Сонымен жексенбі күнгі президент сайлауына 6 үміткер түсейін деп отыр. Бұл кандидаттар Халық Маслихаты отырысында таңдалды. Желтоқсанның 26-ы күні өткен ол жиында президент сайлауының күні де белгіленген болатын.
Барлық үміткерлер сайлаушылардың көңілін табу үшін елде өзгерістер болады деп уәде беруде. Олар, сондай-ақ, өзін Түркменбашы деп атаған соңғы президент Ниязовтың саясаттарын одан әрі жалғастырамыз дейді. Ниязовтың саясаты Түркіменстанды әлемдегі ең оқшауланған елдердің біріне айналдырды. Шетелде Түркіменстанды пайдалы қазбалы отындары үшін және өзін-өзі мәңгілік президент деп жариялаған өзгеше мінезді Ниязов арқылы біледі.
Желтоқсан айында Ниязовтың өлімінен кейін енді Түркіменстанда жаңа кезең басталған сияқты. Президенттіктен үміткер 6 кандидаттың бәрі бір айдан астам уақыт бойы сайлау алды науқандарын жүргізді.
Кандидаттардың ішінде ең танымалы президент міндетін уақытша атқарып отырған Гурбангулы Бердымұхаммедов десе болады. Мамандығы бойынша тіс дәрігері болған Бердымұхаммедов Ниязов билігі кезінде Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. 49-жастағы Бердымұхаммедов Түркіменстанның білім беру жүйесін қалпына келтіріп, реформаларды жүзеге асырамын деп уәде берді:
“Мемлекетіміздің университеттерінде халықаралық дәрежеде білім беріледі. Керек болса, біз студенттерімізге дәріс беру үшін әлемнің ең мықты оқу орындарынан мұғалімдер мен ғалымдарды және мамандарды шақырамыз”, - деді Бердымұхаммедов.
Басқа үміткерлерге қарағанда Бердымұхаммедовтың бірнеше артықшылығы бар, себебі мемлекет бақылауындағы бұқаралық ақпарат құралдары басқа үміткерлермен салыстырғанда Бердымұхаммедов туралы көбірек ақпарат таратуда. Ал Орталық Сайлау Комиссиясының төрағасы Мұрат Карриев Бердымұхаммедовтың жеңіске жетуі үшін “қолынан келгенше” әрекет жасайтынын айтты.
Бір Түркімен талдаушысы басқа 5 кандидатты “олардың туыстарынан басқа ешкім” білмейді дейді.
Ал енді үміткерлердің өздеріне келетін болсақ, олардың бірі - Түркіменбашы қаласының әкімі 44-жастағы Ашырнияз Поманов елде туризм саласын дамыту керек дейді:
“Мен екі жылдан бері Түркіменбаши қаласының әкімі болып жұмыс істеп келемін. Жазда осы жерге сапармен келетіндер саны жыл сайын өсуде. Олардың жағдайын жақсарту мемлекетіміздің міндеттемесі деп есептеледі. Шетелдіктер бұл жерге келе алады. Туризм саласын дамытуымыз керек”.
Туризм саласын дамыту мәселесі түркімен сайлаушыларына тартымды болып көрінбеуі мүмкін, себебі Ниязовтың үкіметі шетелдіктерден күдіктену керек деген саясат жүргізді, елдің қауіпсіздік күштеріне шетелдіктерді бақылап жүріңдер деп бұйрық берілген.
Келесі бір үміткер - Абадан қаласының әкімі Оразмұрат Гаражаев. Ол да сайлаушыларға өз уәделерін беріп жатыр.
“Нарықтық экономика мен жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық шараларды жүзеге асыруымыз керек”, - дейді Оразмұрат Гаражаев.
Ал 51-жастағы Ишангулы Нуриев 2005-ші жылдың желтоқсан айынан бері газ және минерал ресурстары бойынша министрдің орынбасары болып жұмыс істеп келеді. Сайлау алды науқанында Нуриев былай деді:
“Мен ұлттық экономикамыздың әлемдік экономика жүйесіне қосылуына және валютамыздың күшеюіне назар аударамын”.
Тағы бір кандидат Дашогуз өлкесі әкімінің бірінші орынбасары Аманияз Атажыков, оның жасы 59-да. Оның уәделері Түркіменстан халқына жағымды болып көрінуі мүмкін:
“Жер жеке меншігін біржолата фермерлерге беріп, олардың құқын қорғауымыз керек. Бағдарламамның басты мақсаты кәсіпкерлікке жол ашып беру болады”.
Басқа үміткерлер де жер мәселесіне қатысты реформалар жүргізу керек дейді.
Ал 49-жастағы Мухамметназар Гурбанов – Лебап өлкесіндегі бір ауданның басшысы. Оның бағдарламасы жастарға бағытталған екен.
“Ең негізгі мақсаттарымыздың бірі жастардың жағдайын жақсарту болады”.
Жалпы, Түркіменстандағы президент сайлауының халықаралық демократиялық стандарттарға сай келмейтіні аян. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өз бақылаушыларын Түркіменстанға жіберді, бірақ олар сайлауға байланысты ешқандай ресми баға бермейді.
Алберт ян Маат - Еуропа Парламентінің депутаты. Ол жексенбі күнгі сайлауға байланысты мынадай пікірін білдірді.
“Тек бұрынғы үкімет құрамынан ғана үміткерлер түсетін бұл сайлауларды нағыз сайлау деп атай алмайсыз және ол ашық қоғам үшін жақсы бастама емес”, - деді Маат.
Түркіменстанда бұрын депутат болған ал қазір қуғындағы оппозиция мүшесі Халмұрат Союнов Түркімен халқы ол үміткерлерді таңдамаған сондықтан олардың конституциялық хұқы бұзылып отыр дейді.
“Ақпанның 11-і күнгі президент сайлауына түсетін барлық үміткерлерді халық емес үкімет басшылығы таңдаған. Бұл жерде азаматтардың конституциялық құқығы бұзылып отыр”.
Жексенбі күнгі сайлаудың бастапқы нәтижелері келесі күні жариялануы мүмкін.