Лондондағы Зоологиялық Қауымдастық ғаламдық жойылып бара жатқан әрі жеке бір түрлері ғана қалған сүтқоректі жануарлардың 100- дейінің тізімін құраған. Ол сүтқоректілердің сұрыпталып алынуына олардың қандай қауіп алдында тұрғаны және олардың шөл далада аздаған түрлері ғана қалғандықтары себеп болған. Бұл жойылып бара жатқан әрі аздаған бір түрлері ғана қалған сүтқоректі жануарларды сақтау жөніндегі топтың мүшесі Доктор Бен Коллен, Азаттыққа берген сұхбатында, жоғарыда аталған себептерге байланысты өздерінің қорғау шараларының төтенше қажеттігін алға тартты:
“Бұл түрлер өте сирек әрі жоғалып бара жатқандар. Сондықтан, егер олар жойылып кетсе, онда бұл ғаламшарда олар сияқты басқа ештеңе қалмайды. Олардың көп түрі өте сирек кездеседі, өз ерекшелігі бар олар биологиялық вариация мен экологиялық жүйе функциясына өзіндік көп әсерін тигізеді”.
Мәселен, “Айыр өркешті түйе” қан құрамының жағдайына қарағанда басқа жануарлардан мүлде басқа. Қытайдың солтүстік батысы мен Монголиядағы шөлдалада олардың 1 мыңнан да азы қалған. Орта Азияда 2 млн-нан аса айыр өркеш түйесінің үйдегі түрлері қалған. Бірақ, қоршаған ортаны қорғаушылар табиғи ортада өсіп жатқан жабайы түйе мен үй күтіміндегі түйелердің айырмашылығын айтады.
Ал, жабайы есек болса күндіз ыстық түнде салқынырақ болатын жартылай шөл далаға жақсы бейімделеді. Бұл жылқы, жабайы ала құландар сияқты жылдам. Олар сағатына 70 шақырымдай жүгіре алады. Иранның қорғалатын екі аймағында шамамен олардың 570-і қалған.
Бұл тізімдегілердің кейбірі кең танылған мысалы, Қытайдың таулы ормандарында мекендейтін алып пандалар. Олар бақылауға алынып келсе де, олардың көбі нашар барланған аймақтарда болғандықтан, ғалымдар оған аздаған қызығушылық танытқан, немесе ол жануарларды зерттеу қиындық туғызған. Мұндай топқа Ирандағы екі жануар кіреді.
Қазақстандағы Балхаш көлінің батысы мен солтүстік аймағында атжалмандар мекендейді. Оның қазіргі жайы жөнінде Қазақстанның Зоологиялық институтының профессоры Аманқұл Бикенов былай дейді:
“Соңғы 50 жылда ғылымға ол жалмандардың 40-тайы ғана ауланды. Бұл жануарлардың ерекшелігі олар інінен күндіз емес түнде ғана шығады. Оның биологиясы әлі зерттелмеген. Ғылым үшін өте маңызды аң ғой, дүниежүзіндегі ғалымдар оған қызығып жүр”.
Кейбір жан-жануарлардың сиреп кеткені соншалық олардың көбі өліп-жітіп саусақпен санарлықтайы ғана қалған. Солардың бірі сайғақ болып отыр. Сайғақтардың біразы Қазақстан мен қатар, Ресейдің Калмыкия республикасында және Моңғолия жерінде кездеседі. Олардың бір тобы Өзбекстан мен Түркіменстанға қарай ауып кеткен деп те айтылады. Біркезде 1 млн-нан асқан олардың саны соңғы онжылдықтарда 30 мыңдай ғана қалған.
Ғалымдар осы тізімге кіретін, жойылып кету алдында тұрған жан-жануар, аңдардың түрлерін қорғап-сақтаудың шараларын ұсынып отыр. Олардың мақсаты 100 ден астам аңдардың түріне 5 жыл бойына қорғау жобасын жариялау.
Ұйымдастырушылар сонымен қатар, көпшілік- қоғамды көмекке шақыра отырып, бұл тақырыптағы жобаларды өздерінің интернеттегі вебсайтында (http://www.edgeofexistence.org) талқылауды ұсынады.