Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы аяқтала салысымен Үкімет мемлекет басшысының жүктеген міндеттерін орындау үшін шұғыл түрде жұмысқа кіріскендігі «Егемен Қазақстан» газетінде баяндалыпты. «Кезектен тыс Үкімет отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов наурыздың 13-не дейін төтенше жағдайда жұмыс істейтіндігін мәлімдеген. Сол уақытқа дейін министрлер кабинеті Үкіметтің 2009 жылға дейінгі іс-қимыл бағдарламасының жобасы мен Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын талқылайды» деп түйіндейді «Егемен Қазақстан» газеті.
«Айқын» газеті болса Жолдауға қатысты Үкімет мүшелерінің пікірін келтіріпті. «Энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамедовтың айтуынша, Елбасы өз жолдауында ірі инвесторлардың ісі республика үшін тиімді болуына ден қою керектігін атап өткен. Қаржы министрі Наталья Коржованың пікірінше, Қазақстанда елдің еңсесі көтерілген күннің туғанына ешкімнің күмәні қалмапты. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова болса, республикада нарық талаптарына жауап беретін әлеуметтік қамту жүйесі толық қалыптасқандығын атап көрсетіпті».
«Жас Алаш» газеті Жолдауға қатысты партиялардың басшыларының пікірлерін жариялап отыр. Жалпыхалықтың социал-демократиялық партиясының басшысы Жармақан Тұяқбай Жолдауда саяси реформалар туралы айтылатын шығар деген үміті ақталмағандығын білдірсе, компартия жетекшісі Серікболсын Әбділдин жолдауда бой көтерген жақсы бастамалардың бәрі бірдей жүзеге асып кетеді дегенге сенім аз екендігін айтыпты. «Мәселен, бір шаршы метрі 350 доллар ғана тұрады деген тұрғын үй бағдарламасының соңы не болғаны естеріңізде болар» депті Серікболсын Әбділдин «Жас Алаш» газетіне берген сұхбатында.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған жолдауында жалақы өсетіндігін жар салып жатқанда Алматының аула тазалаушылары еңбекақысын көбейтуді талап етіп шыққандығына «Время» газеті мән беріпті. «Ақпанның 28-күні жалақасын ала алмаған бір топ аула тазалаушылар Әуезов ауданының әкімшілігіне жиналған. Олар жұмыс берушілердің өздерін адам құрлы көрмейтіндіктерін, мардымсыз ғана жалақысын әлі ала алмай отырғандықтарын айтқан. Жақында ғана аула тазалаушылар Пәтер иелері кооперативінен (ПИК) шығарылып, «Шұғыл бригада» қоғамына қарайтын болыпты. Аталған компанияның бас директоры Серікбай Өзбаев болса ПИК өздеріне 4 миллион теңге қарыз екендігін алға тартып отыр. Ал аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Есенов бұл жерде әкімшіліктің ешқандай қатысы жоқ екендігін, олардың орнына ауланы әкімшілік қызметкерлері сыпырмайтындығын айтты» деп түйіндейді «Время» басылымы.
«Жас Алаш» газеті «Бутя-Капитал» қорына қатысты сот процесінің кезекті отырысы анекдотқа бергісіз жағдайда өткендігін жазыпты. «Сот алдында жауап берген жәбірленушінің бірі «Бутя-капитал» қорына хабарластыңыз ба?» деген сауалға 088 анықтама бюросының телефонын тергенін айтқан. Тағы бір жәбірленуші «Бутя-капитал» қорына ешқандай купон салмағандығын айтып, «егер сотқа қатыспасам, пәтерімді тартып алмай ма?» деген күдікті сауалын сот төрағасына жолдаған. Шыдамай кетсе керек, қабағынан қар жауып отырған прокурорлардың бірі көңілденіп кетіп, ішек-сілесі қата бір күліп алды» делінген «Жас Алаш» газетіндегі мақалада.
«Время» газетінің тілшілері «Рахат Әлиев мемлекеттік қызметте жүріп жүріп телеарналардың акцияларын қалай сатып алған?» деген сұраққа жауап іздеуін жалғастыруда. Тілшілердің осы сауалына Мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі агенттігінің төраға орынбасары Ғабидулла Абдрахимов: «Шынымды айтсам, шенеуніктің акция сатып алуға құқығы болған ба дегенге бірден жауап бере алмаймын» депті. «Ал депутат Серік Әбдірахманов кімде қандай телеарна бары өзін қызықтырмайтындығын айтса, Ақпарат және мәдениет министрі Ермұхамет Ертісбаев телефон тұтқасын тастай салды» деп түйіндейді «Время» газеті.