Сөз болып отырған процеске қатысты кезекті сот отырысында куәгерлерден жауап алынуы керек еді. Алайда адвокаттар өз қорғауындағы азаматтарды қолхат бойынша абақтыдан шығаруын талап етіп, сот төрағасына тағы да өтініш түсірді. Сот алқасы өзара ақылдаса келе, осы іс бойынша қамауға алынғаннан кейін емделуге мүмкін болмай, денсаулығы нашарлаған екі азамат қамаудан босатылатындығы туралы қаулы етті.
- Сот қорғаушылардың өтініштері жөнінде тараптардың пікірін тыңдап, берілген өтініштерді қанағаттандырды, - деді сот төрағасы Адайбек Бейімбетов.
Сот төрағасы келтірген мәліметке сәйкес, абақтыдан босатылған сотталушы Алпысбаевтың өкпесі мен бауырындағы ісік алынса, келесі бір сотталушы Наменгенов абақты жағдайында тыныс алу жолының созылмалы кеселіне ем қабылдап жүрген. Бұл азаматтарға абақты жағдайында дұрыс ем қолдану мүмкін емес екендігін ескерген сот алқасы оларды қолхат арқылы босату керек деген тұжырымға келген.
Сонымен қатар, сот өз бастамасы бойынша абақтыда отырған жеті азаматты босататындығын хабарлады.
- Осы іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлімімен, 241-бабының 2-ші бөлімімен сотқа берілген жеті азаматты қолхат арқылы бостандыққа шығару туралы шешім шығардық, - деді судья Адайбек Бейімбетов.
Осылайша, сотқа тартылған 25 адамның 17-і қолхат арқылы бостандыққа шығарылса, тағы 8 адам абақтыда қалдырылды. Олардың бесеуі «адам өлтірген» деген айыппен сотқа тартылғандар.
Сотталушылардың туған-туыстары сот алқасының бүгінгі шешіміне ризашылығын білдірсе, қорғаушылар сот процесінде түбегейлі өзгеріс бар деген болжам айтуда. Қоғамдық қорғаушы Асылбек Қожахметтің пікірінше, соттың осындай шешім қабылдауына сыртқы факторлар түрткі болуы мүмкін.
- Бұған дейін сот біздің қаншама ұсыныстарымызға құлақ аспай келген болатын. Ендігі сот басқа бағытта жүреді деп ойлаймын. Оған, кешегі Маловодное елді-мекеніндегі қақтығыстың әсері болуы мүмкін, - дейді Асылбек Қожахмет.
Адвокат Оңғарбай Мамытбаев болса сот осындай қаулы шығаруға мәжбүр болды деп есептейді.
- Себебі, олардың жасалған қылмыстары дәлелденген жоқ. Көрсету беріп жатқан адамдардың біреуі де «айыпты осы» деп көрсете алмады, - дейді адвокат.
Жалпы, осы іс бойынша 125 адам куәгер ретінде тіркелген болса, қазіргі күні соның үшеуінен ғана сот барысында жауап алынған. Қорғаушылар үшін Шаңырақ елді-мекеніндегі баспаналарды қирату ісін ұйымдастырғандардың жауабы маңызды болып тұр. Алайда олардың бірқатарын сотқа шақырту мүмкін болмай отыр, - дейді қорғаушы Жасарал Қуанышәлі.
- Қарап отырсақ, қазір Шаңырақтағы істерді басқарған адамдардың көбі сәтсіздікке ұшырап жатыр. Мәселен, сол кезде Алматы қалалық сот әкімшілігі бастығының орынбасары болған Қажымұрат Махмақанов кешегі Маловодное ауылындағы қақтығыстан кейін ауыр жағдаймен ауруханаға түскен, тергеуші Телман Елубаев жақында жол апатынан қазаға ұшырады, арнайы жасақтың төрағасы Қадырғожаев абақтыда, ал оның орынбасары Самалихов үй тұтқынында отыр, - деді қоғамдық қорғаушы.
2006 жылғы шілденің 14-күнгі Шаңырақ ықшам ауданының тұрғындары мен заңсыз соғылған үйлерді бұзуға барған полиция арасындағы қақтығыс бойынша сот осы жылғы қаңтардың 12-күні басталған болатын. Келесі сот мәжілісі наурыздың 27-не белгіленді.