Accessibility links

Сот алқасы БҰҰ-дағы бұрынғы Ресей елшісіне ақша жымқырды деген айып тақты


БҰҰ-дағы Ресейдің бұрынғы дипломаты Владимир Кузнецов парақорлық жасап, жүз мыңдаған доллар ақшаны алаяқтықпен өз қалтасына салғаны үшін айыпты деп танылды.

Сот алқасы Ресейдің БҰҰ-дағы бұрынғы өкілі Владимир Кузнецовтың ісін қарауға бір күннен аз уақытын жұмсады.

Сот үкімі шығарылып, ол айыпты деп танылды. Нью-Иорктің Манхэттан ауданындағы АҚШ аудандық сотының федералды сот алқасы, 49 жастағы Кузнецовты БҰҰ-ның мердігерлерінен пара ретінде 300 мың доллардан аса қаржыны жымқыруға көмектесті деп айыптады. Енді Кузнецовты 20 жыл түрме жазасы күтіп тұр. Ол маусымның 25-не белгіленген сот үкімі шыққанша үй қамауында болады. Ол қаржы операциялары Кузнецов БҰҰ-ның қаржы саласын бақылайтын құзырлы мекеме әкімшілік және бюджет мәселелері жөніндегі комитетіндегі қызметі кезінде жасалған. Кейін ол сол комитеттің төрағасы болып сайланған. АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы Кузнецовты 2005 жылдың қыркүйек айында Нью Йорктегі бір мейрамханада қамауға алған. Сосын Құрама Штаттар билігінің сұрауы бойынша оның дипломаттық төтемелілігін БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан алған болған.

Кузнецов БҰҰ-ның сатып алу және жабдықтау істері бойынша комитеттегі өзінің әріптесі ресейлік Александр Яковлев оған қарсы мәлімет берген соң қамалған.

Яковлев өзінің шетелдік компаниялардан БҰҰ-ның тиімді келісім-шарттарына қатысу үшін бір миллион доллардай пара алғанын мойындады. Ондағы параның біразы 1996 жылғы БҰҰ-ның азық түлік үшін мұнай бағдарламасына қатысушы бәсекелес компаниялардан түскен. Ол бағдарлама сол кездегі Ирақ президенті Саддам Хуссейннің Кувейтке басып кіруінен соң, Ираққа енгізілген БҰҰ-ның санкцияға байланысты ирақтықтарға көмек ретінде басталған. Яковлев қазір сот үкімін күтіп жатыр және оған 60 жылдан аса түрме жазасы берілуі мүмкін.

Айыптаушылардың айтуынша, Яковлев Кузнецовқа өзінің заңсыз істері туралы айтқанда, Кузнецов өзінің үнсіз қалуы үшін пайданы бөлісуге келіскен. Әріптесінің ол қылмыстық әрекеті туралы айтпағаннан бұрын, Кузнецов 2000 жылы Кариб аралындағы оффшорлық банкте есеп шот ашқаны үшін де айыпталды. Бұрынғы дипломат өзінің Яковлевтен 300 мың доллар алғанын жоққа шығармады. Бірақ, Кузнецов сол қаржының заңсыз жолмен келгенін білмегенін айтады. Кузнецовқа тағылып отырған жалғыз айып осы ғана.

Бейсенбі күні ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігі хабарлағандай, БҰҰ-дағы Ресей миссиясы АҚШ федералдық сотының ол деректері өз үміттерін ақтамағанын айтады.
XS
SM
MD
LG