Сонымен, Ющенко мен Янукович арасындағы теке-тірес өзінің ең шарықтау шегіне жетіп тұр. «Азаттық» радиосының талдаушысы бұл тығырықтан шығудың жолдары қарастырылмаса, украиндықтар көшелерге шығып, наразылық шерулеріне жалғасады, елде саяси және әлеуметтік дағдарыс етек алады деп санайды.
Өткен аптада ондаған оппозициялық депутат коалиция жасақтау барысында Конституцияны бұзды деп бағалаған президент Парламентті таратып, жаңадан сайлау өткізу туралы жарлық берді. Ол өзгерістер бойынша 450 орындық Жоғарғы радада үкіметті қолдайтын депутаттар санын 260-қа дейін өскен еді.
Ющенко егер мұндай сәтсіздікке өзінің Біздің Украина блогы мен Тимошенко блогынан тағы бір рет жол берілсе, Януковичтің парламенттік коалициясын кеңейтіп, оны конституциялық басымдыққа 300-ге дейін жеткізуі мүмкін деп қорыққан.
Егер ондай жағдай бола қалғанда Януковичтің коалициясы президенттік ветоны кері қағып, конституцияны өзгертуге, тіпті президенттік билікті шектеп немесе оны жою қабілетіне ие болып шыға келер еді.
2004 жылы билік басына келгеннен бері шешімді қатаң қадамдар жасамайды деп сыналып келген Ющенконың парламентті тарату жөніндегі бұл шешімі осындай бағыттағы бірінші қадам болды. Ол теледидар арқылы сөйлеген сөзінде парламентті таратуға міндетті болғанын айтты.
- Менің бұл әрекетім елді оның егемендігін сақтап қалу, оның территориялық тұтастығын сақтау мен Украина конституциясына кепіл болу, украиндардың еркіндігі мен хұқын сақтау ниетінен туды. Мен бұл тек менің хұқым емес, осылай ету міндетім болғанын тағы да қайталап айтқым келеді.
Ющенко парламентті таратуға басты себеп болған бірқатар оппозициялық депутаттардың парламенттік көпшілік болып табылатын тарапқа қосылып кетуі деп атаған еді.
Дегенмен де украиндық кейбір комментаторлар Ющенконың парламентті таратуға деген негізгі себебі аса мықты емес деген пікірді де айтып қалды.
Олардың сөзіне қарағанда Украинада президент тек үш жағдайда ғана мерзімінен бұрын парламент сайлауын шақыра алады, ең бірінші, егер Жоғарғы рада өзінің алғашқы отырысынан кейін 30 күннің ішінде басымдықты құра алмаса, немесе 60 күннің ішінде жаңа кабинетті жасақтай алмаса және парламент сессиясына 30 күннің ішінде толықтай жинала алмаса деп атап көрсетеді олар.
Сонымен, Ющенко Жоғарғы Раданы тарату туралы қаулы қабылдау арқылы өзінің билігін асыра пайдаланып, шектен шықты ма, жоқ па?
2 сәуір күні бұл жөнінде Парламент спикері Олександр Мороздың күмәні болған.
- Жоғарғы рада өзінің барлық жауапкершілігін ала отырып, оны таратуға заңды негіз болмағандығын мәлімдейді. Парламентті барлық демократиялық талаптарға сәйкес халық сайлаған болатын, оны украиндық және халықаралық ұйымдар және президенттің өзі де мойындаған болатын, - деді ол.
Кеше түні бойы жалғасқан Парламенттің төтенше сессиясында депутаттар халыққа арнаған үндеу қабылдап, Ющенконың жарлығын мемлекеттік төңкеріске бастайтын қадам деп атады.
Олар сондай-ақ-тағы да екі шешім қабылдады. Оның бірі, 2004 жылы құрылған Орталық сайлау комиссиясын таратып, екіншісінде мерзімінен бұрын сайлау өткізуді қаржыландыруға жол берілмесін деген құжат қабылдап үлгерген.
Мұның сыртында бүгін билік басындағы коалиция Ющенконың жарлығы бойынша, Конституциялық сотқа сұрау салған. Бірақ, Конституциялық сот бүгін толық құрамда жинала қоймаған.
Ал бұл аралықта Ющенконың Жоғарғы Раданы тарату жөніндегі бұйрығы президенттің ресми бюллетенінде жарияланды.
Бұл арада Украинадағы басты саяси ойыншылар үшін екі басты жол бар тәрізді, оның бірі Конституциялық соттың шешімін күту, ол аралықта халық көшеге шығып, шерулер мен демонстрацияларда, өздері үшін екі саяси тұлғаның қайсысы маңызды: Ющенко ме, болмаса Янукович пе, оны өздері шешер еді, бірақ бұндай жағдайда Украинаның батысы мен шығысы арасындағы тарихи бөлінушілік тереңдей түсері сөзсіз.
Ал енді екі жағы үшін де бұдан гөрі жақсырақ жол - ол мамыр айында жаңадан сайлау өткізу болар еді дейді сарапшылар.
Янукович министрлер кабинетінің төтенше мәжілісінде саяси дағдарыстан шығудың үшінші бір жұмбақ жолын ұсынды.
- Егер президент өз жарлығын ертең жарияласа да оның кері қайтарып алу мүмкіндігі бар. Мен үшінші таңдаудың қандай екенін ашық айтпаймын. Одан басқа жолдардың бәрі де Украинадағы жағдайды ушықтыра түсер еді, ал оған толықтай президент жауапты болады, - деп атап көрсетті.
Ал Януковичтің кабинетіндегі президенттің екі одақтасының біреуі қорғаныс министрі Анатолий Хриценко егер үкіметбасы президентпен арадағы теке-тіресте күш қолдану мүмкіндігін меңзеп отырса, ондай жағдайда армияның кімді қолдайтындығын ашық айтты.
- Қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес, әскер тек қана оның бас қолбасшысының, демек Ющенконың бұйрығын орындайтын болады.
Сонымен, Украинадағы қазіргі қалыптасқан жағдай қандай жолмен шешілетініне қарамастан, украиндықтардың тағы бір саяси қызу науқан алдында тұрғаны байқалады.