Қазақстан жоспарлы экономикаға жақындап келе ме деген сауал «Айқын» газетінде көтеріліпті. «Өткен жұмада Кәрім Мәсімов ұсынған Үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы мен осы аптада вице-премьер Аслан Мусиннің макроэкономикалық ахуалға қатысты баяндамасы бірін-бірі толықтыра түсетін сабақтастықты дәлелдегендей. Үкімет басшысы шикізат өндірісі әлі басым екенін, экономиканы диверсификациялау мен жаңарту мүмкіндіктері толық пайдаланылмай отырғанын мойындаса, оның орынбасары «Қазына», «Самұрық», «ҚазАгро», «Сарыарқа» сияқты компаниялардан қайтарым мардымсыз екенін, мемлекеттің мүддесін қорғау жағы нашар екенін жасырмады» делінген мақалада. «Үкімет басшысы мен оның орынбасары жасаған соңғы мәлімдемелерден мынаны түюге болады. Үкімет саты-саты, сала-сала бойынша жоспарлау үрдісін енгізгісі келетін секілді. Жоспардың «Ұлы тоқырау» кезінде Американы аяққа тұрғызғанын, түрік экономикасын Еуропа стандарттарына жеткізгенін, сондай-ақ қытайды нарыққа сәтті өткізе білгенін ескерте кету артық емес» деп түйіндейді «Айқын» газеті.
Бұл уақытта «Деловая неделя» газеті өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ірі банктер саны көбейгендігіне тоқталып өтіпті. «Қаржы нарығын бақылау және реттеу агенттігінің мәліметі бойынша, 2006 жылдың қорытындысында активтері мен жеке капитал көлемі жөнінен бірінші орынды Казкоммербанк сақтап қалды. Ал өз активтерін 800 миллиард теңгеге өсірген ТұранӘлемБанкі екінші сатыға нық орныққан. Бұған дейін үшінші болған Халық банкі бір саты кері жылжып, өз орнын АТФ банкіне босатыпты. Алғашқы бестікті соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан Альянс банкі қорытындылайды. Осылайша, "үлкен үштік" ірі банктердің бестігіне айналып отыр» делінген мақалада. «Өткен жылдың қорытындысы бойынша, ЦентрКредит банкі алтыншы орнын сақтап қалса, 205 миллиард теңге активі бар «Нұрбанк» жетінші орынға табан тіреген» деп жазды «Деловая неделя» газеті.
Қазақстанда жетінші банк – «Нұрбанк» төңірегіндегі жанжал әлі тынши қоймағандығы туралы мақала «Республика» газетінде жарық көріпті. «Аталған банктің өзі жақында күнделікті жұмыс тәртібіне көшкендігін хабарлап отыр. «Нұрбанктегі» кадр ауысуларына банктің бұрынғы басқарма төрағасы Әбілмәжін Ғылымовтың өз еркімен жұмыстан босау туралы өтініші түрткі болған еді. Осыған қатысты шешімді директорлар кеңесі қаңтардың 22 күні қабылдаған. Ал қаржы полициясы болса қаңтардың 26-күні Ғылымов мырза мен оның орынбасары 809 миллион теңге көлеміндегі қаржыны аударып жібергендігін айтады. Алайда, ақша аудару операцияларын жасауға уәкілеттігі жоқ адамдар бұған қалай барғандығы үлкен жұмбақ күйінде қалып отыр» деп түйіндейді «Республика» газеті.
Бұл уақытта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Әнуар Сәйденов және Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің төрағасы Арман Дуаневты қабылдағандығы «Егемен Қазақстан» газетінде баяндалыпты. «Кездесу кезінде Қазақстанның қаржы жүйесін дамыту мәселелері талқыланған. Ұлттық банктің басшысы Президентке елдегі макроэкономикалық ахуал туралы, атап айтқанда, инфляциямен күрес, сырттан қарыз алуды бақылау туралы баяндаған. Арман Дунаев Мемлекет басшысын агенттіктің екінші деңгейдегі банктердің тұрақтылығын арттыруға бағытталған қызметі туралы хабардар етті» делінген «Егемен Қазақстан» газетінің материалында.
«Айқын» газеті болса Алматыда тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін деген болжам жасапты. «Қазір Үкімет «тұрғын үй бағасын қалай реттейміз» деп бас қатырып отыр. Жақында олар екінші деңгейлі коммерциялық банктерге сырттан несие алуларына шектеу қоятындығын мәлімдеді. Мысалы, 2005 жылы тура осындай қадамнан Мәскеуде тұрғын үй бағасы 10-15 пайызға арзандаған еді» деп жазады мақала авторы. «Қазіргі таңда қаладағы үйлердің 90 пайызы несиеге тұрғызылады. Құрылысшылар өз несиесін жабу үшін, тұрғын үйдің тез өтуіне мүдделі болғандықтан, оның бағасын төмендетуге барынша тырысуда. Алматыдағы пәтердің арзандайтындығын бұрынғы Ұлттық Банктің төрағасы Г.Марченко да жоққа шығармайды. Әлемдік жылжымайтын мүлік нарығы «бум-баст» циклі бойынша жұмыс істейді. Яғни, бұл цикл бойынша бастапқы үш жылда тұрғын үй бағасы 70 пайыз өседі де кейінгі екі жылда ол 40 пайызға төмендейді. Егер Алматыдағы тұрғын үй бағаларын есептесек, ол 70 пайыздық көрсеткішті әлдеқашан игеріп қойған. Мұндай жағдайда осы нарықтағы баға күрт төмендеп, ол 40-тан да құлдилап түсіп кетуі ықтимал» депті Григорий Марченко «Айқын» газетіне берген сұхбатында.