Қазақстанның Австриядағы елшісі Рахат Әлиев пен «Нұрбанктің» бұрынғы төраға орынбасарының зайыбы Армангүл Қапашева арасындағы азаматтық сот бейбіт келісіммен аяқталуы мүмкін екендігі туралы мақала «Время» газетінде жарық көріпті. «Армангүл Қапашеваның жаңа адвокаты Андрей Деркунскийдің айтуынша, жауап беруші жақ бейбіт келісім мүмкіндігін қарастырып жатыр» делінген мақалада. «Сәуірдің 4-күні сөз болып отырған іс бойынша сот отырысы басталмай жатып аяқталды. Қапашеваның жаңа адвокаты тыңдауларды кейінге қалдыруын сұраған болатын. Ал бұған дейінгі сот отырыстарына жауап берушінің өзі келген жоқ. Оның мүддесін қорғаушы Андрей Деркунскийдің айтуынша, сәуірдің 17-күні өтетін келесі сот отырысында екі жақ бейбіт бітімге келуі мүмкін» деп жазды «Время» газеті.
«Жас Алаш» газеті болса «Алтынбек Сәрсенбайұлының есімін беруге не кедергі?» деген сұраққа жауап іздепті. «Нағыз Ақ жол» партиясы мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының есімін Райымбек ауданындағы Сарыжаз орта мктебіне де беру туралы мәселе көтерген-ді. Өкінішке орай, бұл ұсыныс құзырлы органдар тарапынан қолдау таппай отыр» делінген мақалада. «Ұсынысты аудандық ономастика кеңесі де, облыстық ономастикалық комиссия да қанағаттандырмаған. Олар үкіметтің қаулысымен бекітілген ономастикалық жұмыс туралы тұжырымдаманы алға тартады. Бұл тұжырымдамада көше немесе мектеп аттарын беру азаматтардың қайтыс болғанына бес жыл толған жағдайда ғана берілетіндігі айтылған. Алайда, «қатаң тиым салынады» деп кесіп-пішіп жазылған сөз жоқ, тек «ұсынылады» деп қана көрсетілген» деп түйіндейді «Жас Алаш» газеті.
Қазақстанның саяси аренасы осы жылы қайта жандана бастағандығы туралы мақала «Түркістан» газетінде жарық көріпті. «Былайғы жұртқа Қазақстанның саяси партиялар жүйесі әркелкіліктен біркелкілікке ауыса бастағандай. «Нұр-Отан» партиясының тегеуріні баяғы кеңестік жүйедегі Коммунистік партияның тегеурінін елестетеді» делінген мақалада. Мақала авторының пікірінше, «Нұр-Отан» билік атын жамылған, партиялық бет-бейнесі анық емес, жаңа бір әкімшілік жүйе секілді. «Биліктегі, мемлекеттік қызметтегі және мұғалім мен дәрігердің «Нұр-Отанға» мүше есемсін тауып көру мүмкін емес болар. Сондай-ақ, партияның облыстық, қалалық филиалдарын сол облыстың, қаланың бірінші немесе екінші басшысы басқарады» делінген мақалада. Сонымен қатар, «Түркістан» алдағы мәслихат және мәжіліс сайлаулары ескі сценарий бойынша өтеді деген болжам жасап отыр. «Демек, бұл сценарийлердің барлығы 2012 жылғы президент сайлауына деген дайындықтың басы. Ал, 2012 жылы саяси биліктің ауыса қоюы да неғайбыл» деп жазды «Түркістан» газеті.
Бұл уақытта оппозициялық партиялар сайлау комиссиясының құрамына наразы екендігі «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайтында баяндалған. Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармақан Тұяқбайдың пікірінше, Алматы қалалық мәслихатына сайлаудың қорытындысы - биліктің барлық аймақтардағы сайлау процесін бақылауға алу науқанының бастамасы ғана» делінген мақалада. «Алматы қаласы сайлау комиссиясының жаңа мүшелерін сәуірдің 3-күнгі сайлау қорытындысында оппозициялық партиялар 821 орынның 17-не ғана ие болған. Яғни, жалпы көрсеткіштің 0,7 пайызы ғана. Сайлау қорытындыларына Жармақан Тұяқбаймен қатар «Нағыз Ақ жол» партиясының басшылары да наразылық білдіріп отыр» деп жазды «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайты.
«Айқын» басылымы болса Парламентті партиялық тізіммен сайлау «түрлі-түсті» елдердегідей қауіп әкелуі мүмкін бе деген сауалға жауап іздепті. Осы сауалға өз пікірін білдірген саясаттанушы Әзімбай Ғали партиялық тізім әзірше 25 пайыздан аспауы керек дегенді айтыпты. Бізде биліктік партиялардан бастап радикалды оппозицияларға дейін авторитарлық принципке құрылған, ішкі демократияны әлі көрсете алмай отыр. Демократияға ұлттық үрдістерді реттеп алмай, қадам басуға болмайды дейді Әзімбай Ғали. Ал «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім партиялық тіліммен сайлау өткізуден қауіп көріп отырған жоқ. Себебі, қазіргі кездегі партия жүйесі сайлау бола қалатын болса, биліктік партия емін-еркін айқын басымдыққа қол жеткізуі мүмкін. Ал партиялық тізімге дайын дейтіндей оппозициялық партиялардың басы біріге қоятын әдетін көріп отырған жоқпыз дейді Дос Көшім. Бұл пікірді саясаттанушы Камал Бұрханов та қолдап отыр. Өйткені біздің ерекшелігіміз - күшті Президенттік республика болып есептелеміз. Президенттік басқару формасын сақтай отырып, Парламенттің кәсібилігін арттыру мақсатында оның өкілеттігін ұлғайтамыз. Сондықтан да Парламенттегі кішігірім оқиғалар бәлендей әсер ете қоймайды деп жауап беріпті Камал Бұрханов «Айқын» газетінің сауалына.