Осы жылдың сәуір айнынан бастап Қазақстанның бірқатар аймақтарында коммуналдық қызмет бағасы көтерілетіндігі туралы мақала «Комсомольская правда: Қазақстан» газетінде жарық көріпті. «Сәуірдің 1-нен бастап Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында - жылу, ал Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында су бағасы қымбаттайды» делінген мақалада. «Қостанай облысында жылу бағасы 17 пайызға көтеріледі. Орта есеппен коммуналдық қызмет тарифтері 6-8 пайызға өседі. Жалпы, тарифтердің көтерілуін табиғи монополияны реттеу агенттігіндегілер жанар-жағармайдың қымбаттауымен түсіндіріп отыр» деп жазды «Комсомольская правда: Қазақстан» газеті.
Ал «Экспресс К» газеті тарифтердің өзгеруі жылына бір-ақ рет болуы керек екендігін ескертіп отыр. «Көптеген мекемелер тариф жөніндегі заңның осы ережесін пайдаланып қалуға тырысып жатыр» делінген мақалада. «Осы жылдан бастап табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігіне 218 тарифті орнықтыру туралы 127 өтініш түскен. Аталған агенттік соның 144-ін кері қайтарған. Қалған өтініштердің ішінде 16 тариф сол қалпында қалдырылса, 52 тариф өсірілген және 6 тариф төмендетілген. Негізінен, энерго- және сумен қамтамасыз ету мекемелерінің тарифтері өсірілген. Олардың бірқатары 8 пайыз, кейбіреулері 19 пайыздық өсімге ие болды» деп түйіндейді «Экспресс К» газеті.
Бұл уақытта Алматы облысының тұрғындары көгілдір отынмен қамтамасыз етілетіндігі туралы мақала «Айқын» газетінде жарық көріпті. «Наурыздың 30-күні Алматы облыстық әкімдігінде "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамы мен Алматы облысы әкімдігінің өзара бірлескен қызмет ету және ынтымақтастық орнату туралы меморандумына қол қойылды» делінген мақалада. «Меморандумның басты мақсаты – Жетісу жері тұрғындары қатарындағы көгілдір отынды тұтынушыларды тұрақты және үздіксіз түрде газбен қамтамасыз етуге қол жеткізу. Егер ойға алынғандар толыққанды жүзеге асырылса, бүгінде тұтынушылар үшін тым қымбатқа түсіп отырған электр қуатын жеткізу, тұрғындарды жылумен және ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарында жаңа бір серпілістер мен жеңілдіктер тіркелмек. Электр қуаты, жылу мен ауыз суға қатысты қызмет көрсететін кәсіпорындар ешқандай кедергісіз газбен жабдықталады» деп жазды «Айқын» газеті.
Ал «Литер» газеті болса келесі айда Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін деген болжам жасап отыр. «Сенім дерек көздерінен Алматы шетіндегі жаңадан тұрғызылған бірнеше тұрғын үйді мемлекет пайдасына өткізу туралы келісімге қол қойылғаны белгілі болды» делінген мақалада. «Көптеген қаржы сарапшылары үй бағасының құлдырайтын шегіне жеткендігін болжаған соң, жылжымайтын мүлік сатушы компаниялар өздерінің активтерін сақтап қалуға тырысып жатқан сияқты. Жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс туралы айтылып жүргеніне біраз болды. Соңғы уақытта байқалып жүрген экономикадағы баға қызуы осылай тұра бермейтіні анық еді. Наурыздың 30-күні мемлекеттік қаржы құрылымдарының өкілдері мен үш құрылыс компаниясы арасында келісім жасалынды. Компаниялар Алматының шетіндегі тоғыз қабатты 33 үйді мемлекеттік бағамен сатқан. Яғни, бұл үйлердің әрбір шаршы метрі 440 доллардан бағаланған» деп түйіндейді «Литер» газеті.
Сонымен қатар, сәуір айнынан бастап Қазақстандағы ойынханалар жабылатындығына «Айқын» газеті мән беріп өтіпті. «Түнгі сағат тура 12.00-де республикадағы барлық ойынхалар мен ойын автоматтары залдарындағы шамдар сөніп, ойынқұмарлар үшін есіктері мүлде жабылатын болады» делінген мақалада. «Жексенбіден бастап республика аумағында ресми тіркелген 126 казино мен 24 мыңнан астам ойын автоматтарының ғимараттары қаңырап бос қалмақ. «Ойын бизнесі туралы» заң бойынша республикадағы барлық ойын ғимараттары Астананың маңындағы Шортанды мен Алматының түбіндегі Қапшағай қалаларына көшулері керек болатын. Дәл қазір Шортандыда да, Қапшағайда да ойын бизнесін жалғастыратындай ешқандай жағдай жоқ. Қазақстандық «Лас-Вегастың» нақты орны айқындалып, жаңа қаланың жобасы іске асқанша, кемінде 3-6 жыл уақыт керек екен» деп түйіндейді «Айқын» газеті.
Ал «Литер» газеті болса ойын бизнесіне тиымды айналып өтудің үш жолы бар екендігін көрсетіп отыр. «Заң ережелерін талқылап шыққан кәсіпкерлер казиноларды әуеге көшіруге болатындығын анықтаған. Яғни, ойынханалар әуеде қалықтап тұратын дирижабльдерге көшуі де мүмкін. Бұл жаңа ғимарат салудан көрі арзанға түседі екен. Сонда ойынның өзі әуеде жүреді де, ойынхананың мекемесі Қапшағайда орналасады. Сонымен қатар, ойын бизнесін су астындағы субмариндерге де көшіруге болады. Ойын бизнесіне қолайлы үшінші жол - интернет» деп жазды «Литер» газеті.