Құрама Штаттар президенті Джордж Буш Ирақты қауіпсіздендіру жөніндегі өзінің жаңа жоспары бастапқы кейпіне келе бастады дей келе, бірақ АҚШ пен Ирақ күштері елдегі барлық қақтығысты бірден тоқтата алмайды деген. Уашингтондағы бұл баспасөз мәслихатында Буш, Құрама Штаттар мен ирақтықтардың елде тұрақтылық орнату үшін салып жатқан күш-жігеріне бүлікшілдер кедергі жасауға тырысуда деп айтты:
“Бағдадта қауіпсіздік орнату шаралары уақыт алмақшы және ол жерде қақтығыстар болады. Өзіміз телеарналардан көріп отырғандай, террористер бомба қойылған көліктерді адам көп жиналған базарларға жібермекші. Басқаша айтқанда, ол адамдар өз дегендеріне жету үшін кінәсіз ерлер мен әйел-балаларды өлтіріп, қақтығыстар жасап Ирақ халқына кедергі келтіріп жатыр. Және, ашығын айтқанда, біздің сол Ирақ үкіметінің жұмысына көмектесуімізге кедергі жасап келеді”.
Сонымен қатар Буш егер Құрама Штаттар Ирақтағы шараларға шұғыл кіріспесе, Бағдадтағы жағдай ушығып кету мүмкіндігіне назар аудартты.
Президент Буштың мұндай ескертулері Өкілдер палатасында Ираққа қосымша 21500 күш жіберу жөніндегі президенттің жоспарына қарсы қарар талқыланып жатқан тұста айтылып отыр.
Конгрестің екі палатасына да бақылауды алып отырған Демократтар толығымен әскер санын өсіруге қарсы болып отыр. Алайда, Буш заңшығарушыларды өзінің жоспарын сынамас бұрын, жүзеге асуына мүмкіндік беруге шақырды.
“Өкілдер палатасы жүзеге аспай жатып Ирақ жөніндегі біздің жаңа жоспарымызға қарсы қарарға дауыс бермекші. Адамдар оның салдарлары туралы алдын ала шешім қабылдап жатыр”, - дейді.
Сондай-ақ, президент Буш осыған дейін АҚШ ресмилерінің Ирақтағы бүлікшілдерге Иран көмектесіп отыр деген айыптауларына тоқталып өтті. Бұл тұрғыда Буш Иранның Исламшыл Революциялық Күзет Корпусының бөлімшесі әл Қодс күштерін Ираққа қару жөнелтіп, кейін олар АҚШ әскерлерін өлтіру үшін пайдаланылған деп айыптады.
Алайда Джродж Буш Иран үкіметінің ресмилері әл Қодс күштерінің Ираққа кетіп жатқан қару-жарағы туралы біле ме жоқ па, одан өзінің бейхабар екенін айтты.
“Мен Иран үкіметінің бір бөлігі болып табылатын әл Қодс күштері біздің әскерлерімізді құрту үшін дамыған жарылғыш заттарды жеткізіп отырғанын сеніммен айта аламын. Және мен қайталағым келеді, Қодс күштері үкіметтің жоғары сатысынан басқарылып отыр ма жоқ па мен оны білмеймін. Бірақ, менің білетінім, ең жаманы оларға тапсырыс беріліп және ол орындалып жатқаны немесе оларға тапсырыс берілмесе де, ол болып жатқаны. Және сондықтан біз өз күштерімізді қорғауды жалғастыра береміз”.
Иран президенті Махмуд Ахмединежад дүйсенбі күні Иран Ирақ жауынгерлеріне қару-жарақ жеткізіп отыр дегенді жоққа шығарды. Буш Құрама Штаттардың мұндай айыптаулары соғыс ашуға себеп болмайды, бірақ Ирақтағы АҚШ күштерін қорғау әрекеттері болып отыр деген.
Буш сонымен бірге, Иранның ядролық бағдарламасы туралы да сөз қозғай келіп, Құрама Штаттар мен оның одақтастары бұл мәселені бейбіт жолмен шешуде прогрес жасайды деп өзінің сенетінін білдірді. Десе де, ол Техранмен тікелей келіссөздер өткізудің сәтті бола қоюы екіталай деген. Бірақ, АҚШ президенті Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты жаңадан халықаралық келісімге қол жеткенін мадақтап, оны бірегей келісім деді.
Ол келісімге Бежинде өткен алты жақты келіссөздер барысында қол жеткен болатын. Буш бұл келісім жақсы бастау болды, енді оның жүзеге асуына көбірек күш салу керек деген.
Баспасөз мәслихатында сондай-ақ, таяу күндері Ресей президенті Владимир Путиннің Құрама Штаттардың басқыншылық саясатын қатты сынауынан кейін АҚШ пен Ресейдің екі жақты қарым-қатынастары бұзыла бастады ма деген сауал американ президентіне қойылған еді. Бұл мәселеге жауап берген Буш, халықаралық мәселелерде Мәскеу мен Уашингтон арасында келіспеушіліктер болып жататынын мойындай отырып былай деді.
“Бұл күрделі қарым-қатынас. Бұл келіспеушіліктер болып жататын өзара байланыс, бірақ ол сонымен бірге ортақ проблемаларды шешуде жол таба алатын байланыс” деген Буш Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасы жөнінде.
Ол сонымен қатар, Құрама Штаттар мен Ресей Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі сияқты алаңдаушылық тудырған мәселелерде бірге жұмыс жасай алады деп атап өткен.