Маловодное елді-мекеніндегі қақтығыстан кейін 42 адам қамауға алынғандығы туралы мақала «Время» газетінде жарық көріпті. «Сейсенбіге қараған түні жергілікті тұрғындар ағайынды Махмақановтардың үйлерін таспен атқылаған. «Арлан» арнайы жасағының сарбаздары мен «Еңбекші қазақ» ауданының полицейлері түнгі бұзақыларды ұстады. Наурыздың 20-күні Қазатком ауылына ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев барды» делінген мақалада. «Қазіргі күні Қазатком ауылындағы жағдай шиеленісіп тұр. Полиция өкілдері 42 адамды ұстап, Алматы облыстық ішкі істер департаментінің тергеушілері бірқатар әкімшілік және қылмыстық іс қозғаған. Ұсталғандар қасақана кісі өлтіру, өзгенің мүлкін жою, қоғамдық тәртіпті бұзу секілді қылмыстармен айыпталып отыр» деп жазды «Время» газеті.
Бұл уақытта Қазақстандағы шешен және ингуш халықтарының «Вайнах» мәдени даму қауымдастығының төрағасы Ахмет Мурадовтың сұхбаты «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайтында басылыпты. Онда Ахмет Мурадов «шешендерді республика аумағынан көшіру керек» деген пікірге қарсы шыққан. «Шешен халқы Қазақстанда қалады, олардың көбі осы жерде туып, ұрпақ таратты. Шешендер қашанда қазақ халқымен достық қарым-қатынас ұстап келді. Біз елдегі халықтар достығы саясатын қолдаймыз» депті Ахмет Мурадов «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайтына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, аталған сайтта «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшімнің де сұхбаты жарық көріп отыр. Онда Дос Қалмақанұлы соңғы жарты жылдың ішінде ғана ұлттық мазмұны бар бірнеше қақтығыс орын алғандығын атап көрсеткен. «Алдымен билік болған оқиғаны жасыруға тырысады. Жанжал одан әрі шиеленісіп кеткеннен кейін оның беті ашылып қалады да, артынан мұның барлығы тұрмыстық даудан шыққан деп, бұзақыларды анықтап шығады. Алайда, осы күнге дейін биліктің ұлтаралық және әлеуметтік саясатының қаншалықты сапалы жүріп жатқандығына ешкім дұрыс бағасын берген жоқ» дейді Дос Көшім. Оның пікірінше, Қазақстанда билік халықтың пікіріне құлақ асудан гөрі күш қолдануды жиілетіп кетті. «Ұлтаралық татулық болсын десек, билік осы әрекетінен бас тартуы тиіс. Халыққа қатысты мәселелердің барлығын азаматтық қауымдастық талқылауы керек» депті «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайтына берген сұхбатында.
Ал «Литер» газеті болса «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның жұмысшылары миллиардер Лакшми Митталды сотқа бермекші екендігі туралы жазыпты. «Оған Лакшми Миттал мырзаның жұмысшыларды жаппай қысқарту әрекеті түрткі болып отыр. Кәсіпкердің өзі бұл шараны жұмысшылар саны мен өндіріс ауқымын теңестіру мақсатында туындағандығын айтты» делінген мақалада. «Жаппай қысқартулар алдымен Саран базасында басталып, мұнда жүз шақты адам жұмыстан шығарылған. Енді олар миллиардермен соттасқалы отыр, арыз-шағымдарын да дайындап қойған. Ал көмір департаментіндегілер үнсіз. Жұмысшылар болса алаңдаулы күй кешіп отыр» деп түйіндейді «Литер» газеті.
Бұл уақытта «Валют-Транзит-Банкі» салымшыларының ақшалары қайтарыла бастайтындығына «Экспресс К» газеті мән беріп өтіпті. «Қазақстанның салымдар кепілі қорының бас директоры Бақыт Мәженованың айтуынша, салымдарды қайтару шарасы осы жылғы наурыздың 26-нан бастап жүргізілетін болады. Ал наурыз айынан бастап Қарағанды ауданаралық экономикалық сотының «Валют-Транзит-Банкі» акционерлік қоғамын кұштеп тарату туралы қаулысы күшіне енді» делінген мақалада. «Соған сәйкес салымшылардың 52 пайызы өзінің ақшаларын толығымен қайтарып алады. Сарапшылардың есептеуі бойынша, 250 мың салымшыға 16 млрд теңге көлемінде ақша беріледі. Салымдарды қайтару процесі жыл бойына жүргізілетін болады» деп түйіндейді «Экспресс К» газеті.