Accessibility links

Ресей Думасы жұма күні федералды үкімет пен Татарстан арасындағы билікті бөлісу келісімін бекітті


Бұл келісім аймақтағы үкіметтерге негізінен алғанда этникалық мұсылман татарларға арнайы құқық береді. Кейбір сарапшылар, 10 жылға бағытталған аталмыш келісім Ресейдің басқа аймақтарында жікшілдік пікір тудыруы мүмкін дейді.

Татарстан халқы Ресей парламентінің төменгі палатасы өз республикаларына көбірек билік беретін заңды мақұлдағанда, көңілді күйде болды. Бірақ, ол заң жобасын қолдамайтындар, бұл шешім Кремльден бөлініп азат болуды қалайтын Ресейдің басқа этникалық республикалары мен аймақтарында қарсылықтар тудыруы мүмкін дегенді айтуда. Парламенттің жоғары палатасы мақұлдауы тиіс ол құжат Татарстан үкіметіне экономикалық, мәдени және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде өздері шешім қабылдауына жол береді. Және ол келісім бойынша, Татарстанның мұнай саласын федералды және жергілікті үкімет бірлесе басқарады делінген.

Мәскеу мен Қазан арасындағы билікті бөлісу негізіндегі 2005 жылдың қазан айында қол қойылған келісімді ратификациялауға әкелетін, ұсынылған заңды Ресейдің мемлекеттік Думасы қолдап дауыс берді. 2005 жылғы келісімге Ресей мен Татарстан президенттері қол қойып, одан кейін оны Татарстанның мемлекеттік Кеңесі қабылдаған болатын.

Аталмыш Кеңестің төрағасы Ферид Мухамедшин, бұл құжатты Ресей Думасы мақұлдағаннан кейінгі татарстандықтардың көңіл-күйін жеткізді:

“Мен федералды билік пен Татарстан арасында билікті бөлісу Ресей Конституциясы негізінде деп сенемін. Бұл деген біздің бұл тұрғыда өзгеше екенімізді білдіреді. Бұл біз үшін игілікті келісім”.

Татарстан енді басқаша болуы мүмкін, бірақ ол 10 жыл бұрынғы автономиядан аздау болады. Владимир Путин билікке президент болып келгеннен бері, президент болып сайланбай, тағайындалған аймақтағы жетекшілердің билігін айтарлықтай шектей бастады. Бұл тұрғыда тек Татарстанның ғана ресми түрде өзіндік мәртебесі бар.

Алайда, бірқатар сарапшылар жаңа заң Мәскеуден жоғары деңгейде тәуелсіздік алуды көздеп жүрген федерацияның басқа құрамдарына есік ашып беруі ықтимал.

Ресейдегі әсіре ұлтшыл Либералды демократиялық партияның мүшесі, Дума депутаты Алексей Митрофанов, бұл келісім келешекте жікшілдікке әкелетін үлкен қателік деген. Сонымен қатар, “Родина” партиясының мүшесі Сергей Глотов та бұл заңға қарсы дауыс берген депутаттың бірі:

“Біздің Родина фракциясы Ресей ұлтшылдарының өкілі. Және біз бұл келісімге қарсы шықтық. Біз бұл келісімді бекітуге толығымен қарсымыз”.

Бұл жерде негізінен мұсылмандар тұратын барлығы 4 млн халқы бар Татарстан онжылдан аса тәуелсіздік үшін қанды соғысып жатқан Шешенстан тәрізді Ресейден бөлініп шыға ма деген қауіптер болды. Енді қазір басқа республикалар да жаңа заңды қалайтын болады деген болжамдар бар. Ресей құрамындағы тағы бір мұсылман мемлекет Башқұрстан да әуелгі автономиясын алғысы келеді.

Мәскеудегі Карнеги орталығының саяси сарапшысы Николай Петров, ендігі мәселе Татарстан келісімі соңынан басқа да келісімдер еріп, федерацияның басқа да құрамдарына жол ашатындай Татарстан мұзжарғыш рольді алуы мүмкін бе деген тұрғыда болып отыр дейді.

Десе де келісімді қолдаушылар ол заң сепаратистік ұстанымға жол бермейді дегенді айтады. Думаның тәуелсіз депутаты Владимир Рыжковтың сөзіне қарағанда:

“Бұл біз ыждахатты түрде талқылап жатқан құжатқа қарасаңыз болды, онда ешқандай қауіп жоқтығын көруге болады. Оған қоса, менің пікірімше бұл қадам дұрыс бағытта, өйткені тым орталықтандыру, жаппай қамту мен бірегейлендіру өз қаупін тудырады. Және ол қауіп республика мен аймақтарды ескермесе, ол сепаратизм қаупін тудырады”.

Оның сөзіне қарағанда, аймақтарға осындай икемді қадам жасау Ресейдің бірлігін күшейте түседі.
XS
SM
MD
LG