Осы жылғы қаңтардың 31-күні «Нұрбанктің» қауіпсіздік қызметкерлері мен арнайы жасақ өкілдері арасындағы қақтығыс туралы мақала «Время» газетінде жарық көріпті. «Алматы қаржы полициясының басшысы, генерал-майор Владимир Курбатовтың айтуынша, банк ғимаратына барған арнайы жасақ пен ғимарат қорғаушылары бір-біріне дене жарақатын салмаса да сөзбен қорқытып, күштерін көрсеткен» делінген мақалада. «Банк өкілдерінің мемлекеттік орган қызметкерлеріне қарсылық көрсетуі дұрыс па?» деген тілші сұрағына Владимир Курбатов былай жауап беріпті: «Бізге өз қызметімізді толықтай атқаруға мүмкіндік берілмей отыр. Әсіресе бұл банк секторына қатысты. Бірде бір полицей немесе бірде бір қаржы полицейі мұнда кіре алмайды. Яғни, заң жүзінде құзірет бар да, іс жүзінде жоқ». Сонымен қатар, Владимир Курбатов «Время» газетіне берген сұхбатында «Нұрбанкке» барған полицейдер банк басшылығына ғана емес, Рахат Әлиевке де қоқан-лоқы көрсеткендігін айтқан.
Сондай-ақ, «Время» газетінде Алматыдағы «Кең-Дала» бизнес орталығы «Алма-Тур» компаниясының меншігі екендігін растайтын құжаттар табылғандығы туралы мақала басылыпты. «Дүйсенбі күні біз Алматыдағы жылжымайтын мүлік орталығынан осы құжаттарды таппаған едік. Ертесіне, газеттің жаңа нөмірі шыға салысымен, аталған орталықтың директоры Әмір Нұрбеков құжаттардың табылғандығын хабарлады» делінген мақалада. Автор осы құжаттардың көшірмесіне қарап отырып мынайдай тұжырым жасайды: «Көптеген алматылықтар өзінің кішкентай жерін заңдастыруға жылдар бойы жүгіреді. Ал «Алма-Тур» компаниясы құжаттарды 15 жұмыс күнінің ішінде рәсімдеп үлгеріпті - Гиннестің рекодтар кітабына енгізуге тұрарлық жылдамдық». Сонымен қатар, «Время» газеті «Алма-Тур» компаниясын сәтті келісім-шарт жасасқаны үшін құттықтайды. «Құжаттардың көшірмесінде бизнес орталығы нарық бағасымен сатылғандығы көрсетілген. Есесіне жақында ғана жөндеуден өткізілген тоғыз қабатты ғимараттың әр шаршы метріне «Алма-Тур» 1450 доллардан ғана төлепті. Коммерциялық жылжымайтын мүлік орталығының мәліметі бойынша, «Кең-Дала» орналасқан Медеу ауданындағы кеңсе орнының әр шаршы метрі 10 мың долларға дейін жетеді» деп жазды «Время» газеті.
Бұл уақытта «Валют-Транзит-Банкінің» жылжымайтын мүліктері сатылатындығына «Аргументы и факты: Казахстан» газеті мән беріпті. «Валют-Транзит-Банкі» салымшыларының ақшаларын қайтару мәселесі банктің лизенциясын қайтарып алу жөніндегі соттасу біткеннен кейін шешілетін болады. Бұл туралы Экономикалық және сыбайласқан қылмыспен күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Саттыбек Оңғарбаев хабарлады» делінген мақалада. «Оңғарбаев мырзаның айтуынша, қаржыны банктың жылжымайтын мүліктерін сатудан жинау көзделген. Қарағандыда ғана «Валют-Транзит-Банкінің» 284 жылжымайтын мүлкі бар болса, банктің басқа да аймақтардағы жылжымайтын объектілер саны - 235» деп түйіндейді «Аргументы и факты: Казахстан» газеті.
«Время» газеті болса Алматы әкімшілігі Шаңырақ тұрғындарының мүліктерін заңдастырудан бас тартқандығына тоқталып өтіпті. «Мәселен, Шаңырақ тұрғыны Байдәулетов мырзаның өтініші «Мүлікті заңдастыруға қатысты рақымшылық көрсету туралы» заңнын 3-бабына сәйкес қанағаттандырылмаған. Бұл бап қылмыстық жолмен келген мүлік заңдастыруға жатпайтындығын қарастырады» делінген мақалада. «Алайда бұл жөнінде шаңырақтықтардың өздері толық біле бермейді. Есесіне жұртшылық арасында сәуірдің 1-күні мүлікті заңдастыру акциясы біткен соң баспаналарын күреп тастай ма деп қорқады. Әуезов ауданының әкімі Әділ Несіпбаевтың айтуынша, өтініштері қанағаттандырылмаған азаматтар сотқа шағымдануға құқылы. Қазіргі күні осындай мазмұнмен үш іс сотта қаралыпты. Бәрінде де мүлікті заңдастыру комиссиясының шешімін күшінде қалдырған» деп жазды «Время» газеті.