Accessibility links

Бағдад конференциясында бірінші қадам жақсы болғанымен, негізгі мақсат тұрғысынан айырмашылықтар бар


Өткен сенбі күні Бағдадта өткізілген халықаралық қауіпсіздік конференциясы алғашқы қадамның нәтижелі болғандығын көрсетті. Және оған қатысушылардың барлығы да осындай жоғары дәрежелі кездесуді араға көп уақыт салмай өткізу қажеттігіне келісті. Дегенмен де АҚШ, Иран және Сирия тарапынан болған талқылауларда басты мақсаттар тұрғысында бірқатар айырмашылықтар қалып отыр.

Бағдад қауіпсіздік конференциясы Ираққа қатысты бір-бірімен қарама-қайшылықта болып келген үш негізгі мемлекеттің басын қосып, бір жерге жинады. Олар АҚШ, Иран және Сирия.

Бастапқы көп алдындағы мәлімдемелеріне сай көрінуі үшін бұлардың үшеуі де өз келіссөздері маңызды деп есептейді.

АҚШ-ың Ирақтағы елшісі Залмай Халилзад жексенбі күні Бағдадтан АҚШ телеарналарының біріне берген сұхбатында былай деп атап өтті:

- Наурыздың 10-күні болған басқосу Ирақ жағдайында оның көршілеріне қатысты етек алып тұрған проблемаларға байланысты қалай көмектесуге болады және Ирақтағы қайта құруды қалай дамытып, алға жылжытуға болады деген мәселелерге назар аударды. Өзгерістер өте жақсы болды. Мұнда Ирақ пен оның көршілерінің өкілдері кіретін қауіпсіздік саласында, мұнай мен электр энергиясы, босқындармен жұмыс істейтін топ құру жөнінде келісім жасалды.

Сондай-ақ бұл жолы елшілер деңгейінде өткізілген конференцияға қатысушы 16 делегация мұнда айтылған өзекті деген мәселелерді кеңінен талқылау үшін ендігі кездесуді министрлер деңгейінде өткізуге келісті.

Әзірше оның қайда және қашан өткізілетіні нақты айтылмаса да, ол екінші конференцияға да АҚШ, Иран, Сирия, Түркия елдерімен қатар БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше басқа да елдердің өкілдерімен қатар бірнеше аймақтық ұйымдар қатысатын болады.

Конференцияға маңыздылық пен салмақ беру үшін оған үлкен сегіздік елдерінің басқа да мүшелері қатыстырылуы мүмкін.

Техран да Вашингтон сияқты бұл көзқарастың бәріне оң қабақпен қарайды. Жексенбі күнгі сөйлеген сөзінде Иранның сыртқы істер министрінің өкілі Мохамед Әли Хоссейн былай деп атап көрсеткен еді:

- Біз Ирақты қазіргі проблемасынан құтқаратын барлық күш-жігерге қолдау көрсетеміз, біз ирақ халқы мен оның үкіметіне көмектесетін, қауіпсіздікке бастайтын жоспардың бәрін де қолдаймыз. Иран кез-келген жоспардың бірінші қолдаушысы болады.

Сирия да бұл процестерді құптап, қолдау танытып отыр. Жексенбі күні мемлекет бақылауындағы газет Дамаск Ирақтағы қақтығыстарды тоқтататын саяси шешімге қолдау білдіреді деп жазды.

Конференцияда көп жағдайда ауызбіршілік танытылғанымен де, талқылауға қатысушылар келіссөздердегі басты мақсатқа қатысты пікірлерінде алшақтық бар екендігін атап көрсетті.

Вашингтон коалиция күштеріне шабуыл жасаушылар мен Ирақтағы жікшілдік қақтығыстарын қолдайды деп Иран мен Сирияны кінәлап келген еді, АҚШ президенті Дж.Буш Иран мен Сирия осындай әрекеттерін тоқтатқанын қалаймын деген.

Буш жексенбі күні Коломбия штатындағы сапары барысында мұнда олардың қару-жарақ ағынын тоқтатуы немесе Ирақтың ішіне жанкештілік бомба жару қимылдарын жасаушыларды жіберуді қоюы керек деп айтқан-ды.

Иран болса өз кезегінде АҚШ Ирақ саясатын өзгертуін және Ирақ пен оның халқы үшін жауапкершілікті алғанын қалайтындығын атап көрсетті.

Талдаушылардың көпшілігі Ираққа қатысты басталған келіссөздердің соңында Техран АҚШ пен және басқа да елдермен өзінің даулы ядролық бағдарламасына қатысты кең көлемді талқылауларға ұластыруға тырысады деген болатын.

Демек, егер Техран Ирақ мәселесінде ынтымақтастыққа келісетін болса, оның есесіне ол өзіне уран байытуды доғару жөніндегі қысымнан құтылу ұсынысын алға тартады деп болжалған.

Ал Вашингтон Иран мен Ирақтан басқа қандай да бір мәселені талқылауға жол берген жоқ. АҚШ пен батыстық басқа да ресмилер Иранның ядролық бағдарламасына байланысты келіссөздерге ең алдымен Техран уран байытуды тоқтатпайынша бармайтындықтарын айтып келе жатқандығы аян.

Сирияға келетін болсақ, сарапшылардың көпшілігі Дамаск Бағдад конференциясы Ирақ төңірегіндегі пікір алысулардан да көбірек, демек одан тысқары мәселелерді де талқылайтын мүмкіндік деген сенімде болған.

Сонымен, сенбі күні Бағдадта болған конференцияға қатысушылардың барлығы да Ирақ туралы талқылауларды жалғастыру қажет екендігін түсінеді. Бірақ олар Ирақ үкіметі үшін оны өткізетін жерді және оған қатысатындардың барлығына да ыңғайлы деген уақытты белгілеу күрделі, қиын болады деген ойда.

Хабарларға қарағанда, Ирақ пен Иран үкіметтері екінші конференцияны да Бағдадта өткізуді қалайды. Ал АҚШ болса оның Стамбулда болғанын қалайтындықтарын айтқан. Египет үкіметі Каирды ұсынып отыр. Қалай болғанда да, келесі конференцияның өтер жері алдағы айда анықталып қалады.
XS
SM
MD
LG