының ғалымдары Шаған өзені суын жергілікті тұрғындардың тұтынуына жол бермеу үшін алғашқы шара ретінде шамамен 20 шақырымға жуық жерді шұғыл түрде қоршауды ұсынып отыр. Атомшы-ғалымдардың пікірінше, Шағанның суын шаруашылық үшін пайдалануға мүлде тыйым салған жөн. Егер Шаған өзенінің Ертіске құятынын ескеріп, орын алған олқылықты дер кезінде ауыздықтамасақ, онда тритийден келетін апат көлемі талай тұрғынды зар қақсатуы мүмкін» деп дабыл қағады «Айқын» газеті.
Ал «Аргументы и факты: Казахстан» газеті болса Орал өзенінің ластанып жатқандығына мән беріпті. «Ұзақтығы жағынан Еуропадағы үшінші өзен саналатын Оралдың күтімін жақсарту мақсатында өткен ғасырдың 70-жылдары құрылған үкіметаралық комиссия 1993 жылы жұмысын тоқтатты. Өзеннің арнасын тазарту жұмыстары соңғы жылдары ғана қайта қолға алына бастаған. Мамандардың пікірінше, Орал өзенін бұрынғы қалпына келтіру үшін 750-800 мың текше метр суды тазарту қажет екен. Ал Орал бассейніндегі биологиялық ортаның жағдайы қандай қалде екендігін ешкім анық білмейді» делінген мақалада. «Әсіресе, мамандар бекіре тұқымдас балықтардың азайып бара жатқандығына алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың пікірінше, бекірені қолдан ұрықтандыруды жүзеге асыру үшін Батыс Қазақстан облысында бекіре зауытын салу қажет» деп жазды «Аргументы и факты: Казахстан» газеті.
Бұл уақытта мұнайлы өңір – Маңғыстау аймағында үстірт муфлоны, жейран және тағы басқа да құрып бара жатқан аңдардың өсімі тежелгендігіне «Литер» газеті тоқталып өтіпті. «Бұл мұнай өндірісінің салдарынан аймақтағы эклогияның бұзылғандығынан көрініс деп есептейді жергілікті экологтар. Қара алтынды өндіру жұмыстары аймақтың фаунасы мен флорасына ғана емес, адамдардың денсаулығына да кері әсер етіп жатыр» делінген мақалада. «Сонымен қатар, жергілікті экологтар өткен жылдың көктемінде бекіре тұқымдас балықтар мен итбалықтардың жаппай қырылғандығы неден болғандығын білгісі келеді. Осы жағдайға орай көптеген зерттеулер жүргізілгендігімен, түйткіл сауалға тұшымды жауап жоқ. Қоршаған ортаны қорғаушылар көктем шығысымен Каспий маңына мониторинг жасау жұмыстарына қайта кіріспек» деп жазды «Литер» газеті.
Маңғыстауда муфлондар азайып жатқанда Шымкент қаласын егеуқұйрықтар басып алғандығы «Экспресс К» газетінде айтылыпты. «Кеміргіштердің Оңтүстік Қазақстанға қарай көші өткен ғасырдың 60-шы жылдары басталыпты. Сол кезде Ташкенттегі жер сілкінісінен қашқан егеуқұйрықтар Келес өзенінің аңғарына қарай ауысқан екен. Алайда, кеміргіштер Шымкент қаласына кіре алмаған. Өйткені 1992 жылға дейін қаланың шетінде арнайы қорғау жұмыстары жүргізіліп келген. Кейін дезинфекциялауға қаржы тиылған соң егеуқұйрықтар қалаға лап қойған. Мамандардың айтуынша, кеміргіштер Шымкентте орталық аудандардың 13 пайызына орнығып үлгеріпті. Ал қаланың шеткі аудандарында бұл көрсеткіш екі есеге жоғары» делінген «Экспресс К» газетіндегі мақалада.
Табиғаттың тосын құбылысы Қазақстанның батысындағы тұрғындарды таңырқатқандығы туралы мақала «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көріпті. «Қаңтар – қыстың қақ ортасы, әрі жыл мезгілінің ең суық айы. Алайда биылғыдай өте жылы қысты Ақжайықтың ақсақалдары да естеріне түсіре алмай отыр. «1946 жылдың қаңтарында екі-үш күн жаңбыр жауғаны есімде. Бірақ осы айда аттай отыз күн бойы сынап бағанасы ауытқымастан 4-5 градус жылылықты көрсетіп тұрғаны жадымызда жоқ», - дейді 81 жастағы ақсақал Кәкім Құсайынұлы «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне.