Accessibility links

Қырғызстанда оппозициялық қозғалыс үкіметке қарсы шерулерді кеңейтуді жоспарлап отыр


Қырғызстандағы жаңа оппозициялық топ сәуір айында елдің түкпір-түкпірінде жаппай шерулер өткізіп, оның шарықтау шегін Бішкектегі ереуілдермен жалғастыруға шақырып отыр.

«Қырғызстанның лайықты болашағы үшін біріккен майданы» конституциялық реформалар ғана емес, жаңадан президенттік сайлаулар өткізуге де шақыруда. Қырғызстандағы басқа да оппозициялық қозғалыстар осындай талаптарды алға тартуда.

Қырғызстанда өзін-өзі қайталап жатқан тарих немесе оппозицияның жаңа наразылықтары қырғыздардың ел үкіметінің құрылымын өзгерту үшін жүргізіп жатқан екі жылдық күресінің жаңа тарауы ма?

Дүйсенбі күні «Қырғызстанның лайықты болашағы үшін бірікккен майдан» қозғалысы үкіметке қарсы шерулерғе шақырып, бірқатар өзгерістерді талап еткен мәлімдеме жариялады. Жақында құрылған осы оппозициялық блоктың баспасөз өкілі Азамат Калман «Азаттық» радиосына берген сұхбатында, топтың алдағы жоспары жайында былай деген болатын:

- Бүгін Біріккен Фронттың штабы мәлімдеме тараттық...

Біріккен майданға бұрынғы премьер-министр Феликс Кулов жетекшілік етеді. Оның алдында Куловтың кандидатурасын президент үкіметбасылыққа екі рет ұсынғанда ел парламенті мақұлдамай тастаған соң, Құрманбек Бәкиев оны бұл қызметке үшінші қайтара ұсынбаған еді. Сөйтіп, ақпан айында-ақ Кулов жаңа оппозициялық топ жасақтады.

Біріккен майданның мәлімдемесінде ел билігі заңсыз түрде бір адамның, демек Бәкиевтің құзырына өтіп кетті деп атап көрсетілген. Оппозицияның мәлімдемесінде сондай-ақ үкіметті кландық сыбайластық жайлады, ел дәулетін және экономиканың табысты секторларын билік басындағы бір ғана отбасы басып алды, жеке кәсіпкерлік пен БАҚ-ы қысымға түсіп, қудалауға ұшырауда деген айыптаулар жазылған.

Міне, бұл айтылғандардың бәрі де 2005 жылғы Қызғалдақ төңкерісінің нәтижесінде биліктен қуылған президент Асқар Ақаевтың атына айтылған сын-айыптаулармен тым ұқсас көрінеді.

Сәуір айында жаппай ереуілдер өткізіп, конституциялық рефромалар жасауды талап етіп отырған жалғыз ғана Біріккен майдан қозғалысы емес. «Рефромалар үшін» қозғалысы өткен қараша айында Бішкекте 20 мыңдай адам қатысқан кең көлемді ереуілдер ұйымдастырған болатын. Бір аптаға жалғасқан осы шерулерден кейін қарашаның 8-інде парламент мәтіні екі рет шұғыл түрде қаралған жаңа конституцияны қабылдаған болатын. Оған президент Бәкиев келесі күні қол қойды. Жаңа конституция бойынша президент билігі шектелді, бірақ жылдың соңына қарай парламенттегі президентшіл заң шығарушылар конституцияға бірқатар өзгерістер мен түзетулер енгізуді ұсынып, соның нәтижесінде президенттің алдындағы өзгерісте айрылып қалған билік күші қайтарылды.

Енді «Реформалар үшін» қозғалысы қырғыз жұртын тағы бір қайтара жиналып, конституцияға алғашқы жолы енгізілген өзгерістердің қайта енгізілуін президенттен талап етуге үндеп отыр. «Реформалар үшін» қозғалысының мүшесі Өмірбек Әбдірахманов сәуірдің 5-6-сынан бастап митингілер басталады, ең үлкен жиын Бішкекте 11-сәуірде болады дейді.

Оппозициялық қозғалыстың әрқайсысы өз алдарына тәуелсіз жағдайда әрекет еткенімен, бірақ осы екі топтың екеуіне де мүше кейбір белгілі тұлғалар бар. Оның бір мысалы «Атамекен» жетекшісі Өмірбек Текебаев десе болады. Ресми түрде «Реформалар үшін» қозғалысы Бәкиевтің президенттіктен мерзімінен бұрын кетуіне шақырып отырған жоқ, бұл Біріккен майданның алға қойып отырған талабы. Десек те, өткен аптадағы мәлімдемесінде «Реформалар үшін» қозғалысы егер президент сәуір айының басында конституцияда және жүйеде реформалар жасамаса, одан кейін біз оның биліктен кетуін талап ететін боламыз делінген.

Әділет министрі Марат Кайыпов президенттің мерзімінен бұрын тақтан кетуін талап етуге немесе ертерек сайлау өткізуге негіз жоқ дейді:

- Онда біз Қырғыз елі ретінде дүниежүзілік абыройды жоғалтамыз. Не себептен? Себебі, конституциялық реформадан кейін президенттің билік хұқы кеңейген жоқ, ел сайлаған хұқтан ол артып кеткен жоқ.

Ал оппозициялық қозғалыстың екеуі де сәуір айындағы наразылық шерулерін өз талаптары орындалғанша жалғастыра беретіндіктерін мәлімдеп, бұл ереуілдерде ешқандай да саяси қақтығыстарға жол бермейтіндіктеріне уәде етуде.
XS
SM
MD
LG