Accessibility links

Әлем бойынша әйелдер мен ерлердің жалақысында айырмашылық бар


Бұрынғы қандай бір кезеңмен салыстырып қарасақ та қыз-келіншектердің қоғам өміріне белсене араласып, жұмысқа көптеп тартыла бастағанын көруге болады, алайда ер әріптестеріне қарағанда әйелдердің еңбекақысы төменірек деңгейде. Міне, БҰҰ-ның Халықаралық еңбек ұйымы дәл осылай деп мәлімдеп отыр. Бұл баяндама бүкіл әлем Халықаралық әйелдер күнін тойлағалы отырған қарсаңда жарияланды.

Осы баяндамада аталып өтілгендей, бүгінгі таңда әйелдер еңбекке көптеп араласып, қыз-келіншектердің белсенділігі арта түскені байқалады. Женевада орын тепкен Халықаралық еңбек ұйымы ғаламдағы еңбек күші 2,9 миллиард адам болса, 2006 жылы әйелдер соның тең жартысын құрады деп жазған екен. Мұны басқаша сөзбен айтқанда, бүкіл әлемде өткен жылы барлығы 1,2 миллиард әйел жұмысбасты жандар қатарында болған. Бірақ, олардың тапқан айлық қаржысы ерлердікімен салыстырғанда көп ретте аз болып келеді екен. Халықаралық еңбек ұйымының келтіріп отырған деректеріне қарағанда, қауіпсіздік және білім беру саласында жұмыс істейтін әйелдер мен еркектердің айлық жалақысында едәуір айырмашылық бар екен.

«Ғаламдағы Әйелдер жұмысының бағыты, 2007 жыл, қысқаша деректер жинағы» деп аталатын еңбек авторларының бірі Дорота Шмидт былай дейді:

- Біз бірқатар жақсы бағытты байқадық, дегенмен де жалақыдағы айырмашылықтың жойылуы өте баяу жүзеге асуда. Біздің аңғарғанымыз - осы уақытқа дейін әйелдердің жұмыс істеу жағдайлары әлемнің көп жерінде нашар және бұл олардың бірдей жұмысты аз жалақыға атқарып жатқаны ғана емес, ол өте жиі кездесетін жайт. Бұл, әсіресе, олардың істейтін жұмыстарына жалақының толыққанды төленбейтіндігінде, өйткені олар көбіне отбасылық топтың жұмыс күшіне жатады.

Қазіргі кезеңде жұмыс істейтін әйелдердің 48 проценті тұрақты жалақы алады немесе ақылы еңбекке тартылған. Бұл көрсеткіш 10 жыл бұрын 43 процент болатын. Шмидтің айтуынша, әйелдердің өз бетімен кәсіпкерлікпен шұғылданудан бастап, тұрақты жалақы төленетін қызметтерге қарай ойысуы, сол әйелдердің еркіндікке ұмтылып, өзін-өзі дәлелдеуге деген басты қадамы, бірақ мұндай жайттар әлемнің тек дамыған елдерінде ғана болады дейді ол:

- Біз әлемде жұмыс істейтін әйелдердің тең жартысы жалақы алатын немесе ақылы еңбек ететін деңгейге қол жеткіздік. Мұның өзі алға басқан өте үлкен қадам, бірақ бұндай жайт әлемнің бай өлкелеріне ғана тән. Ал кедей аймақтарда, мәселен, оңтүстік Азия мен Афиканың Сахара аудандарында, әлі күнге жұмыс істейтін әйелдерге көбіне тұрақты жалақы не тиісті ақы төленбейді.

Осы баяндаманы жазушылардың жасаған тағы бір тұжырымдамасы - жұмыс істейтін әйелдер ер адам болғаннан гөрі, жұмыссыз қалғанды көбірек қалайды екен. 2006 жылы әйелдер арасында жұмыссыздық деңгейі 6,6 процент болса, ерлер арасында бұл көрсеткіш сәл төменірек, яғни 6,1 процент болыпты.

Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Июан Сомавиа әлем елдерінің билігі мен үкіметтерін қыз-келіншектердің жұмыс табу мүмкіндіктерін жетілдіріп, жақсарта түсуге шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG