Президент Первез Мушарраф Таяу Шығыстағы бейбітшілік жөніндегі өзінің бастамасымен Ираннның мемлекеттік және үкіметтік жетекшілермен кездесті. Иранның Ақпарат министрі Мухаммад Али Дуррани Иранның ресми ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, Пәкістан президенті Мушарраф, Израйл-Палестина қақтығысын шешуде Мұсылман елдерінің бірауыздылығын құруға тырысуда деген. Мушарраф терроризм мен экстремизмнің түп-тамыры Таяу Шығыста жатқандай деп айтқан. Ол өзінің бұл жоғарыда айтылған миссиясы бойынша сапарын өткен аптада Малайзияға бастаған, онда ол Рейтерс ақпарат агенттігіне айтқанындай, Таяу Шығыс аймағындағы жағдай ушығып, жаман болып барады. Сөйтіп ол, қазіргі таңда ушыға түскен аймақтағы жағдайды шешуге қатысты әрекеттерге көшкен. Десе де, мұнда Мушарраф жоспарының егжей-тегжейі айтылмаған және оның не себепті қазір осындай миссияны өзіне алып отырғаны белгісіз.
“Джейнс” стратегиялық ақпарат қызметінің аймақтық аға сарапшысы Рахул Бедидің есебінше, Уашингтонның негізгі одақтасы Мушарраф Техранға американдықтардың кеңес беруімен баруы мүмкін.
Нью Делиден «Азаттыққа» берген сұхбатында сарапшы Беди Техран мен Уашингтонның қоғам алдындағы өзара суық қарым-қатынасына қарамастан, дипломатиялық байланыстарын сахна сыртында орнатуға тырысып жатыр деген хабарлар туралы айтады:
“Олай болуы да мүмкін. Мен нақты деп айта алмаймын, бірақ менің пікірімше, президент Первез Мушаррафтың Иранға сапары Құрама Штаттардың ирандықтармен құруға тырысып жатқан астыртын дипломатиясы үшін де бірнәрсе жасауы мүмкін”.
Сарапшы Бедидің мұндай болжамы аймақта күрделі жағдай орнығып, Ираққа Құрама Штаттар көбірек әскер жіберуді бастап, Уашингтонның тағы да Иран Ирақтағы бүлікшілдерге қолдау жасап отыр деген айыптарымен қатар келіп отыр. Оған жауап ретінде Техран БҰҰ-ның уран байытуды тоқтатуға шақырғандарын елемей отыр. Мушаррафтың бұл сапары мәселенің бақылаудан шығып кетпеуіне көмектесуі мүмкін.
Бұл тұрғыда, Лондондағы Араб және Иран мәселелері жөніндегі орталықтың сарапшысы Алиреза Ноуризаде өзінің бұл сапар туралы пікірін білдіргенде, Мушаррафтың сапары Құрама Штаттар мен Иран арасындағы ашық жаулыққа бой ұрған қайшылықтарға жол бермеуге күш салуы да ықтимал деп айтты:
“Пәкістандықтар Ирандықтар сияқты Парсы шығанағындағы бейбітшілік жағдайына алаңдаулы. Олардың алаңдаушылығы, егер АҚШ бастаған күштер Иранға соғыс болса олар да зардап шегеміз деген тұрғыда болып отыр”.
Бұл жағдайда сарапшы Ноуризаде, президент Мушарраф Иранды уран байытуды тоқтатуға көндіруге тырысуы мүмкін. Бірақ, ол оның сәтті мүмкіндігі аз ғана болады деп біледі.
Ал, Нью Делидегі сарапшы Беди, Мушаррафтың бұл сапары барысында сонымен қатар Пәкістан мен Иранның екі жақты байланыстары да сөз болуы мүмкін дейді:
"Президент Мушарраф сапарының өзіндік себептері де бар, өйткені ол жерде Пәкістан мен Иран территориясындағы Белуджистанда проблемалар жеткілікті, Пәкістандағыдай Иранда да Белуждар тұрады, әрі олар бірбеткей, дүлей болып келеді”.
Сонымен қатар, Пәкістан президенті Первез Мушарраф өткен аптада Оңтүстік шығыс Азияда Ислам Конференциясы ұйымының төрағасы әрі Малайзия премьер-министрі Абдуллах Ахмад Бадоуи кездесті, сонымен қатар, Сауд Арабия және Түркия жетекшілерімен де байланысып, Таяу шығыс мәселесін сөйлеспекші.