Босния халықаралық Гаага сотына шағым бере отырып, БҰҰ-ның 1948 жылы қабылданған Геноцидтік қылмыстардың алдын алу және жазалау конвенциясына сәйкес, 1992-1995 жылдарда болған Босния соғысы кезіндегі геноцид үшін Сербияның жауапты болуын талап еткен-ді.
Бұл сауалға жауап беру үшін халықаралық трибунал бірқатар мәселелерді қарап, негізгі жайттар бойынша заңдық прецедент тудырған шешімге келді.
Сербия өзін қорғай келе, Геноцид конвенциясы мемлекеттің жауапкершілігін қарастырмайды деп пікірталастырған болатын.
Дегенмен де осы басты мәселеде халықаралық әділет соты Белградқа қарсы пікір айтты. Швейцарияда орын тепкен Ғаламдағы соғыс және геноцид қылмыстарын бақылайтын адам хұқтары ұйымының жетекшісі Филипп Грант халықаралық әділет сотының шешімі өте маңызды дегенді айтады.
- Ол демек, сот, тек жекелеген адам ғана емес, мемлекет те геноцид жасай алады деп айтты. Және халықаралық соттың осындай ұйғарым айтуы бірінші рет болып отыр. Бұған дейін сіздер білетіндей бұндай қылмысқа айыпты деп табылған жекелеген адамдар бұрынғы Югославияға бағытталған халықаралық соттың, Руанда сотының, басқа да ұлттық трибуналдың шешімімен түрмеге жабылған, бірақ бүкіл бір ел туралы айтылуы жаңалық.
Халықаралық әділет соты шын мәнінде мемлекет геноцид үшін жауапты бола алады деді. Сонымен қатар халықаралық трибунал 1995 жылы Сребреницада 8 мыңға жуық мұсылманның, негізінен ер адамдар мен ер балаларды қырғынға ұшыратқан қанды оқиғаны геноцид деп таныды.
Сот сондай-ақ соғыс барысында Боснияның басқа да аймақтарында болған өзге қырғындар турасында нақты дәлелдер тапқанымен, оларды геноцид деп атауға келмейді деген қорытындыға келді.
Басқаша айтқанда, этникалық босниялықтарды асқан қатыгездікпен жазалау мен тазалау шаралары жүргізілгендігінің дәлелдері бола тұра, демек Босния сербтерінің қарулы топтары Белградтан жан-жақты көмек алып тұрды деп мәлімделгеніне қарамастан, Сербия жетекшілері Босния мұсылмандарын құртып-жоюға мүдделі болды, сондай жоспар бойынша әрекет етті дегенді Босния айқын дәлелдеп бере алмады.
Филипп Грант не себепті тергеу қағаздарының жетіспеушілігі геноцидті дәлелдеуді қиындатып жібергенін былайша түсіндіреді:
- Геноцид деген сөзбен әрқашанда қиын. Ол деген қылмыстың қылмысы. Бұл жай ғана қылмыстың түрі емес. Және бұл сөз көп жағдайда қолданылады. Геноцид деген нақты бір уақытта қаншама көп адамның өлгені турасындағы мәселе емес. Мұндағы мәселе - өлтірулерді жасау арқылы билік белгілі бір топты діни немесе саяси, не этникалық негізіне қарай құртуға тырысты ма, сондай ойы болды ма дегенге саяды. Міне, бұны дәлелдеу өте қиын. Қылмысты іс болғанда сіз оны дәлелдейсіз. Дәлелдің ең ауыртпалығы оның қорғалуында емес, оның орындалуында. Сонымен, егер сізде тергеу-тексеру қағаздары болмаса, егер ондай құжаттар болмаса, бұны дәлелдеу өте-мөте қиын.
Босния бұл соттың басталуында-ақ халықаралық әділет соты тарапынан қатты күреске тап болған еді, міне сондықтан да соттың соңғы шешімін таңқаларлық деуге болмайды дейді Грант.
- Егер қаулыны мұқият оқысаңыз, онда геноцид болған жоқ деп айтылмаған. Ол шындығында болған. Онда Сербия ол геноцидке қатыспады деп айтылмаған. Бірақ, қаулыда тек қана оның Сербияның қатысқандығы дәлелденбегені айтылған. Осының өзі бұл істен ұтылуға жеткілікті. Бірақ, егер сіз жолдар арасынан оқысаңыз, менің ойымша, сұрақтар болған оқиғадан гөрі оның дәлелдік ауыртпалығы жайында көбірек. Босния мұның Сербия жағынан, сербиялық аппараттан демек, әскерлер мен полиция тарапынан босниялық сербтерге Сребреницадағы этникалық топты жою үшін көмектесу мақсатында болды деп мәлімдеді.
Адамзатқа қарсы қылмыс-геноцид жасады деген айыппен Халықаралық сотта ісі қаралып жатқанда бұрынғы Югославия преизденті Слобадан Милошевич сот процесі барысында қайтыс болғаннан бері бұл мәселе даулы күйінде қалып отыр.
Бельгиядағы халықаралық заңдар профессоры Марк Коген Гаага трибуналының шешімін құптап қарсы алған.
Қорытындылай келгенде, халықаралық әділет сотының шешімі басқа да трибуналдың, бұрынғы Югославияға бағытталған соттың, Халықаралық қылмыстық соттың жекелеген адамды геноцидке байланысты айыптаудағы қабілет-қызметіне әсер етпейді. Ал бірақ бұл бүкіл бір елдің тұрғысынан келгенде күрделірек. Бұл соғыстан кейінгі қайта құруда үлкен проблема көтереді. Елдер мұнда екі деңгейде әрекет етеді: мемлекеттер мемлекетке, адамдар адамдарға Батыс Европаның екінші дүниежүзілік соғыстың кейінгі тәжірибесінен көрінгендей бітімгершілік кейде тек мемлекет деңгейіндегі келісімдермен, өтемдермен басқа да заңдармен ғана жүзеге аспайды. Ол үшін ұлттар өзара мәмілеге келулері керек болады.
Индиана университеті заң мектебінің оқытушысы Тимоти Уатерс мемлекеттер арасындағы пікірталас, көзқарас қайшылығын шешуде мүмкін халықаралық сот жеткілікті деңгейдегі мінбер бола алмаған шығар дейді.
Осы аптада халықаралық соттың шешіміне Балқанда наразылық шерулері болып өткені әлемнің әлі де бұл мәселеде ұзақ уақытқа дейін бір келісімге келе алмайтындығын аңғартқандай.