Accessibility links

Ирандағы фестивалда Ираиль азаматының деректі фильмі көрсетіледі


Иран Ислам Республикасы Израйл мемлекетін мойындаудан бас тартып, ел билігіне президент Махмуд Ахмединежад келгеннен бері ол жаулық күшейіп кеткен еді. Ресми биліктің бұл ұстанымына қарамастан, Иранның халықаралық белгілі кино фестивалі ақпан айының 1-11 аралығында Израйл фототілшісінің деректі фильмін экранға шығармақшы. Әлемнің әр түкпіріндегі 20 кинофестивальге қатысқан фильм “Бір мың сөзден де көп” деп аталады.

Онда сол көрсетілімдегі аймақтарда болған израйлдық фототілші Зив Корен жұмысының хроникасы көрсетіледі. Бірақ, Кореннің өзі осы аптада Техранда өтетін Фажр кинофестивальіне қатыса алмайды. Өйткені, ұйымдастырушылар оны төлқұжаты Израйл азаматыныкі болғандықтан шақырмаған. Себебі, Иранда израйлдіктерге “персона нон грата” жарияланған. Ал, «Азаттықтың» «Фарда» радиосына берген сұхбатында Корен, қалай болғанда да израйлдік режиссер Соло Авиталдың еврей тіліндегі фильмі экранға шығатынына өзінің қуанышты екенін жеткізді:

“Мен нақты оның ашылу салтанатына шақырылған жоқпын. Әйтпесе, мен баратын едім. Бірақ, олар фильмді Иранда көрсетейін деп жатқанына мен өзімді өте бақытты сезінгенімді айтуым керек. Өйткені, біріншіден ол еврей тілді фильм. Ол сөз бостандығы мен баспасөз еркіндігін білдіреді. Сондықтан, менің бұл фильммен бара алмайтыныма қарамастан, мен осы фильмнің Иранда көрсетілетініне қуаныштымын”.

Корен ол фильмде бірнеше жылғы Израйл-Палестина арасындағы қанды қақтығысты көрсетеді. Оның фото суреттері батыстық "Time" мен "Newsweek" сияқты басылымдарға шықты. Фильмде Корен көп адамдар бұл қақтығыс туралы білгісі келмейтініне өкініш білдіреді.

Екі жылдай түсірілген ол “1000 сөзден де көп” деп аталатын деректі фильмде, Таяу шығыстағы жанкештілік шабуылдар, көтерілістер мен лаңкестік әрекеттер және 2005 жылы Газадан израйлдіктердің шығарылуы көрсетілген.

Ирандықтар израйлдік режиссердің Соло Авиталдың Тель-Авивтік журналист туралы фильмі Фажр фестивальінде көрсетілетініне таң қалысты. Бұл 1982 жылдан бері жыл сайын өтіп келе жатқан халықаралық кино фестиваль Иранның 1979 жылғы Ислам көтерілісі күніне арналған.

Фототілші Зив Корен өз фильмдерінің Техранға шақырылғаны жөнінде былай дейді:

“Олардың фильмді шақырғаны мені таңқалдырмады. Бірақ, израйлдік фильмнің әртістік қойылымы жағынан емес, саяси жағынан сұрыпталып алынғаны мені таңқалдырғаны шындық. Фильмнің сәтті әрі қызық болып шыққаны айқын. Бірақ, менің ойымша журналист ретінде деректерсен Израйл мен Палестина арасындағы өткен 15 жыл ішіндегі қақтығыс туралы айтқандарым Иранның қызығушылығын қалай тудырды”.

Жалпы, Израйл мен Палестина арасындағы қақтығыс Иран президенті Махмуд Ахмединежадттың сүйікті тақырыбы. Ол Палестинадағы жаңа толқынға Ислам әлемінен Израйлды жойып жіберуді ұсынып келеді. Ахмединежад сонымен қатар, 6 млн еврей ұлты қырылған Холокост қырғынын “миф” деп атап, жақында Техранда Холокосты жоққа шығарушыларға саяси бағыт ұсынды.

Фототілші Зив Кореннің айтуынша, Холокосты жоққа шығару қатыгездік. Бірақ, ол сонымен қатар, Ахмединежадтың риторикасы мен көп ирандықтардың түсінігі арасында айырмашылық бар деп ойлайтынын жеткізді:

“Өкінішке қарай, мен Иранның режимі қазіргі таңда қауіпті әрі жөн-жосықсыз деп білемін. Десе де ол қоғаммен ештеңе істей алмайды. Менің пікірімше, Холокосты жоққа шығару - бүгінгі күнде әлемдегі саяси сахнада өте төтенше тұлға болып отырған Ахмединежадттың арандатушылық әрекеті. Ол деректі фильмді Ахмединежад көре ме, жоқ па, маған бәрібір. Бірақ, ирандықтар ол фильмді көрсе екен деп тілеймін. Өйткені, олардың арасында демократияда өмір сүруді қалайтын ашық, еркін адамдар бар”.

“1000 сөзден де көп” деп аталатын ол деректі фильм осыған дейін Таяу Шығыс қақтығысын тек мемлекеттік теледидар мен радиолар арқылы ғана көріп жүрген ирандықтарға жаңа қырынан көрсетеді. Олар үшін Зив Корен мен Соло Авиталдың әсерлі жұмысы 11-ші ақпанда ХХV “Фажр” фильмдер фестивалі аяқталған соң да ұзақ уақыт естерінде қалуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG