Алматы қаласының «Бутаковка» ауданындағы зираттар бұзуға жіберілетіндігі туралы мақала «Время» газетінде жарық көріпті. «Тау бөктеріндегі зиратқа 46 жыл болған. Сол ауданның тұрғындары қазір де мүрделерді сонда жерлеп келеді» делінген мақалада. «Наурыздың 26-күні аталған ауданның тұрғындары осы мәселе бойынша жиналыс өткізді. Осы жиынға қатысқан қала әкімшілігінің өкілі Евгений Шмыгалевтың айтуынша, министрліктің қаулысына сәйкес, зираттар өзен-көлдерден 300 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Ал «Бутаковкадағы» зират өзеннен 157 метр жерде жатыр. Тұрғындар болса әкімшіліктің бұл әрекетіне наразы болып отыр. Осы ауданда тұратын Татьяна Теплякова бұл зиратта өзінің қызы жатқандығын, екінші мәрте жерлеу рәсімін өткізудің адамға қатты соққы болып тиетіндігін айтады» деп жазды «Время» газеті.
Ал «Комсомольская правда: Қазақстан» газеті болса Алматы орталығындағы жерлер екі мәрте сатылған ба деген сұраққа жауап іздепті. «Кәсіпкерлер одағының президенті Василий Резванның айтуынша, мемлекеттің қажеті үшін алынған жерлер сатуға шығарылған. Оған дәлел ретінде Резван мырза саудаға шығарылған жерлердің газеттегі жарнамасын келтіреді. Василий Резванның пікірінше, бұл жерлерді «Алматыжер» мекемесі қажеттілігіне алып, құрылыс компанияларына қайта сатқан. Алайда, «Алматыжер» мекемесіндегілер бұл айыптаумен келіспей отыр. Аталған мекеменің баспасөз хатшысы Александр Губерттің айтуынша, Резван мырзаның келтірген жер телімдері ешқашан қайта сатылмаған» деп жазды «Комсомольская правда: Қазақстан» газеті.
Қазақ ғарышкерлерінің ғарышқа сапары қиындағандығы туралы мақала «Айқын» газетінде жарық көріпті. «Болашақ қазақ ғарышкерлері Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов үшін орыс ғарыш кемесінің есігі тарс жабылған. Егер мемлекет басшысы араласпаса, Тоқтар мен Талғат салған сара жол осымен кілт үзілуі мүмкін» делінген мақалада. «Наурыздың 27-күні Министрлер Кабинетінің отырысында арнайы баяндама жасаған Талғат Мұсабаев мәселе саяси іс-қимылдарсыз шешілмейтіндігін мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақ ғарышкерлері көкке самғайтын ғарыш кемелерінің табалдырығынан аттау мүмкіндігінен толық айырылды. Яғни, ғарыш төсінде жүзген халықаралық ғарыш стансасына жете алмайды. Байқоңырда ресейлік «Союз ТМА» типті ғарыш кемелері қолданылады. Ал «Союз ТМА»-да бар-жоғы үш-ақ орын қарастырылған. Талғат Мұсабаевтың айтуынша, бұдан былай ең кем дегенде, үш жыл бойы НАСА өкілдерінен, не әрі кеткенде Еуропалық Ғарыш Агенттігі өкілдерінен басқа ешкім де ол орынға енді қол жеткізе алмайды» деп жазды «Айқын» газеті.
Бұл уақытта Байқоңыр тұрғындары Ресейдің оқулықтарымен білім алатындығына «Время» газеті мән беріп өтіпті. «Осы жылғы қыркүйектің 1-інен бастап Байқоңырдағы қазақ мектептерінің 7 мыңға жуық оқушылары қазақ тіліне аударылған Ресей оқулықтарын қарайтын болады» делінген мақалада. «Қазақстан және Ресейдің білім министрліктері осындай шешімге келген. Аударма оқулықтарда оқушылардың отаны – Ресей, ал ел президенті – Владимир Путин болып қалмақ. Осыған байланысты Қызылорда облыстық білім департаменті білім және ғылым министрлігіне хат жолдаған. Әзірге жауап жоқ» деп түйіндейді «Время» басылымы.
Сонымен қатар, газеттер ВИЧ инфекциясының аймақтарда таралуына алаңдаушылық білдіріп отыр. Мәселен, «Аргументы и факты: Қазақстан» газеті осы жылы Қызылорда облысында екі мәрте ВИЧ инфекциясы тіркелгендігіне тоқталып өтіпті. «Қатерлі вирус анықталған екі адамның біреуі Өзбекстаннан көшіп келген азамат» делінген мақалада. «Облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Асылбек Тоғызбаевтың айтуынша, өткен жылы бір ғана Арал өңірінде қатерлі вирус 7 рет тіркелген. Олар қатарында Оңтүстік Африка Республикасынан келген бір дәрігер бар» деп жазды «Аргументы и факты: Қазақстан» газеті.
Ал «Время» басылымы болса Екібастұз аймағында соңғы екі айдың ішінде 4 мәрте ВИЧ инфекциясы тіркелгендігін хабарлап отыр. «Жалпы осы аймақта қатерлі вирус жұқтырғандар саны - 31» делінген мақалада. «Дәрігерлер қатерлі вирусқа шалдыққан кісілердің көбі нашақорлар екендігіне алаңдайды. Ал жалпы Павлодар облысында ВИЧ инфекциясын 1100-ге жуық адам жұқтырған» деп түйіндейді «Время» басылымы.