Президент Ахмадинежадтың айтуынша, ядролық технологияны қолға алу Иранның «дамуы мен абыройы» үшін өте маңызды. Ахмадинежад бұл мәлімдемесін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иранның ядролық бағдарламасын тоқтатуға берген 60-күндік мерзімі аяқталар алдында жасады. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық МАГАТЭ агенттігі басшысы Мохаммад әл-Барадей осыған байланысты БҰҰ-ның баяндамасын бейсенбі күні жариялайды деп күтілуде.
Уран байыту ісі азаматтық ядролық реакторы үшін пайдаланылады бірақ ол сонымен қатар ядролық қару-жарақты жасау үшін де қолданылса болады.
Иранның айтуынша, оның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта дамытылуда. Иран Ядролық қару-жарақты таратпау жөніндегі келісімге қол қойған, сондықтан бейбіт мақсатта уранды байытуға Теһранның құқы бар, дейді Иран ресмилері. Бірақ Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару-жарақ жасамақшы деп күдіктенеді, сондықтан олар Теһранның ядролық бағдарламасын тоқтатуды көздеп отыр.
Сейсенбі күні Иранның ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегері Али Ларижани келіссөз барысында Теһран ядролық қару-жарақты дамытпай жатқандығы жөнінде кепілдік бергісі келеді деп мәлімдеді. Ларижанидің айтуынша, Иран келіссөз жүргізуге дайын бірақ уран байытуын тоқтатпайды. Венада МАГАТЭ басшысы ел-Барадеймен кездескен Ларижани Иранға қарсы күш қолдану мәселесіне байланысты ескерту жасады.
«Егер біреу ақылға қонбайтын және дөрекі әрекетке қызығатын болса, жақсы, онда оның өзіне лайық жауап қайтарылады. Шынында, бұл мәселені логикалық түрде яғни келіссөз арқылы шешуге болады, бірақ дөрекі әрекет бұл басқа мәселе», - деді Ларижани.
Желтоқсан айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Теһранға ядролық материалдар мен технологияны сатуға тиым салған болатын. БҰҰ, сондай-ақ, егер Иран уран байытуын тоқтатпаса оған қарсы тағы басқа шаралар қолданылады деп ескертті.
Ал сейсенбі күні, яғни ақпанның 20-да, президент Ахмадинежад Иран уран байытуын тоқтатады егер Батыс елдері де солай жасаса деп мәлімдеді.
Оның ұсынысы Ақ Үй баспасөз-хатшысы Тони Сноу тарапынан жоққа шығарылды.
«Ирандықтар бомба үшін қолданылуы мүмкін болған ядролық материалды байытуға бағытталған әрекетті тоқтату керек деген ұсыныс жасауы тиіс», - деді Тони Сноу.
Иран БҰҰ талабын орындамаса қосымша санкцияға тап болуы мүмкін бе? деген сұраққа Сноу мырза жауап беруден бас тартты. Вашингтон МАГАТЭ агенттігінің баяндамасын күтіп отыр, деді Ақ Үй өкілі.
Кей сарапшылардың пікірінше, Иран уран байытуын доғарудан бас тартып отырғандықтан оған қарсы тағы басқа санкциялар енгізілуі мүмкін.
Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Теһранға қысым жасауды көбейту керек дейді. Бірақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері - Ресей мен Қытай елдері – Теһранға қысым жасауға келіспеуі мүмкін, себебі олардың Иранда орасан зор экономикалық мүдделері бар.
Ал Иран болса санкциялар оны ядролық бағдарламасынан бас тартуға мәжбүр етпейді деп ашық айтты.
Иран ресмилері ядролық мәселені шешу мақсатында алдын-ала шарттарсыз келіссөздер өткізуге шақыруда.
Сонымен қатар, МАГАТЭ басшысы ел-Барадей "Financial Times" басылымына берген сұхбатында Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған жағдайды тек келіссөздер арқылы ғана шешу керек деп мәлімдеді.
Ал соңғы хабарларға қарағанда, Венадағы дипломаттар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі МАГАТЭ агенттігінің кезекті отырысына дейін Иранға қарсы әрекет жасамайтын көрінеді деп айтуда. Ол жиын наурыздың 5-і мен 9-ы аралығында өтеді деп күтілуде.