АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Ауғанстанның оңтүстігінде қыс соңындағы жылымық басталып кетті. Бұл Талибанның көктемгі шабуылдары жақындап қалды дегенді білдірі ме?
Ахмед Рашид: “Қазір ол шабуылдар екі тараптан жүріп жатыр. Шайқастың бірі Кажаки бөгені маңайындағы бақылауға қол жеткізу үшін болып отыр. Британиялықтар мен голландиялықтар бұл аймақты тазартып, аталған бөгеннің электр жүйесін іске қосу мақсатында оны қайта құрмақшы. Ал онда талибандықтардың күші әлсіремеген. Екінші шайқас арқылы олар Муса Қаланы өз бақылауына алып отыр”.
АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Сонымен талибандықтар Хелманд өлкесіндегі Муса Қаланы басып алды. Яғни осы жылы талибандықтардың көктемгі шабуылдары басталып кетті ме?
Ахмед Рашид: “Талибан бұл аймақты қорғай ала ма, және оған көбірек соғысушыларын жібере ме, біз әлі бұны бақылап көруіміз керек. Бірақ әрине, қысқы соғыс барысында олардың күші әлсіремеген. Соңғы кездері жанкештілік шабуылдар көбейді. Егер НАТО күштері Муса Қалаға үлкен шабуыл жасаса, елдің оңтүстігіндегі басқа өлкелерде талибандықтардың іс-қимылдары жандана түсіп, талибанның көктемгі шабуылдары басталып кетуі мүмкін деп ойлаймын”.
АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Муса Қалаға өткен аптада жасалған шабуылдардың ұйымдастырушысы Талибан дала қолбасшысы Абдул Ғафурды жексенбі күні НАТО күштері әуеден соққы беріп өлтірген болатын. Ал Абдул Ғафурдың бауыры оның алдында құрбан болған-ды. Ғафур өзінің бауыры өлтірілген соң өш алу мақсатында Муса Қаланы басып алған жоқ па? Жалпы алдағы айларда Талибанның шайқастары қалай болуы мүмкін деп ойлайсыз?
Ахмед Рашид: “Әрине, оның рөлі болды. Абдул Ғафур өзінің бауыры өлтірілген соң өш алуға тырысты. Соынмен қатар, ол Муса Қаланы басып алу үшін 200 немесе 300 талибандықты жұмылдырды. Әрине, ол Талибанның жоғары басшылығымен келіспестен мұны жүзеге асыра алмайтын еді деп ойлаймын. Енді біз Муса Қалада Талибанның қалай күшейетініне назар аударуымыз керек. Егер шынымен солай болатын болса, онда алдағы айларда Ауғанстанның басқа да аймақтарында Талибанның шабуылдары көбеюі мүмкін”.
АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Талибан қозғалысы осы жылы қыс айларында да өз операцияларын жалғастырды. Бұл неліктен деп ойлайсыз? Өткен жылдары қыс айларында ауа-райына байланысты талибандықтар белсенділік танытқан жоқ еді ғой?
Ахмед Рашид: “Осы жылы қыста Талибан соғысушылары жақсылап жабдықталған. Соңғы 6 аптаның ішінде өлтірілген кей соғысушыларда жақсы бәтеңкелер мен сыртқы киімдер және жылы шалбарлар болған. Соған қарағанда олар қысқы шайқасқа әбден дайындалған сияқты”.
АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Стратегиялық жағынан алғанда НАТО күштері Талибанның көктем мен жаз мезгілдеріндегі іс-әрекеттеріне байланысты алаңдап отыр ма?
Ахмед Рашид: “Өткен жылы Талибан үш провинциядағы жерлерді басып алу үшін позициялық соғыс жүргізген болатын, яғни Орузган, Хелманд және Қандағар өлкелерінде. Осы жылы олар 200 соғысушыны бірден жұмылдырып, тек 3 аймақта ғана емес, бәлки 6-7 өлкеде, тіпті Ауғанстанның батысында да мықты шабуылдарын бастауы мүмкін. Егер олар кең ауқымды шараларын бастаса, НАТО күштері жеткілікті болмайды. НАТО күштері әрине өздерін қорғайды, бірақ кей мемлекеттердің сарбаздары соғыспайды”.
АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Ауғанстанның Ұлттық Армиясын жетілдіру АҚШ стратегиясының маңызды бөлігі деп есептеледі. Алдағы жылдары бұл мәселеде қандай алға жылжушылықтар болады деп ойлайсыз?
Ахмед Рашид: “Америкалықтардың беретін ақшасы, яғни келесі 2 жылға арналған шамамен 10 миллиард доллар, Ауғанстанның Ұлттық Армиясын жетілдіруге жұмсалмақ. Жаңа армия бөлімшелерін құру мәселесі тезірек болады”.